Жауабы: «Филео» «сүйемін» және «софия» «даналық» деген сөздерден



Дата25.05.2023
өлшемі41,04 Kb.
#97156

1. «Философия» сөзі гректің қандай сөздерінен құралған?
Жауабы: «Филео» – «сүйемін» және «софия» – «даналық» деген сөздерден
2. «Философия» сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағына береді?
Жауабы: даналыққа құштарлық
3. Философия не туралы ғылым?
Жауабы: табиғат, қоғам және адам ақыл-ойы дамуының жалпы заңдылықтары туралы ғылым
4. Дүниетаным дегеніміз не?
Жауабы: адамның дүниеге деген қатынасын бейнелейтін және оның іс-әрекеттерін айқындайтын көзқарастар жүйесі
5. Дүниетанымның тарихи типтері:
Жауабы: мифология, дін, философия
6. Түрлі табиғи және әлеуметтік құбылыстарды олардың желеп-жебеушілері болып табылатын жаратылыстан тыс күш иелерінің әрекеттері арқылы түсіндіретін, өзінің біртұтастығымен, синкреттілігімен сипатталатын, адамдар білімдерінің алғашқы белгілерін қамтитын дүниетанымның алғашқы тарихи түрі:
Жауабы: мифология
7. Дүниедегі табиғи және әлеуметтік құбылыстарды ең жоғарғы жаратылыстан тыс күш иесі - құдайдың құдіреті арқылы түсіндіретін және сенімге негізделген дүниетанымның тарихи түрі:
Жауабы: дін
8. Дүниені және ондағы құбылыстар мен қатынастарды дүниенің өз заңдылықтары бойынша түсіндіретін және білімге негізделген дүниетанымның түрі:
Жауабы: философия
9. Болмыс туралы философиялық ілім қалай аталады?
Жауабы: Онтология
10. Таным туралы философиялық ілім қалай аталады?
Жауабы: Гносеология
11. Ойлаудың заңдары мен ережелерін қарастыратын философияның құрамдас бөлігі:
Жауабы: Логика
12. Құндылықтар туралы философиялық ілім қалай аталады?
Жауабы: Аксиология
13. Табиғатты зерттеумен айналысатын философияның құрамдас бөлігі:
Жауабы: Натурфилософия
14. Адам мәселесін зерттеумен айналысатын философиялық ілім:
Жауабы: Антропология
15. Адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін қағидалар, ережелер мен нормалардың жиынтығы болып табылатын моральді зерттеумен айналысатын философияның құрамдас бөлігі:
Жауабы: Этика
16. Адамды қоршаған объективтік дүниені көркем образдар арқылы бейнелейтін, өнерді және оның түрлерін зерттеумен айналысатын философияның құрамдас бөлігі:
Жауабы: Эстетика
17. Адамның дүниеге деген қатынасы мен көзқарастар жүйесін қалыптастыратын философияның атқаратын қызметі:
Жауабы: дүниетанымдық
18. Ғылыми білімнің әдістемелік тұрғыдан белгілі философиялық көзқарастарға, философиялық принциптер мен категорияларға негізделетінін көрсететін философияның функциясы (атқаратын қызметі) :
Жауабы: методологиялық
19. Материализм дегеніміз не?
Жауабы: материяны, табиғатты, заттар дүниесін алғашқы, ал сананы, ақыл-ойды, идеяны екінші деп мойындайтын философиялық бағыт
20. Дуализм дегеніміз не?
Жауабы: дүниенің бір-бірімен тепе-тең екі: материалдық және рухани негізін қатар мойындайтын философиялық бағыт
21. Идеализм дегеніміз не?
Жауабы: сананы, ақыл-ойды, идеяны алғашқы, ал материяны, табиғатты, заттар дүниесін екінші деп мойындайтын философиялық бағыт
22. Объективтік идеализм дегеніміз не?
Жауабы: объективті идеяны, әлемдік ақыл-ойды алғашқы деп мойындайтын идеализмнің түрі
23. Субъективтік идеализм дегеніміз не?
Жауабы: жеке адамның санасын, ақыл-ойын, түйсігін алғашқы деп мойындайтын идеализмнің түрі
24. Агностицизм дегеніміз не?
Жауабы: дүниені танып білу мүмкіндігін теріске шығаратын философиялық көзқарас (Агностици́зм — философская концепция, согласно которой мир непознаваем и люди не могут знать ничего достоверного о действительной сущности вещей; позиция религиозного агностицизма заключается в том, что люди не могут знать ничего достоверного о Боге)
25. Ежелгі Үнді философиясының канондық ілімдері бейнеленген кітаптар:
А) упанишадалар (осы болуы керек)
В) араньяктар
С) самхиттер
Е) Дхаммапада
26. Джайнизм ілімінің негізін салушы:
Махавира Вардхамана
27. Джайнизм іліміндегі ахимса принципінің мәні:
тірі жан атаулыға қиянат жасамау
28. Буддизм ілімінің негізін салған ойшыл:
Сиддхартха Гаутама
29. «Төрт ізгілікті ақиқат» ежелгі Үнді философиясының қай ілімінде қарастырылған?
буддизмде
30. Будда іліміндегі адамның ерекше, рухани кемелдену сатысына жеткендігін білдіретін ұғым:
нирвана

31. Будда ілімінде нирвана сатысына жету үшін адамның ұстануы тиіс жолы қалай аталады?


азаптан құтылудың сегіздік жолы
32. Будда ілімінде адам жанының өлген соң басқа денеге үздіксіз ауысып отыруы жайындағы түсінік қалай аталады?
сансара

33. Будда ілімінде адамның бұл дүниеде істеген іс-әрекеті үшін берілетін ізгі баға немесе жазадан қашып құтыла алмайтындығы жайлы заң (қағида) қалай аталады?


карма

34. Ежелгі Үнді философиясындағы дүниенің төрт бастамадан: жер, су, от, ауадан тұратындығы жайлы ілім:


чарвака (локаята)
35. Чарвака мектебінің өкілдері адам бақытын қалай түсіндіреді?
сезімдік ләззатқа бөлену
36. Философияда адам бақытын сезімдік құштарлыққа берілу деп түсіндіретін көзқарас:
гедонизм

37. Ежелгі Қытайдағы философиялық мектептер:


даосизм, конфуцийшылдық, легизм, моизм, инь-ян мектебі, атаулар мектебі
38. Ежелгі Қытай философиясының негізгі белгілері:
Практикалық және саяси мазмұнының басымдылығы
39. Конфуций ілімі бойынша, жер бетінде әділеттілік болуын қадағалап отыратын дүниедегі ең жоғарғы жаратушы күш:
Көк Аспан
40. Ежелгі Қытай философиясындағы қай ойшылдың ілімі «Өзіңе қаламаған нәрсені басқаға жасама» деген моральдық қағидаға негізделген?
Кун Фу-цзы
41. Конфуций этикасының негізгі ұғымы:
жэнь (адамсүйгіштік)
42. Конфуцийдің іліміндегі сяо принципі қандай мағынаны білдіреді?
баланың әдептілігі және үлкендерді құрметтеуді
43. Конфуций ілімінің этикалық идеалы – әдептілік қағидаларын басшылыққа алып іс-әрекет жасайтын және елдің қамын ойлайтын, халықты басқаруға лайықты адам:
текті адам
44. Конфуций философиясындағы «чжун юн» ұғымының мағынасы:
А) Алтын орта
45. «Адамның табиғаты тек жақсылықтан жаралған» деп тұжырым жасаған Ежелгі Қытай ойшылы:
А) Мэн-цзы
46. «Адамдар табиғатынан зұлым, қызғаншақ, дүниеқоңыз болып туады. Тәрбие арқылы адамдарды адамгершілікке баулып, оның табиғатын өзгертуге болады» деп пікір айтқан Ежелгі Қытай ойшылы:
А) Сюн-цзы
47. Ежелгі Қытай философиясындағы «жол» деген ұғымды білдіретін термин:
А) Дао

48. Ежелгі Қытай философиясындағы даосизм мектебінің негізін қалаған және «Кәрі дана» деген атқа ие болған ойшыл:


А) Лао-цзы
49. Ежелгі Қытай философиясындағы «инь» мен «ян» ұғымдарының мағынасы:
А) әйелдік (аналық) және еркектік (аталық) негіздер
50. Ежелгі Қытай натурфилософтары дүниені қандай алғашқы бес элементтен тұрады деп санады?
А) жер, су, от, ағаш, металл
51. «Мемлекетті тек қана заңға сүйеніп басқаруға болады, ал мейірімділік пен адамгершілік – қылмысқа апаратын бірден-бір жол, шын қайырымдылық өзінің бастамасын жазалаудан алады» деген ұстанымды басшылыққа алған Ежелгі Қытайдың философиялық мектебі:
А) заңгерлер мектебі- жауабы
В) инь-ян мектебі
С) конфуцийшылдық
D) даосизм
Е) атаулар мектебі
52. Заңгерлер мектебінің негізгі ұғымы:
А) фа (заң) - жауабы
В) ци (энергия)
С) жэнь (адам сүйгіштік)
D) дао (жол)
Е) ли (рәсім)
53. Ежелгі грек философиясындағы Милет мектебінің өкілдері:
А) Фалес, Анаксимандр, Анаксимен-жауабы
В) Гераклит, Эмпедокл, Анаксагор
С) Ксенофан, Парменид, Зенон
D) Пифагор, Мелисс, Аристипп
Е) Сократ, Платон, Аристотель
54. Фалестің ілімі бойынша дүниенің алғашқы бастамасы:
А) су-жауабы
В) атом
С) ауа

D) жер
Е) апейрон


55. Анаксимандрдың ілімі бойынша дүниенің алғашқы бастамасы:
А) апейрон -жаубы
В) су
С) атом

D) ауа
Е) от

56. Анаксимен бойынша дүниенің бастамасы:
А) ауа-жауабы
С) апейрон
D) атом

Е) от
57. «Бәрі де ағады, бәрі де өзгереді. Тіпті бір өзенге екі рет кіруге болмайды» деп айтқан, дүниенің түпнегізі от деп санаған және өзінің терең ойлары үшін «Тұңғиық» деп аталған Эфес қаласынан шыққан ежелгі грек философы:


А) Гераклит-жауабы
В) Зенон

C) Сократ


D) Платон
Е) Демокрит
58. Ежелгі грек ойшылдарының қайсысы бәрінің бастамасы сандар деп санады?
А) Пифагор-жауабы
В) Сократ
С) Аристотель
D) Гераклит
Е) Анаксагор
59. «Адамдар өз бейнесіне қарап, құдайларды жаратады» деп айтқан Элея мектебінің негізін қалаушы ежелгі грек философы:
А) Ксенофан-жауабы
В) Гераклит
С) Парменид
D) Демокрит
Е) Пифагор
60. Ежелгі грек философиясындағы болмыс туралы ілімнің негізін қалаған ойшыл:
А) Парменид-жауабы
В) Гераклит
С) Демокрит
D) Платон
Е) Аристотель
61. «Дихотомия», «Ахиллес тасбақаға жете алмайды», «Жебе» атты белгілі апориялардың авторы:
А) Элеялық Зенон-жауабы
В) Аристотель
С) Сократ
D) Китиондық Зенон
Е) Пифагор
62. Ежелгі грек философы Эмпедоклдың іліміндегі «заттардың төрт тамыры»: жер, су, от және ауаның бір-біріне қосылып, қайта ыдырауына себеп болатын екі әрекетшіл бастама:
А) сүйіспеншілік пен жек көрушілік-жауабы
В) жек көрушілік пен қызғаныш
С) сүйіспеншілік пен құштарлық
D) құштарлық пен махаббат
Е) ұйқы мен өлім
63. Ежелгі грек философиясында дүниедегі барлық заттар өте майда бөлшектер – атомдардан тұрады және олар бір-бірінен өздерінің көлемі, формасы және кеңістіктегі орнына қарай ерекшеленеді деп санаған ойшыл:
А) Демокрит-жауабы
В) Гераклит
С) Сократ
D) Платон
Е) Пифагор
64. Б.д.д. V ғасырда ежелгі грек философиясында «әркімнің өз ақиқаты бар, кімге не пайдалы, тиімді болса – соны ақиқат, дұрыс деп қабылдау керек» деген қағиданы насихаттаған «даналыққа үйретушілер»:
А) Софистер-жауабы
В) Физиктер
С) Элеаттар
D) Киниктер
Е) Орфиктер
65. Ежелгі грек философиясында «Адам – барлық заттардың өлшемі» деп айтқан софист:
А) Протагор-жауабы
В) Горгий
С) Сократ
D) Эмпедокл
Е) Продикт
66. Ежелгі грек философиясында софистердің «әркімнің өз ақиқаты бар» деген релятивистік көзқарасына қарсы шығып, «барлық адамға ортақ объективтік ақиқат бар» деп санаған ойшыл:
А) Сократ-жауабы
В) Протагор
С) Гераклит
D) Платон
Е) Анаксагор
67. Антика заманында алғаш рет адам мәселесін философияның басты мәселесі ретінде көтерген және өзінің ойларын диалог (сұхбат, әңгімелесу) тәсілімен насихаттаған философ:
А) Сократ-жауабы
В) Аристотель
С) Платон
D) Анахарсис
Е) Зенон
68. Сократтың философиялық қағидасы:
А) Өзіңді өзің танып біл!-жауабы
В) Құдайды құрметте!
С) Адамды бағалай біл!
D) Табиғатты қастерле!
Е) Қоғамға билік жүргіз!
69. «Идеялар дүниесі – алғашқы және мәңгілік, ал заттар дүниесі – уақытша, өткінші» деп санаған ежелгі грек философы:
А) Платон-жауабы
В) Аристотель
С) Демокрит
D) Гераклит
Е) Парменид
70. Өзінің идеалды мемлекет туралы ілімін «Мемлекет» атты саяси-философиялық шығармасында баяндаған және «Мемлекетті философтар басқару керек» деп санаған ежелгі грек философы:
А) Платон- жауабы
В) Сократ
С) Диоген
D) Эпикур
Е) Протагор
71. Дүниені материя мен форманың арақатынасы арқылы түсіндірген ежелгі грек философы:
А) Аристотель-жауабы
В) Демокрит
С) Эпикур
D) Анаксагор
Е) Платон
72. Ежелгі грек философиясында «адамның ең дұрыс іс-әрекеті – шегінен шыққан екі іс-әрекеттің дәл ортасы, ол – алтын орта» деп санаған ойшыл:
А) Аристотель- жаубы
В) Платон
С) Эпикур
D) Анаксагор
Е) Демокрит
73. «Тағдырдың жазғанын қасқайып, ерлікпен қарсы ала білу керек. Өйткені тағдыр көнгенді жетектейді, ал көнбегенді сүйрелейді» деп санаған эллинизм дәуірінің философиялық мектебі:
А) Стоиктер мектебі- жауабы
В) Эпикуршылдар мектебі
С) Скептиктер мектебі
D) Киренаиктер мектебі
Е) Киниктер мектебі
74. Демокрит атомдар көлемі, формасы және кеңістіктегі орнына қарай ерекшеленеді деп санаса, ал сонымен қоса атомдар салмағымен де ерекшеленеді деп санаған эллинизм дәуірінің ойшылы:
А) Эпикур- жауабы
В) Девон

С) Аристотель


D) Эвклид
Е) Сипони
75. Ежелгі Рим дәуірінде Платонның ілімін жаңғырту негізінде пайда болған философиялық мектеп:
А) Неоплатонизм мектебі - жауабы
В) Киниктер мектебі
С) Скептиктер мектебі
D) Эпикуршылдар мектебі
Е) Стоиктер мектебі
76. Орта ғасырлар философиясына тән ерекшелік:
Жауабы: теоцентризм
77. Құдайдың дүниені жоқтан бар қылып жаратқандығы жайлы діни ілім:

Жауабы: креационизм


78. Дүние жаратылғаннан ақырзаманға дейінгі болатын барлық іс-әрекеттерді алдын-ала белгілеп қойған құдайдың көрегендігі жайлы діни ілім:
Жауабы: провиденциализм
79. Ортағасырлық европалық философияның негізгі кезеңдері:

Жауабы: Патристика және схоластика


80. Ортағасырлық европалық философиядағы патристика ілімі қандай ілім болды?
Жауабы:шіркеу әкейлерінің ілімі
81. «Құдай қаласы» атты шығарма жазған патристика ілімінің көрнекті өкілі:

Жауабы: Августин Аврелий


82. VIII-XV ғасырлар аралығында дамыған ортағасырлық христиандық философия:

Жауабы:Схоластика


83. Ортағасырлық схоластикадағы жалпы ұғымдардың табиғаты жайлы айтыс нәтижесінде пайда болған негізгі екі бағыт:

Жауабы: номинализм және реализм


84. Орта ғасырлық схоластикада жалпы ұғымдар тек адамның жеке заттарға қойған атауы ретінде ғана өмір сүреді деп санайтын көзқарас:

Жауабы: номинализм


85. Орта ғасырлық схоластикада жалпы ұғымдарды ақиқат болмысқа ие, олар жеке заттардан тыс, дербес түрде өмір сүреді деп мойындайтын көзқарас:

Жауабы: реализм


86. Номинализм мен реализмнің арасындағы жалпы ұғымдардың сипаты туралы айтысты шешуге зор үлес қосқан және Аристотельдің ілімін католиктік дін іліміне бейімдеп дамытқан ортағасырлық схоластиканың көрнекті өкілі::

Жауабы: Фома Аквинский


87. Орта ғасырлық мұсылман философиясының пайда болуына әсер еткен алғышарттар: Жауабы: Ислам діні және Платон мен Аристотельдің философиясы

88. Орта ғасырлық араб-мұсылман философиясының алғашқы өкілі:


Жауабы: Әл-Кинди
89. Орта ғасырлық мұсылман философиясындағы шығыс перипатетизмі бағытының сипаты: Жауабы: Аристотельдің ілімі негізінде пайда болған бағыт

90. Орта ғасырлық шығыс перипатетизмінің өкілдері: Жауабы: Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ибн-Сина, Ибн-Рушд


91. Аристотель еңбектерін араб тіліне аударып, оған түсініктемелер жазған қазақ жерінен шыққан орта ғасырлық әйгілі философ: Жауабы: Әл-Фараби

92. Медицина саласында орасан зор табыстарға қол жеткізген және «Медицина ғылымдарының каноны» атты еңбек жазып қалдырған ортағасырлық шығыс перипатетизмінің көрнекті өкілі: Жауабы: Ибн Сина


93. Мұсылмандық Испанияда өмір сүрген ортағасырлық ойшыл, «Қос ақиқат» теориясының авторы: Жауабы: Ибн-Рушд

94. Орта ғасырлық араб тілдес философиядағы рухани кемелденуді мақсат еткен және тақуалық өмірді уағыздаған мистикалық бағыт: Жауабы: суфизм


95. Суфизм іліміндегі рухани кемелдену және дін талаптарын шын жүректен орындау жолы: Жауабы: Тариқатт

96. Сопылық ілімдегі рухани кемелденудің сатылары: Жауабы: шариғат, тариқат, мағрипат, хақиқат


97. Қайта өрлеу дәуірі философиясына тән ерекшеліктер: Жауабы: антропоцентризм және гуманизм
98. «Гуманизм» ұғымы нені білдіреді? Жауабы: адамшылық – адамға деген сүйіспеншілік

99. Қайта өрлеу дәуіріндегі гуманизмнің мағынасы: Жауабы: Адамның құндылығы, оның құқығы мен абыройы туралы ілім


100. Құдайды табиғатпен тең санап, табиғатты құдайдың бейнесі деп танитын философиялық бағыт: Жауабы: Пантеизм

101. Қайта Өрлеу дәуірі ойшылдарының қайсысы «барлық қарама-қарсылықтар Құдайда дәлме-дәл келіп қосылады» деген ойды айтқан?


А) Николай Кузанский-✅
В) Ленардо да Винчи
С) Мишель Монтень
D) Пико делла Мирандола
Е) Джордано Бруно
102. Дүниенің гелиоцентрлік жүйесінің негізін қалаған Қайта өрлеу дәуірі философиясының көрнекті өкілі:
А) Николай Коперник✅
В) Леонардо да Винчи
С) Николай Кузанский
D) Галилео Галилей
Е) Джордано Бруно
103. «Кеңістікте шексіз көп әлемдер бар, ал Күн – тек біздің әлемнің орталығы» деп санаған Қайта өрлеу дәуірінің ойшылы:
А) Джордано Бруно✅
В) Ленардо да Винчи
С) Николай Коперник
D) Галилео Галилей
Е) Николай Кузанский
104. Николай Коперник пен Джордано Бруноның ілімдерін одан әрі қарай дамыта отырып, «Жер Күнді және сонымен бірге өз осін айнала қозғалыста болады» деп пікір айтқан Қайта өрлеу дәуірінің ғалымы:
А) Галилео Галилей✅
В) Ленардо да Винчи
С) Николай Коперник
D) Джордано Бруно
Е) Николай Кузанский
105. Қайта Өрлеу дәуірі кезінде Ибн Рушдтың «қос ақиқат» теориясына қарсы шығып, «екі бірдей ақиқаттың болуы мүмкін емес, дүниеде жалғыз ғана ақиқаттың болуы мүмкін, ол – ғылым ақиқаты» деп пікір айтқан ойшыл:
А) Леонардо да Винчи✅
В) Николай Коперник
С) Джордано Бруно
D) Галилео Галилей
Е) Николай Кузанский
106. Қайта өрлеу дәуірінде зайырлы мемлекет және оны басқарудың жолдары мен әдіс-тәсілдері жайлы «Билеуші» атты шығарма жазған ойшыл:
А) Макиавелли✅
В) Спиноза
С) Коперник
D) Ньютон
Е) Галилей
107. Эмпиризмнің негізгі қағидасы:
А) адамның барлық білімі тәжірибеге негізделген;✅
В) танымның ең жоғарғы түрі – интуиция;
С) құдайдың аян беруі танымның қайнар көзі болып табылады;
D) дүниені танып-білуге болмайды;
Е) зерде дүниені танып-білудің негізгі қайнар көзі болып табылады.
108. Орта ғасырлық схоластиканың қағидаларына қарсы шыға отырып, «барлық білімдер тәжірибе арқылы дәлелденуі тиіс, дәлелденбеген білім жалған» деп пікір айтқан эмпиризмнің негізін қалаушы:
А) Фрэнсис Бэкон✅
В) Джон Локк
С) Рене Декарт
D) Томас Гоббс
Е) Давид Юм
109. Жаңа дәуір философиясында индукция әдісінің негізін қалаған және орта ғасырлық схоластиканың қағидаларына қарсы шыға отырып, «барлық білімдер тәжірибе арқылы дәлелденуі тиіс, дәлелденбеген білім жалған» деп пікір айтқан эмпиризмнің алғашқы өкілі:
А) Фрэнсис Бэкон✅
В) Рене Декарт
С) Томас Гоббс
D) Бенедикт Спиноза
Е) Джон Локк
110. Рационализм бойынша танымның қайнар көзі:
А) ақыл-ой✅
В) тәжірибе
С) түйсік
D) интуиция
Е) қабылдау
111. Жаңа дәуір философиясында таным саласында дедукция әдісін қолданған, адамның санасында «туа біткен идеялар» болады деп санаған және «Мен ойлаймын, демек мен өмір сүремін» деп айтқан француз ойшылы:
А) Рене Декарт✅
В) Джон Локк
С) Френсис Бэкон
D) Бенедикт Спиноза
Е) Томас Гоббс
112. Декарттың дедукциялық әдісінің мәні:
А) Жалпыдан жекеге қарай зерттеу✅
В) Сезімдік танымнан рационалдық танымға өту
С) Нақтыдан абстрактіліге қарай зерттеу
D) Тәжірибеден теорияға өту арқылы логикалық тұжырым жасау
Е) Жекеден жалпыға қарай зерттеу
113. Жаңа дәуір философиясының қай өкілі адамның санасында «туа біткен идеялар» болады деп санады?
А) Рене Декарт✅
В) Готфрид Лейбниц
С) Френсис Бэкон
D) Томас Гоббс
Е) Бенедикт Спиноза
114. «Мен ойлаймын, демек мен өмір сүремін» деп айтқан Жаңа дәуір философиясының өкілі:
А) Декарт✅
В) Гераклит
С) Аристотель
D) Фалес
Е) Демокрит
115. Пантеистік көзқарасты ұстана отырып, табиғатты жаратушы ретінде құдаймен тең және бір ғана басты субстанция деп санаған Жаңа заман философы:
А) Бенедикт Спиноза✅
В) Рене Декарт
С) Френсис Бэкон
D) Готфрид Лейбниц
Е) Томас Гоббс
116. «Левиафан» атты еңбегінде мемлекеттің пайда болуын адамдардың өз-өзін қорғау үшін бір-бірімен қақтығысын тоқтату мақсатында қоғамдық келісімге келудің нәтижесі деп түсіндірген Жаңа заман философы:
А) Томас Гоббс✅
В) Рене Декарт
C) Френсис Бэкон
D) Готфрид Лейбниц
Е) Бенедикт Спиноза
117. Жаңа дәуір философиясында монадалар туралы ілім – монадологияның негізін қалаған ойшыл:
А) Лейбниц✅
В) Локк
С) Гоббс

D) Юм
Е) Беркли


118. Жаңа заман философиясындағы таным теориясында түйсікті танымның шын мәніндегі негізгі қайнар көзі деп қарастыратын ілім:
А) Сенсуализм✅
В) Рационализм
С) Эмпиризм
D) Солипсизм
Е) Агностицизм
119. Егер Френсис Бэкон білім сезімдік тәжірибеден шығады деген болса, оған қосымша тәжірибенің өзі сезімдік түйсінулер арқылы қалыптасқан деп пікір айтқан, сенсуализмнің негізін қалаушы ағылшын философы:
А) Джон Локк✅
В) Давид Юм
С) Джордж Беркли
D) Рене Декарт
Е) Бенедикт Спиноза
120. Жаңа заман философиясындағы субъективтік идеализм бағытын ұстанған ағылшын философтары:
А) Джордж Беркли, Давид Юм✅
В) Френсис Бэкон, Готфрид Лейбниц
С) Томас Гоббс, Джон Локк
D) Рене Декарт, Френсис Бэкон
Е) Бенедикт Спиноза, Давид Юм
121. Бүкіл әлемді біздің санамызға құдай сіңірген түйсіктер кешені деп қарастырған Жаңа заман философы:
А) Джордж Беркли✅
В) Джон Локк
С) Давид Юм
D) Рене Декарт
Е) Бенедикт Спиноза
122. Ағартушылық философиясында қоғам дамуының шешуші күші ретінде не танылады?
А) ағартушылық, білім✅
В) экономика, ғылым
С) мәдениет, өнер
D) республика және парламент
Е) философия, мәдениет
123. XVIII ғасырдағы әйгілі француз ағартушылары:
А) Вольтер, Жан Жак Руссо, Шарль Луи Монтескье✅
B) Жан Жак Руссо, Томас Гоббс, Джон Локк
C) Шарль Луи Монтескье, Рене Декарт, Френсис Бэкон
D) Фрэнсис Бэкон, Томас Гоббс, Джон Локк
E) Томас Гоббс, Джордж Беркли, Давид Юм
124. Таным теориясында алғаш рет объектіні емес, субъектіні және оның танымдық қабілетін зерттеу мәселесін көтерген неміс классикалық философиясының өкілі:
А) Иммануил Кант✅
В) Иоганн Готлиб Фихте
С) Фридрих Шеллинг
D) Людвиг Фейербах
Е) Георг Вильгельм Гегель
125. Иммануил Канттың таным теориясының өзіндік белгісі:
А) агностицизм✅
В) монизм
С) эмпиризм
D) скептицизм
Е) сенсуализм
126. Кант философиясындағы «өзіндік зат» ұғымы нені білдіреді?
Жауабы:заттардың ішкі мәнін
127. Адамдарға тәжірибеге дейін және тәжірибеден тыс берілген берілген білімдерді Иммануил Кант өз философиясында қалай атайды?

Жауабы: априори


128. Кант философиясындағы «үзілді-кесілді императив» ұғымы нені білдіреді?

Жауабы: әрқашанда адамгершілікке сай әрекет ету талабын білдіретін міндетті қағида


129. Фридрих Шеллинг қай философиялық ағымның өкілі болып табылады?

Жауабы: Объективті идеализм


130. «Абсолюттік идеяны» барлық заттардың мәні мен алғашқы негізін құрайтын субстанция деп тұжырымдаған философ:

Жауабы: Гегель


131. Гегель философиясының құрамдас бөліктері:
Жауабы: Логика, табиғат философиясы, рух философиясы
132. Гегельдің абсолюттік идеясының дамуы неден басталады ?

Жауабы: Ойлаудан


133. «Логика ғылымы» атты шығармасында болмыстың идеалды негізі мен оның өзіндік даму тәсілдерін ашып көрсеткен қай философ?
Жауабы: Гегель
134. Гегель философиясының үштік жүйесі – триаданың құрамдас бөліктері:

Жауабы: тезис, антитезис, синтез


135. Людвиг Фейербах өзінің философиясын қалай атайды?
Жауабы: антропология
136. Фейербахтың материализмін қалай сипаттауға болады?
Жауабы: метафизикалық материализм
137. Маркстік философияның теориялық негізі:
Жауабы: неміс классикалық философиясы
138. Карл Маркс қандай философияның негізін қалады?
Жауабы: диалектикалық материализм
139. Маркстік философияның қоғам өміріне байланысты қағидасы:
Жауабы: тарихты материалистік тұрғыдан түсіну
140. Маркстің ілімі бойынша тапсыз, әділетті қоғам қалай аталады?
Жауабы: коммунизм
141. «Славянофилдер» ағымы нені жақтайды ?
Жауабы: Ресейдің тарихи дамуының өзіндік ерекше жолы бар екенін қолдайды
142. Славянофилдердің пікірі бойынша Россияның тарихи болмысының негізін не құрайды?
Жауабы: православие діні мен адамдар өмірінің қауымдық сипаты
143. Ресейдегі ХІХ ғасырдағы славянофилдер бағытының өкілдері:
Жауабы: Хомяков А.С., Киреевский И.В., Самарин Ю.Ф., ағайынды Аксаковтар
144. Ресейдегі ХІХ ғасырдағы батысшылдар бағытының өкілдері:
Жауабы: Боткин А.П., Анненков П.В., Кавелин К.Д., Дружинин А.В.
145. ХІХ ғасырдағы орыстың революцияшыл демократтары:

Жауабы: Герцен А.И., Белинский В.Г., Чернышевский А.Г., Добролюбов Н.А.


146. Орыс діни философиясында құдайға деген сүйіспеншілік негізінде адамдардың бірігуі және әдептілік құндылықтарды құрметтеуді бейнелейтін ұғым:

Жауабы: соборлық


147. «Ақиқатты танып білу үшін қайғы-қасірет шегу керек» деп айтқан ХІХ ғасырдағы орыстың діни философы:

Жауабы: Федор Достоевский


148. Орыс философтарының қайсысы «Зұлымдыққа күшпен қарсылық көрсетпеу» қағидасын уағыздады?
Жауабы: Лев Толстой
149. XIX ғасырдың аяғында – XX ғасырдың басында орыс философтарының қайсысы «Жалпының бірлігі жайындағы» философияның негізін қалады?
Жауабы: Владимир Соловьев
150. Владимир Соловьевтың антропологиялық концепциясы бойынша адамның басқа жануарлардан айырмашылығы неде?
Жауабы: Ұждандық сезім
151. XIX ғасырдағы иррационализм өкілдері:
А) Шопенгауер, Кьеркегор, Ницше
152. Ақыл-ойдың орнына ерік-жігер идеясын алға тартқан философ:
А) Артур Шопенгауэр
153. Шопенгауэрдің пікірі бойынша әлемнің негізінде не жатады?
А) әлемдік ерік
154. ХІХ ғасырдағы «аса күшті адам» (сверхчеловек) идеясының негізін қалаған философ:
А) Фридрих Ницше
155. Фридрих Ницшенің іліміндегі басты идеяны атаңыз:
А) аса күшті адам идеясы
156. Ницше философиясының негізгі ұғымын атаңыз:
А) билікке деген ерік
157. Философиядағы психоанализ теориясының негізін қалаған:
А) Зигмунд Фрейд
158. Зигмунд Фрейдтің философиясындағы негізгі ұғым:
А) бейсаналық
159. Зигмунд Фрейдтің психоанализ теориясы бойынша адам психикасының үш сатысы:
А) Мен, Жоғары Мен, Ол
160. Американдық прагматизмнің өкілдері:
А) Чарльз Пирс, Уильям Джемс, Джон Дьюи
161. Социология ғылымының негізін қалаған XIX ғасырдағы француз позитивисті:
А) Огюст Конт
162. «Позитивті ғылым өзіне өзі философия» деп айтқан:
А) Огюст Конт
163. Огюст Конт, Джон Стюарт Милль, Герберт Спенсер XIX ғасырдағы қай философиялық ағымның өкілдері?
А) Позитивизм
164. XIX ғасырда Батыс Еуропадағы позитивизм ағымының екінші даму кезеңі:
А) Эмпириокритицизм
165. Позитивизмнің эмпириокритицизм деген түрінің басты өкілдері кімдер болады?
А) Эрнст Мах пен Рихард Авенариус
166. Позитивизм нені «дұрыс, болымды» білімнің негізі деп санады?
А) ғылымды
167. Фома Аквинскийдің ілімін XX ғасырда жаңғыртқан бағыт:
А) Неотомизм
168. XX ғасырдағы қай философиялық ағымның басты категориялары «жалғыздық», «жаттану», «жауапкершілік», «үрей», «ажал», «түңілу» т.б. болып табылады?
А) Экзистенциализм
169. «Шекаралық жағдай» қай философиялық ағымға тән ұғым?
А) экзистенциализмге
170. Экзистенциализм үшін қандай мәселе басты болып табылады?
А) Тұлғаның бірегей болуы, бостандығы, жауапкершілігі
171. «Фундаментальді онтология» ілімін дамытқан неміс экзистенциализмінің негізін салушы:
А) Мартин Хайдеггер
172. Карл Ясперстің философиясындағы негізгі ұғым:
А) шекаралық жағдай
173. Жан Поль Сартрдың экзистенциалдық философиясындағы басты мәселе:
А) Бостандық және жауапкершілік
174. Неопозитивизмдегі танымның ақиқаттығын тексеру әдісі:
А) Верификациялау
175. Карл Поппер әрбір ғылыми білімді жоққа шығарудың мүмкіндігін мойындайтын қандай принципті алға қойды?
Жауабы: фальсификация принципін
176. Философиялық герменевтиканың негізгі мәселесі:
Жауабы: Қолжазбаның, мәтіннің мәнін түсіндіру және мағынасын ашу
177. Герменевтикалық шеңбердің авторы, герменевтика мәселесін дамытқан неміс философы:
Жауабы: Шлейермахер
178. ХХ ғасырдағы қай философ-жазушының шығармашылығында абсурд (сандырақ, танту) және өлім мәселелері қозғалады:
Жауабы: Альбер Камю
179. Скиф даласынан грек жеріне келіп, өзінің даналығымен жеті данышпанның бірі ретінде аты шыққан антикалық дәуірдің ойшылын атаңыз:
Жауабы: Анахарсис
180. Қазақтардың арғы тегі ІХ ғасырға дейін дүниедегі ең жоғарғы құдірет иесі ретінде кімді дәріптеген?
Жауабы: Тәңірі – Көк аспан
181. Ежелгі қазақтар ислам дініне дейін пәле-жаланы немен аластауға болады деп сенген?
Жауабы: отпен
182. Ислам дінін қабылдағанға дейін ежелгі қазақтар жаратылыстан тыс күш иелері: ата-бабалардың аруақтарымен, жын-шайтандармен кім тілдесе алады деп сенген?
Жауабы: бақсылар
183. Ертедегі түркілердің саяси тарихы мен әлеуметтік өмірі, дүниетанымы жайлы құнды деректерге ие, VІІІ ғасырда жазылған ертедегі түркі жазба ескеткіштерін атаңдар:
Жауабы: «Тоныкөк», «Күлтегін» ескерткіштері
184. ІХ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген және өлімнен қашып, мәңгілік өмір іздеген кемеңгер ойшыл кім?
Жауабы: Қорқыт
185. «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактаттың» авторы кім?
Жауабы: Әл-Фараби
186. Әл-Фараби этикасындағы басты категория:
Жауабы: бақыт
187. Ж.Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы басты кейіпкерлер:
Жауабы: Күнтуды, Айтолды, Өгдүлміш, Оғдұрмыш
188. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы басты төрт өлшемдік қағида:
Жауабы: әділет, бақ-дәулет, ақыл-парасат, қанағат-ынсап
189. Суфизмнің түркі тілдес философиядағы негізін салушы:
Жауабы: Йассауи
190. Йассауидің ұстазы:
Жауабы: Арыстан бап
191. Қожа Ахмет Йассауи өзінің діни-философиялық көзқарастарын қандай кітапта баяндайды?
Жауабы: «Диуани Хикмет»
192. Қожа Ахмет Йассауи өзінің философиялық ілімінде «дүниені ақыл-ойдың көмегімен емес, интуиция көмегімен дәлірек танып біле аламыз, ал дүниені танып білу арқылы біз Алланы, оның құдіретін танып білеміз» деп санайды. Мұндай көзқарас философияда қалай аталады?
Жауабы: мистикалық пантеизм
193. Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің тарихи-философиялық ойларын қай кітапта баяндайды?
Жауабы: «Тарих-и Рашиди»
194. Қазақ ағартушылығы идеологиясының басты мәселесі:
Жауабы: ағартушылық, білім беру, пайдалы білімдерді халық арасында насихаттау
195. Шоқан Уалиханов өзінің шығармашылығында бірінші кезекте діни наным-сенімнің қай түрін талдап қарастырады?
Жауабы: шамандық (бақсылық )
196. Шоқан Уалиханов әлеуметтік реформалар халықтың мүддесін көздеп жүргізілуі тиіс деген ойын қай еңбегінде баяндайды?
Жауабы: «Сот реформасы туралы жазба»
197. Ыбырай Алтынсариннің дүниетанымдық көзқарасын қай ағымға жатқызуға болады?
Жауабы: деизмге
198. Абайдың философиялық-этикалық ілімінің басты қағидасы:
Жауабы: «Адам бол!»
199. Абайдың философиялық ой-толғамдары жазылған шығармасы:
Жауабы: «Қара сөздер»
200. Шәкәрім Құдайбердіұлының ар іліміндегі басты категория не?
Жауабы: ұждан
201. Шәкәрім Құдайбердіұлы өзінің көп жылдар барысындағы рухани, философиялық ізденістерін қай еңбегінде баяндайды?
А) «Үш анық»
202. ХХ ғасырдың басындағы (1900-1920 жж) қазақтың қоғамдық-философиялық ақыл-ойының көрнекті өкілдері кімдер болды?
А) Шәкәрім, А. Байтұрсынов,Ә. Бөкейханов, М.Дулатов, С.Торайғыров
203. Болмыс туралы философиялық ілім:
А) онтология
204. Болмыс дегеніміз:
А) санадан тыс және объективті түрде өмір сүретін және дамитын материалдық және рухани дүниені бейнелейтін категория
205. Материяның дұрыс анықтамасын табыңдар:
А) материя дегеніміз – объективті шындықты белгілейтін философиялық категория
206. Материяның ажырамас қасиеті, атрибуты :
А) қозғалыс
207. Қозғалыс ұғымының қай анықтамасы ең жалпы философиялық сипатқа ие болып табылады?
А) қозғалыс – кез келген өзгеріс, жалпы өзгеріс
208. Қозғалыс категориясының анықтамасы:
А) материяның өмір сүру тәсілі
209. Кеңістік және уақыт дегеніміз:
А) материяның өмір сүру формалары
210. Даму туралы философиялық ілім:
А) диалектика
211. Диалектикалық әдіске не тән?
А) өзара байланыс пен дамуды мойындау
212. Метафизикаға не тән?
А) заттар мен құбылыстарды жеке дара, өзара байланыссыз қарастыру
213. Стихиялық диалектиканың негізін салушы кім?
А) Гераклит
214. Карл Маркс пен Фридрих Энгельс диалектиканың қандай тарихи формасын қалыптастырды?
А) материалистік диалектика
215. Диалектиканың қай заңы дамудың қайнар көзін ашып көрсетеді?
А) қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы
216. Диалектикалық қарама-қарсылықтарға не тән?
А) бірлік және өзара байланыс
217. Диалектиканың қай заңы жаңаның пайда болу, қалыптасу механизмін ашып көрсетеді?
А) сан және сапа өзгерістерінің өзара ауысу заңы
218. Дұрыс тұжырымды көрсетіңіз:
А) сапа – заттардың маңызды қасиеттерінің жиынтығы
219. Қай категорияларда даму сатылары көрсетіледі?
А) мүмкіндік және шындық
220. Заттың, құбылыстың потенциалды және актуалді өмір сүруін көрсететін жұп категориялар:
А) Мүмкіндік пен шындық
221. Заттың ішкі және сыртқы жақтарының байланысын бейнелейтін қай жұп категориялар:
А) форма және мазмұн
222. Форманың диалектикалық-материалистік түсінігін атаңыздар:
А) форма – бұл мазмұнның өмір сүру тәсілі
223. Заттың, процестің сыртқы, байқалатын сипаттарын бейнелейтін категория:
А) құбылыс
224. Бейнелеу дегеніміз не?
А) бір-біріне әсер ететін объектілердің белгілері мен қасиеттерінің қайта көрсетілуі
225. Мына аталған қатарды қалай сипаттауға болады: тітіркену, қозу, психика, сана
А) тірі материядағы бейнелеудің даму сатылары
226. Сана дегеніміз, ол:
А) шындықтың адам миында бейнеленуі
227. Философиялық дұрыс пікірді көрсетіңіз:
А) сана – жоғары ұйымдасқан материяның қасиеті
228. Сананың пайда болуының алғы шарттары:
А) еңбек және тіл
229. Төмендегі пікірдің қайсысы дұрыс?
А) тіл – сананың материалдық құралы (тасушысы)
230. Адам іс-әрекетінде сананың алатын орны:
А) Сана – адамның іс-әрекетінің жалпыға бірдей идеалдылық түрі
231. «Біздің миымыз бауырдың өтті бөліп шығаратыны сияқты ойды бөліп шығарады» деген қай философиялық бағыттың өкілдері:
А) Вульгарлық (тұрпайы) материалистік бағыттың өкілдері
232. Адам миының негізгі функциясы:
А) сана
233. Құбылыстардың қайсысы қоғамдық сананың қарапайым деңгейіне жатады?
А) көңіл-күйлер мен сезімдер
234. Құбылыстардың қайсысы қоғамдық сананың теориялық деңгейіне жатады?
А) саяси доктриналар
235. Идеология ұғымының дұрыс анықтамасын көрсетіңіздер:
А) идеология дегеніміз – қоғамдық болмысты белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесі тұрғысынан теориялық формада бейнелеу
236. Мораль, өнер, құқық, саясат, философия, ғылым, дін – бұлар:
А) қоғамдық сананың формалары
237. Құқық, құқықтық қатынастар және құқықтық нормалар нені құрайды?
А) Құқықтық сананы
238. Қоғамдық сананың қай формасы дүниені көркем образдар түрінде бейнелейді?
А) Эстетикалық
239. Төменде көрсетілген ұғымдардың қайсысы эстетикалық санаға жатады?
А) сәулеттік пен аласалық, әдемілік пен ұсқынсыздық
240. Қоғамдағы моральдің функциясы:
А) қоғамдағы адамдар арасындағы адамгершілік қатынастарды реттеу
241. Адамның игілігіне бағытталған қасиеттерді белгілейтін этикалық категория:
А) жақсылық, ізгілік
242. Дәстүрлер, әдеп-ғұрыптар, қалыптар, идеалдар қандай құндылықтарға жатады?
А) этикалық құндылықтарға
243. Танымның объектісі дегеніміз:
А) Дүниенің танымдық іс-әрекет барысында субьект игерген бөлігі
244. Танымдық іс-әрекетті жүзеге асыратын және оның нәтижелерін өзінің практикалық қызметінде пайдаланатын жеке адамдар немесе адамдар тобын қалай атайды?
А) танымның субъектісі
245. Сезімдік таным дегеніміз не?
А) Сезім мүшелерімен заттардың қасиеттері тікелей бейнеленетін, түйсік және қабылдау түріндегі таным
246. Сезімдік танымның формалары:
А) түйсік, қабылдау, елестету
247. Сананың, ақыл-ойдың тітіркену арқылы болатын сезіну қабілеті:
А) Түйсік
248. «Бақылаудың негізінде қалыптасқан материалдық заттың біртұтас бейнесі». Бұл анықтама сезімдік танымның қай элементіне қатысты?
А) қабылдау
249. Ойлаудың негізгі формаларын атаңыз:
А) ұғым, пікір, ой тұжырымы
250. Ұғым дегеніміз не?
А) Заттар мен құбылыстардың жалпы, мәнді қасиеттерін бейнелейтін ойлаудың түрі
251. Ақиқат дегеніміз не?
Жауабы:білімнің шындыққа сәйкестігі
252. Қай білім объективтік ақиқат болып табылады?
Жауабы: мазмұны адамға да, адамзатқа да тәуелді емес, объективті дүниені көрсететін білім
253. Танымның мақсаты не болып табылады?
Жауабы: практика
254. Білімнің ақиқаттылығының критерийі (өлшемі) :
Жауабы:практика
255. Ғылыми танымның деңгейлері:
Жауабы: Эмпириялық және теориялық
256. Эмпирикалық деңгейде қолданылатын ғылыми таным тәсілін табыңыз:
Жауабы: бақылау
257. Эмпириялық зерттеудің қай әдісінде зерттеуші зерттеп отырған процестің өтуіне белсенді түрде араласады?
Жауабы:эксперимент
258. Төмендегі методтардың қайсысы жалпы логикалық әдіске жатады?
Жауабы: анализ және синтез
259. Танымның жалпы логикалық әдісін көрсетіңіз:
Жауабы:абстракциялау
260. Танымның қай әдісінде объектілердің жалпы қасиеттері мен белгілері анықталады?
Жауабы: жалпылау
261. Өзінің барлық шексіз көп түрлілігімен көрінетін бізді қоршаған дүние:
Жауабы: Табиғат
262. Төмендегі жауаптардың қайсысы материалистік көзқарас бойынша дұрыс болып есептеледі:
Жауабы: табиғат – бүкіл материалдық шындық
263. Қоғам мен табиғаттың өзара әрекет қатынасы неге байланысты?
Жауабы:материалдық өндіріс
264. Қоғамның өмір сүруі мен дамуына қажетті жағдай жасайтын заттар мен жанды және жансыз табиғат құбылыстарының жиынтығы:
Жауабы: географиялық орта
265. Қоғам дамуының басты себебін географиялық ортаның әсерімен түсіндіретін социологиядағы ағым:
Жауабы:географиялық детерминизм
266. Мемлекеттердің табиғат ресурстары және өмірге қажет кеңістік үшін күресу мақсатында жүргізетін саясатын білдіретін ұғым:
Жауабы: геосаясат
267. В.Вернадскийдің ілімі бойынша, өркениеттің даму сатысында адамзаттың парасатты әрекеті планеталық маңызға ие болатынын бейнелейтін ұғым:
Жауабы:Ноосфера
268. «Ноосфера» ұғымы нені білдіреді?
Жауабы: адамзат ақыл-ойы үстемдік ететін өріс (ақыл-ой өрісі)
269. Экологиялық мәселенің мәні немен анықталады?
Жауабы: табиғат пен қоғамның арақатынасындағы қайшылықтармен
270. Халық санының өсуін және оған әсер ететін алғышарттарды зерттеумен айналысатын ғылым саласы:
Жауабы:демография
271. Халық санының өсуі өмір сүруге қажетті тамақ, киім-кешек, тағы да басқа заттарға қарағанда тез өседі, ал бұл өз кезегінде кедейшіліктің, жоқшылық пен аштықтың, жұмыссыздықтың ұлғаюына алып келеді деген кертартпа теорияның авторы:
Жауабы:Т.Р.Мальтус
272. «Антропосоциогенез» ұғымының мазмұны неде?
Жауабы: адам мен қоғамның пайда болуы мен қалыптасу процесі
273. Жер бетіндегі материалдық және рухани мәдениеттің дамуының субъектісі, өмірдің басқа формаларымен генетикалық жағынан байланысты, еңбек құралдарын жасау қабілеті арқасында олардан бөлініп шыққан, анық сөйлей және ойлай алатын, санасы бар биологиялық-әлеуметтік тіршілік иесі:
Жауабы: адам
274. Адамның өмірлік іс-әрекетінің негізінде не жатады?
Жауабы: қажеттілікті қанағаттандыру
275. Адамның тек өзіне ғана тән қасиеттерін: дауысын, жүріс-тұрысын, білімі мен ойлау деңгейін, бет пішінін, түр-сипатын білдіретін ұғым:
Жауабы:индивидуалдылық
276. Белгілі тарихи-мәдени ортада өтетін өмір барысында қалыптасатын әлеуметтік-психологиялық және моральдік қасиеттер жиынтығының иесі, өз ісіне өзі жауап бере алатын белсенді әрекет субъектісі:
А) тұлға
277. Адамның психикалық қызметінің саналы және ең белсенді, әрекетшіл бөлімі болып табылатын және адамның алдына қойған мақсатымен тығыз байланысты және оған жетуді қамтамасыз ететін рухани күш:
А) жігер
278. Тұлға ұғымы білдіреді:
А) адам индивидінің әлеуметтік сапасын, оның бірегейлігінің, даралығының өлшемін;
В) адамның биологиялық ерекшеліктерін;
279. Әлеуметтену адамдардың нені игеру барысында жүзеге асады?
А) Әлеуметтік тәжірибені
280. Адам өмірінің мағынасы неде?
А) адам өз өмірінің мағынасын өзі анықтайды
281. Материалдық дүниенің табиғаттан бөлініп шыққан және адамдардың бірлесіп атқаратын іс-әрекеттерінің тарихи қалыптасқан формаларының жиынтығын құрайтын бөлігі:
А) қоғам

282. Қоғам өмірінің негізін құрайтын өндірістік және басқа да материалдық қатынастардың жиынтығы:


А) Қоғамдық болмыс
283. Қоғам өмірінің негізгі салаларын атаңдар:
А) экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани
284. Қоғамдық өндіріс дегеніміз не?
А) адамдардың өздеріне қажетті материалдың және рухани игіліктерді және өзін-өзі өндіруі
285. Қоғамның құрылымы мынадай деңгейлерден тұрады:
A) экономикалық базис пен идеологиялық қондырма
286. Қоғамдық болмысты бейнелейтін, сонымен қатар одан дербес түрде дами алатын және оған кері әсер ете отырып, өзгерте алатын белсенділікке ие түрлі көзқарастар мен пікірлердің, идеялар мен теориялардың, әлеуметтік сезімдер мен көңіл-күйлердің жиынтығы:
А) Қоғамдық сана
287. Қоғамдық экономикалық формация жөнінде қайсысы дұрыс?
А) қоғамның даму сатыларын білдіретін әлеуметтік-философиялық ұғым
288. Қоғам өмірінің қай саласы басты, негізгі болып табылады?
А) экономикалық саласы
289. Адам өміріндегі белгілі бір құбылыстардың адамгершілік, әлеуметтік, мәдени маңыздылығын көрсету үшін қолданылатынұғым:
А) құндылық
290. «Мәдениет» ұғымына берілген дұрыс анықтаманы табыңыз:
А) мәдениет – материалдық және рухани құндылықтардың жиынтығы және оларды жасау тәсілдері, оларды адамзат прогресі үшін пайдалана білу дағдысы
291. Мәдениеттің негізгі құрамдас екі бөлігі:
А) материалдық және рухани мәдениет
292. «Өркениет» ұғымына берілген дұрыс анықтаманы көрсетіңіз:
А) өркениет – қоғамның тарихи даму барысындағы оның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы
293. Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы қай жылы және қай күні жарияланды?
А) 2017 жылғы 12 сәуір күні
294. Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қазақ ұлтының болашағына байланысты қандай мақсат қойылады?
А) Ұлттық бірегейлікті сақтау
295. Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты» ретінде не аталады?
А) «Ұлттық кодыңды сақтай білу»
296. Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында халқымызға ауыр қасіреттер, зобалаң әкелген қандай даму жолы жайлы айтылады?
А) Революциялық даму жолы
297. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану ғылымдары бойынша толыққанды білім беруге қажетті жағдай жасау үшін қандай жоба қолға алынды?
А) «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы
298. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша аударылған «Батыс философиясының жаңа тарихы» атты 4 томдық кітаптың авторы:
А) Энтони Кенни
299. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша аударылған «Философияның қысқаша тарихы» кітабының авторы:
А) Дерек Джонстон

300. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша аударылған «Философияның таңдаулы 25 кітабы» атты еңбектің авторы:



А) Ремми Хесс

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет