Пән атауы: Философия негіздері Тобы: бк-310 Күні



Дата27.03.2023
өлшемі20,73 Kb.
#76584
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Қайта өрлеу дәуірі .
Пән атауы: Философия негіздері
Тобы: БК-310
Күні: 27.03.2023
Сабақ типі : теориялық
ХVғасырдың аяғында өндірістің, сауданың, әскери құралдың жедел кақынымен өсуі техниканың, табиғаттану ғылымдарының, математиканың, механиканың дамуына себепші болды. Ал коғам-дықөмiрде қалыптасқан бұл жайлар схоластикалық ой-пікірлерден тазарып, таза табиғаттану ғылымдары турғысынан әлемдік процестерді жене адам табиғатын түсініп-білуге жол ашты. Адамдардың өмірі мен ic-әрекеттері тікелей бағынышты табиғат заңдылықтарын танып-білуге барлықғылымдарға тән универсалдық (әмбебаптық) тәсілдің маңызы зор деп есептелініп, сондай әмбебаптық тәсіл ретінде көбінесе логикалық ойға және тәжірибеге сүйенген математкалық, кейнгірек механикалық тәсіл ұсынылды. Қайта өрлеу кезеңі философиясыныңryманистік сарында болуына католиктік шіркеудің рухани қыспағынан кұтылуга ұмтылған адамдардың еркіндік, бостандық туралы идеялары ықпал жасады. Жалпы алғанда, қайта өрлеу философиясы негізгіүш бағытта дамыды. Бipiншici (Н. Кузанский, Пико делла, Мирандолла, Леонардо да Винчи, т.б.) адамның еркін, бостандығын өздерінің философиялык ілімдерінің негізгіөзегі етіпқабылдап, рухани өмірде, мәдениетте гуманизм деген бағытты дүниеге әкелсе, eкiншici (Н. Макивелли, Томас Мор, Томазо Комланелла) адам бостандығын жүзеге асыруға кедергі болып отырған коғамдыққұрылысты сынап, утопиялык социалистік идеяға бой ұрса, үшiншici (Н.Коперник, Д.Бруно, Г. Галилей) табиғаттану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, христиан дінініңәлемнің пайда болуы және оныңқұрылысы туралы ілімне сайкес келмейтін, табиғат құбылыстарын өз заңдылықтарына сүйеніп түсіндіруге болатын көзқарастың дамуынана үлкен әсер еткен революиялық жаңалыктар ашты. Схоластикалық философиядан гуманистік идеяға толы философиялық көзқарасқа жол ашкан неміс ойшылы Николай Кузанский — шын аты-жөні Николай Кребс (1401-1464 жж.) болды. Негізгі еңбектері: «Мүмкіндіктің болмысы туралы», « Жер шарының айналуы туралы »,«Құдайдың көріпкелдігі туралы», т.б.
Кузанский niкipi бойынша, әлем қарама-қарсы заттардан тұрады және олар, математикадағы теңдеудің екі жағындағы мүшелерінің 6ip-6ipiнe өте алатыны сияқты, 6ip-6ipiнe ауысып отырады. Ауысқан қарама-қарсылыктардың теңесуі тек Құдайға ғана тән. Жалпы алғанда, материалдық денелер Кұдай жаратқаннан кейін өз заңдылықтары бойынша дамып, өзгеріп отыратын болғандықтан, оларды танып-білуге болады. Бұл ретте адамдарға математикалық тәсіл мен тәжірибе көмектеседі. Кез келген теориялар мен концепцияларды тәжірибеде дәлелдеуге, не болмаса теріске шығаруға болады. Адамдар да заттар сияқты микрокосмосқа жатады және ол Құдайдың көрінісі болып табылады. Бірақ өзінің ақыл-ойының, іс-әрекеттерінің арқасында Құдаймен қатар тұрады. Осыдан келіп: «адам дегеніміз — оның ақыл-ойы», —деп тұжырымдайды. Ақыл-ойды табигаттың заңдылықтарын білу арқылы үздіксіз толықтырып отыру қажет. Гуманистік ойды қалыптастырып, оны жалпы адамзаттық мәдени құбылысқа айналдыруда Италияның ұлы суретшісі, табиғат зерттeуші ғалымы, көрнекті философы Леонардо да Bинчидiң (1452-1519 жж.) қосқан үлесі өте зор болды. Да Винчидің философиясы беделділіктің әсерінен бас тартып, тәжірибеге, адамның ақыл-ойының күшіне сену негізінде табигаттың бірлігін, адамзат мәдениетінің өміршендігін дәріптеумен ерекшеленеді. Ол осы тұргыдан ортағасырлық схоластиканы сынға алып, они софистика сиякты пайдасы жоқ ғылым деп есептеді. Жалпы алғанда, Да Винчи «философиялық тас» іздестірудің өзі пайда бермейтін іс,ce6e6i табиғат Қ ұдайдың заңдылығына емес, өзінің қажеттілік заңына бағынады да, үздіксіз өзгерісте, даму үстінде деп тұжырымдайды. Мысалы, белгілі бір жағдайда су буға, бу мұзға, мұз қайтадан суға айналады. Да Винчи әл-Фараби мен ибн Рушдтың «екі ұдайы ақиқат» теорияларына қарсы болды. Оның ойынша, діни ақиқат деген жоқ, себебі Құдайдың өзi жоқ, шын ақиқат — тек ғылыми ақиқат қана. Ғылымда табысқа жетудің бірден-бір жолы — математика тәсілі мен тәжірибе. Жалпы ғылыми жетістіктердің құндылығы олардың практикада қолданылуға мүмкіндігінің болуымен ай-қындалады. Осы тұрғыдан ол механикаға (теория мен практиканың бipлiгi ретінде) аса зор көңіл бөліп, өзі осы айтылған қағидалар негізінде көптеген инженерлік идеяларды жүзеге асыруға тырысты (парашют, ұшатын қанат, тоқыма станогі, т.б.).Да Винчи алғашқылардың бipi болып сурет өнері саласында сынның мазмұны туралы пікір айтып, эстетикалық талғамның қалыптасуына үлкен әсер етті.
Адам еркін, бостандығын жүзеге асыруда коғамның мемлекетітк рөлін көрсететін ағымдардың ішіндеерекше орын алатын италияндық саяси қайраткер және тарихшы Николай Макиавеллидің (1469-1527 жж) iлiмi еді. Негізгі шығармалары: «Билеуші және Тит Ливидіңбiрiншi декадасы туралы пікірлер . «Олардың принциптері (қағидалары)»т.б. Макивелли Тит Ливидің шығармалары неізінде саяси іс-әрекет тәртібгін жүйелеп, христиандыкқа дейгнгі Рим империясының этикасы мен кушін дәріптейді. Мемлекетгің қайсысы болса да, римдіктерден куші мен ұлылығы сияқты қасиетке ие болуы үшін, өз әрекеттерінде дұрыс деп тапқан тиісті шараларды қолданулары қажет. Ал бұл жолда әдептілік қағидалары мен азаматтық бостандық ығыстырылып, ескерілмей қалса, онда тұрган ештеңе де жок, билеуші оған көңіл бөлмеуі керек. Макивеллидің бұл iлiмi «макиавелизм» деп аталып кеткен, саясатта өз мақсатына қалай жетсең де дұрыс деген қағиданың қалыптасуына әкеліп соқты. Сол кездегі қоғамның, халықтың әлеуметтік талап-сұраныстарын шеше алмауы негізінде утопистік (қияли) социалистік идеялар пайда болды. Томас Мор (1478-1535 жж.) «утопия Томазо Кампанелла (1568-1639 жж.) «Күн қала» атты шығармаларында «беймәлім жерде», «күн қалада» әділетті коғам орнаған, оларда байлар да, кедейлер де жоқ, бұл мемлекеттерде меншік иесі — қоғам, ал жеке адамдар сол қоғамның мүшелері ретінде еңбек нәтижелерін тең бөліседі, оларда билеушілер де, қарапайым адамдар да заң алдында тең және олар әртүрлі діндерге дәйектілікпен қарайды. Бірақ діндерде өндірістік процестерге кесел келтіретіндей әртүрлі тыйым салатын қағидалар аз болуы керек. Жастарды тәрбиелеу ici қоғамның қолында болады да, оны дінбасылары басқарады. Т. Мор мен Т. Компанелланың идеалды мемлекет пен коғам туралы ой-niкipлepi әлжуаздығына, қиялилығына қарамастан, кейінгі социалистік ілімдерің қалыптасуына үлкен әсер етті. ӘлемдегІ процестерді өз заңдылықтарына сүйеніп, түсіндіруге бағытталған Н. Коперниктiң (1473-1543 жж.) «Аспан денелерінің айналуы» туралы неігзгі еңбегінің «Күн — әлемнің орталық жаратылысы » қағидасының негізінде Джордано Бруноның (1548-1600 жж.) философиялық көзқарастары қалыптасты. Heгiзгi еңбектері: «Себептілік, бастама және біртұтастық туралы, «әлемнің және заттардың шексіздігі туралы»т.б. Бруноның пікірінше, табиғаттан тыс ешқандай күш жоқ. Ол кеңістікте де, уақытта да шексіз, ал қозғалыс оның өмір сүру тәсілі. Табиғат өз заңдылығымен дамиды. Әлем мен Құдай 6ip.
Әлем — универсум (әмбебап бастама), жалғыз ғана мәнділік.Сондықтан ол мәңгі және өзгермейді. Ал әлемге кіретін денелер сансыз көп, олар үздiксіз қарапайым және өзгерісте болады. Барлық заттар өшпейтін, мәңгі, қозгалыста, бөлшектерден тұрады. Оларды Бруно монада деп атайды. Монаданың материалдық денелерге ғана емес, психикаға да қатысы бар. Ал психикалық құбылыс барлық заттарға тән болғандықтан, әлемде жансыз денелер жоқ. Осыдан келіп, Бруно әлемде шексіз және сансыз көп тіршілік түрлері болуы әбден ықтимал деген тұжы рым жасайды. Бруноның көзқарасынан жүйеленген түрде қолданылған Демокрит пен Гераклит ілімдерінің ықпалын байқаймыз.Коперник пен Бруноның ілімдерін әpi қарай жалғастырған италиян астрономы, физигі, математигі, философы Г. Галилей (1564-1642 жж.). «Ғылымның жаңа екі саласына байланысты математикалық дәлелдемелер мен пайымдаулар», «Табиғат туралы кітап, т.б. еңбектер жазған. Галилейдің ғылымда ашқан екі жаңалығы: 1) қатты және серпілмілі заттардың сыртқы күштерге қарсылығы; 2) денелердің құлау заңдылықтары оның философиялық көзқарасының қалыптасуына үлкен әсер етті. Оныңпікірінше, философия алфавит әріптерінен басқаша әріптермен жазылған табиғат кітабын оқуы керек. Табиғаттың кітабы үшбұрыш, квадрат, дөңгелек, шар, т.б. тәріздес. Оларды оқу үшін схоластикалық ойланып-толғанудың қажеті жоқ, керісінше, таза тәжгрибеге сүйенген математикалық тәсіл керек. Ғылыми-зерттеу жұмысында ешқандай беделді мойындамау керек, тек күмандану ғана оны iлгepi дамытады. Теория, концепцияларды бақылау, эксперимент негізінде, индуктивтік тәсілді қолданып тұжырымдауға болады. Тек механикалық әдіс қана әлемдегі құбылыстарды және олардың мәнін түсініп-білуге мүмкіндік беретіндіктен, бос схоластикалық ойлауға әкелетін дедуктивтік (жалпыдан жалқыға) тәсілдің өміршеңдігі жоқ. Ол Коперник пен Бруно сияқты Жер өз өсімен Кунді айналып жүреді және ол Күн жүйесіндегі көптеген планеталардың бipi ғана, ал Күн жүйесi сияқты жұлдыздар жүйесі әлемде сансыз көп және олардың көпшілігінде жердегідей тіршілік болуы ғажап емес деген пiкip айтты. Жалпы алғанда, Қайта өрлеу философиясы антика философиясындағы гуманистік дәстүрді, ортағасырлық Шығыс мәдениетінің алдыңғы қатарлы ойларын өз заманының талап-тілегінің кажетіне жаратып, жаңа заман ғылыми көзқарасының қалыптасуына зор ықпал етті.

Үй тапсырмасы:


1. Қайта өрлеу заманы философиясының негізгі идеялары?
2. Қайта өрлеу заманы философиясының ең басты бағыты?
3. Гуманистік бағыттың негізгі өкілі кімдер?


Интернет-көзі: https://www.youtube.com/watch?v=wdD-GhNkbv0

Әдебиеттер тізімі
1. Кактаева Г.А. Филосоия негіздері. Оқулық, Астана: Фолиант, 2006. -180 бет.
2. Кішібеков.Д., Философия. Алматы: Карасай, 2011
3.Кішібеков Д. , Сыдықов Ұ. Философия Алматы, «Атамұра-Қазақстан», 1994. -344 бет.
4.Тұрғынбаев Ә.Х. . Философия Алматы: Білім, 2005, -304 бет.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет