Жедел ақпарат



бет1/2
Дата03.11.2022
өлшемі0,94 Mb.
#47146
  1   2








www.stat.gov.kz

Жедел ақпарат

№ 5-7/5023
2022 жылғы 11 тамыз



2022 жылғы II тоқсандағы еңбек нарығындағы жағдай туралы1)

2022 жылғы II тоқсанда халықты жұмыспен қамту іріктемелі зерттеуінің қорытындысы бойынша 15 және одан жоғары жастағы жұмыс күшінің саны 9,3 млн. адамды құрады. Республика экономикасында 8,8 млн. адам жұмыспен қамтылды. 15 және одан жоғары жастағы халыққа шаққанда жұмыспен қамту деңгейі 65,8% құрады.




Еңбек нарығының негізгі индикаторлары






Барлығы

Оның ішінде

ерлер

әйелдер

Жұмыс күші, мың адам

9 280,1

4 768,7

4 511,4

15 және одан жоғары жастағы халық санындағы жұмыс күші үлесі,пайызбен

69,1

75,1

63,8

Жұмыспен қамтылған халық, мың адам

8 828,1

4 557,4

4 270,7

Жұмыспен қамту деңгейі, пайызбен:










15 және одан жоғары жастағы халыққа шаққанда

65,8

71,8

60,4

жұмыс күшінің санына

95,1

95,6

94,7

Жұмыссыз халық, мың адам

452,0

211,4

240,6

Жұмыссыздық деңгейі, пайызбен

4,9

4,4

5,3

15-28 жастағы жұмыссыздар, мың адам

68,5

26,6

41,9

Жастар жұмыссыздығының деңгейі, пайызбен (15-28 жастағы)2

3,8

2,8

4,9

Ұзақ мерзімді жұмыссыздық деңгейі, пайызбен

2,4

1,8

2,9

Жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдар , мың адам

4 142,9

1 582,9

2 560,0

15 және одан жоғары жастағы халық санындағы жұмыс күші кұрамына кірмейтін адамдардың үлесі, пайызбен

30,9

24,9

36,2

1⁾ «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес.
2⁾ «Мемлекеттiк жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес.

Жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 76,1% (6,7 млн. адам) жалдану бойынша жұмыс істеді, 1,6 млн. адамды - дара кәсіпкерлер, 6,9 мың адамды – жеке практикамен айналысатын адамдар, 10,0 мың адамды - шаруашылық серіктестіктерінің құрылтайшылары (қатысушылары) және акционерлік қоғамдардың құрылтайшылары, акционерлері (қатысушылары), өндірістік кооперативтердің мүшелері болып табылатын жеке тұлғалар, 524 мың адамды - тәуелсіз жұмыскерлер құрады.


Жұмыспен қамтылғандар санынан 5,9% (524,1 мың адам) жеке тұлғаларда жалдану бойынша жұмыс істеді, 4,8% (425,4 тыс. человек) жеке қосалқы шаруашылықта өнімді алмасу (сату) мақсатында өндірумен айналысты.
2022 жылғы II тоқсанда уақытша және кесімді жұмыстарда – 348,3 мың адам, маусымдық жұмыстарда – 63,6 мың адам, кездейсоқ жұмыстарда – 263 адам жұмыспен қамтылды. Жұмыспен қамтылғандардың 0,4% (33,1 мың адам) қашықтықтан жұмыс атқарды, оның ішінде 83,4% еңбек процесінде жеке коммуникациялық (байланыс) құралдар пайдаланылды. Интернет желісін, Интернет сауда алаңдарын, сервистерін қоса алғанда қолдану арқылы жұмыспен қамтылғандар 0,5% (43,3 мың адам) құрады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет