Жеңіл деңгей Темперамент ұғымына анықтама беріңіз



Дата07.01.2022
өлшемі15,15 Kb.
#17606

Жеңіл деңгей

1. Темперамент ұғымына анықтама беріңіз.

Адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдiгi, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы-қозғалғыштығы - бәрi осы темперамент табиғатымен түсiндiрiледi. Дегенмен, осы күнге дейiн темперамент мәселесiнiң шешiлмеген, таластартысты қырлары баршылық. Бiрақ проблемаға байланысты көзқарастардың көптiгiне қарамай, ғалымдардың бәрiнiң мойындайтыны: темперамент - жеке адамның әлеуметтiк тұлға ретiнде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи iрге тасы. Темперамент көбiне адамға тума берiлген әрекет-қылығының ұдайы қозғалыстағы (динамика) сипатын бейнелейдi.



2. Темперамент типтерін атаңыз.

Гиппократ типологиясына жақын жүйке жүйесiнiң төрт негiзгi типiн ажыратты:

1. күштi, қозу мен тежелуi теңдей, қозғалмалы - сангвиник;

2. күштi, қозу мен тежелуi теңдей, салғырт - флегматик;

3. күштi, қозуы басым - холерик;

4. әлсiз тип - меланхолик.



3. Мінездің анықтамасын сипаттаңыз.

Мінез - әрбір адамның жеке басына тән өзіндік писхологиялық қасиеттері мен ерекшеліктердің жиынтығы. Мінездің қасиеттері мен ерекшеліктері әркімде әрқилы жағдайда байқалып, адамның сол жағдайларға қатынасын білдіреді. Мінез ерекшеліктері адамның даралық өзіндік психикалық қасиеттері. Мінездің даралық өзгешіліктің өзегі, адамның негізгі тіршілік бағытының өрнегі. Мінезде адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасының тарихы бейнеленеді.



Орта деңгей

1. Жүйке жүйесінің қасиеттері темпераменттің негізі ретінде мысал келтіріңіз.

Темперамент көбiне адамға тума берiлген әрекет-қылығының ұдайы қозғалыстағы (динамика) сипатын бейнелейдi. Сондықтан, темпераменттiк қасиеттер басқа психикалық құбылыстарға қарағанда тұрақтанған, өзгерiске келе бермейдi. Назар аударарлықтай ерекшелiк, темпераменттiң әрқилы қасиеттерi бiр-бiрiмен кездейсоқ қосылмай, заңдылықтар негiзiнде түрлi темпераменттiң белгiлi құрылымын түзедi.

2.Тұлғаның дамып қалыптасуына ықпал ететін факторларды көрсетіңіз.



Даму – бұл жеке адам сапалары мен қасиеттеріндегі сандық өзгерістер жүйесі. Адамның туған күннен бастап дене құрылымы мен әртүрлі мүшелері ұлғаяды. Ол сөйлей бастайды, сөздік қоры молая түседі, көптеген әлеуметтік – тұрмыстық және рухани ептіліктер мен еңбектік дағды және әдеттерді игереді.

3. Мінез және қабілет ұғымдарына мысал келтіріңіз.

Мысалы, батылсыз-дық, қорқақтық және альтруистiк бiтiстердiң алғашқы екеуi жетекшi мәнге ие болса, онда адам секемшiл мiнездi келiп, бiреуге жақсылық, яғни альтруистiк қадамында жалтақшыл, күдiктi болуынан кӛздеген iсiне бара алмайды. Керiсiнше, альтуристiк қасиет басым келсе, алғы екi жағымсыз бiтiстердi қаймықпай басып, қайырымдылық iсiнде батыл мiнездi қадам жасайды.

Күрделі деңгей

1. «Ұлттық мінез» ұғымын ашып көрсетіңіз.

Ұлттық мінез — белгілі бір ұлт өкілдеріне тән, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын мінез-құлық пен психологиялық қарекет ерекшеліктері. Ұлттық психология рухани мәдениетте, сезімдерде, әдет-ғұрыпта, тілде, адамгершілік әдептік салада ұлттық мінездің көптеген психологиялық көріністері мен этностық белгілерін қамтиды. Ұлттық психология — тіпті әр түрлі таптарға жататын адамдардағы мінез-құлықтың орнықты негіздерінің бірі. Алайда қоғамда болып жатқан өзгерістерге тәуелді ол да өзгеріп отырады

2. Тұлғаның қабілеті және нышандары ұғымдарын түсіндіріңіз

Нышан – мидың, жүйке жүйесінің, талдағыштардың адамдар арасындағы табиғи даралық өзгешеліктерін айыруға себеп болатын тума анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері. Адамның белгілі бір іс-әрекетті орындауға бейімді болуы қабілеттің дамып қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Алайда, бұл нышандар іс-әрекеттің нәтижелі болуының толық жағдайы болып саналмайды. Ол үшін адам бойындағы нышандарды дер кезінде анықтап алу керек. Содан соң оны әр алуан әрекет үстінде дамытып отыруға бейімделіп, тәлім-тәрбие арқылы өрістете түсу қажет. Нышан сан қилы мағынада көрініс беоеді. Мәселен, әлеуметтік ортаның, тәрбие мен оқыту істерінің және түрлі жағдайлардың әсерінен белгілі бір нышандар негізінде түрлі қабілеттердің дамуы мүмкін. Мысалы, бойында шапшаңдық пен дәлдік, ептілік пен шеберлік нышандары бар адамдар тіршілік жағдайы мен қызмет саласына сай әр түрлі қабілетке ие болуы мүмкін.



3. Мінез акцентуациясы және тәрбие ұғымдарын салыстыра талдау жасаңыз.

Мінездің акцентуациялануы - адамның әрекеті мен істеріңде көрініс беретін мінез ерекшеліктеріне қарағанда жиі басымдылық танытатын, күшті дамыған мінез ерекшеліктері.Тәрбие, тәлім-тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет