Жеке тұлға аспектілеріне сипаттама
1. Жеке тұлға динамикасы және оны зерттеу тарихы.
2. Темпераментпен жеке тұлғалық қасиеттердің байланыстылығы.
3. Темперамент көрсеткіштері.
Жеке тұлға немесе кісі қасиеттерін көптеген ғылымдар зерттейді: философия, социология, психология, этика, эстетика, педагогика. Олардың әрқайсысы жеке тұлға мәселелерін өзінің зерттеу пәнімен байланысты қарастырады.
Адамның көпаспектілі екенін оны атаудың өзінен көрінеді: «адам», «жеке тұлға», «тірі жан» (индивиуум), «өзіндік адам» (яркая индивидуальность).
Адам деген ұғымды пайдаланғанда – ол биоәлеуметтік қасиеттермен сипатталатын, дискреттік белгілер жүйесін меңгерген, жоғары психикалық функциялары қалыптасқан, құрал-жабдықтарды жасап, оны пайдалана алатын жан деп түсінеміз.
Ал жеке тұлға деп жекелік психикалық қасиеттері дамыған, әлеуметтік ортада өмір сүруге және қарым-қатынас жасауға қабілеті қалыптасқан адамды айтамыз.
Бұл ерекшеліктер жеке адам теорияларында көрсетілген:
1. Мәдени-тарихи даму концепциясы
2. Іс-әрекет теориясы.
3. Ақыл-ой қызметін қалыптастыру теориясы.
4. Үйрету теориясы
5. «Бастапқы адамдандыру» концепциясы.
Жеке тұлға туралы теориялардың ішінде бізді қызықтыратыны баланың нағыз адами қасиеттерді меңгеруін түсіндіретін теориялар. Оларды келесі топтарға бөліп көрсетуге болады:
Л.С.Выготский ұсынған мәдени-тарихи даму концепциясы. Бұл концепция бойынша жеке тұлғаның қалыптасуы өзгелермен қарым-қатынас жасау барысында адамзат тәжірибесінде тарихи қалыптасқан шартты белгілерді пайдаланумен байланысты. Қарым-қатынас барысында меңгерілген шартты белгілер (сөздер) біртіндеп жеке тұлғаның психикалық қызметінің негізі болады.
Іс-әрекет теориясы. Бұл теорияның авторы А.Н.Леонтьев. Леонтьев теориясының негізгі қағидасы – барлық іс-әрекет бірінші кезеңде саналы жасалған әрекет ретінде, сонан соң біртіндеп шапшаң орындайтын міндетті қызметке айналады (жазу, оқу, өзіне-өзі қызмет көрсету, еңбек ету).
А.Н.Леонтьев мектебінің өкілдері тұжырымы бойынша заттармен іс-әрекет жасай отырып адам олардың жасырын мәнді қатынастарын ашады. Адам заттармен ғана емес, өзінің түсініктері және ұғымдарының мазмұнымен де белгілі бір іс-әрекеттер жасай алады. Мұндай оңды іс-әрекеттер ақыл-ой немесе ойлау әрекеттері деп аталады. Заттық іс-әрекеттерден түсініктермен және ұғымдармен оңды іс-әрекет жоспарына көшу ойлар арқылы жүзеге асады. Ол әрқашан белгілі бір міндетті орындауға бағытталады. Сөйтіп, адамның ұғымдары және ақыл-ой әрекеттерін меңгеру процесі оның ойлауды үйренуін талап етеді. Адамның бүкіл ойлау (ақыл-ой немесе интеллектілік) іс-әрекетінің түпкі мақсаты оның алдына өндірістік немесе қоғамдық өмір қойып отыратын әр алуан практикалық міндеттерді ойдағыдай орындау болмақ. Бұл үшін түсініктер мен ұғымдарға жасалған іс-әрекеттерден алынған оңды шешімдерді нақты міндеттердегі нақты заттармен жасалатын практикалық іс-әрекеттерде жүзеге асыру қажет. Басқаша айтқанда, бұл үшін білімді практикалық міндеттерді орындауға қолдану, яғни іскерліктерді игеру керек.
Жеке тұлға құрылылыын зерттеу экспеременсталдық психологияда өзекті мәселелердің бірі болып есептеледі. Сондықтан XIX ғасырдың аяғынан бастап бұл мәселе жан-жақты зерттелуде.АҚШ ғалымы Олпорт 1949 ж.жеке адамға берілген анықтамаларды жүйеге келтіріп 50 анықтамасы бар екенін көрсеткен. Ол өз анықтамасын берген: Жеке адам- индивиттің ішіндегі мативациаларының жүййеге келтірілген, динамиалы,сыртиқы ортамен қарым-қатынасы ерекше ұйымдастырылған жүйе деп анықтаған. Ж.Пиаже эксперим. Ол қолданылатын анқтамасын ұсынған.Оның ілімі бмойынша жеке адам дегеніміз тек сол адамды сипаттайтын психологиялық көрсеткіштердің сапалық белгілер жи ынтығы.
К.Плотонов жеке адам-сана иесі деп қысқа тұжырымдама жасаған.
Ришар Мейли бұл аныиқтамаларда жеке адам құры лысы ктөрсетілмеген,анықтамада жекелік қасиеттердің түбірі көрсетілуі қажет деп тапқан.
2.Бұл апнықтамалардың ішінде тек Платонов нағыз адами қасиеттердің ортақ көрсеткішін тауып,оны сана деп отыр.Басқа зерттеушілер әр адам өте терең жекелік көрсеткіштермен мінезделетінін анықтайды. Жеке адамның анықтамасында ең үлкен пікір талас тудыратын мәселе келесі: табиғи және әлеуметтік факторлардың қайсысы адамдық белгі береді?
Сонда жеке адам формуласы:
Жеке адам=әлеуметтік + жекелік немесе жеке адам=жекелік+әлеуметтік.
Бұл жерде жекелік деген мағынасы оның табиғи қасиеттерін көрсетіп отыр. Сонда табиғи жетекші дегендер (биологизаторлар) адам=жекелік+әлеуметтік деген формуланы қолдайды; ал әлеуметтік ортаның әсері басым дегендер (әлеуметтендірушілер) әлеуметтік + жекелік деген формуланы қолдайды.
Жеке тұлға құрылымын зерттеушілер оның құрылымы жеке тұлғаның психологиялық қасеттерінен тұрады деп түсіндіреді.
К.К.Платонов концепциясы бойынша жеке тұлғаның құрылымы даму кезеңдерімен байланысты деп көрсетеді. Бұл тұжырым бойынша:
- жеке тұлғаның ең төменгі деңгейі оның биологиялық қасиеттерімен сипатталады;
- екінші кезеңде – жүйке жүйесінің қасиеттері, темперамент көрінісі;
- психикалық процестер, таным процестерінің жекелік ерекшеліктері;
Тұлғалық қасеттердің дамуының ең жоғарғы сатысы – жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибесі, білімі, іскерлігі, дағдысы және әдет-ғұрпы.
Жеке тұлға иерархиялық құрылымын К.К.Платонов келесі кестемен көрсеткен
Құрылымдық бөлімдердің қысқартылған атылуы
|
Құрылымдық бөлімдердің
мазмұны
|
Биологиялық және әлеуметтіктің ара қатынасы
|
бағыттылығы
|
Сенім-нанымдар, дүниетанымы, жеке тұлғаның мағынасын түсінуі, қызығуы
|
әлеуметтік деңгейде
(биологиялық жоқтың қасы)
|
Тәжірибесі
|
Білімі, іскерлігі, дағдылары, әдет-ғұрпы
|
әлеуметтік-биологиялық деңгейде
(биологиялыққа қарағанда әлеуметтік әлде қайда басым)
|
Бейнелеу формасы
|
Таным процестерінің ерекшеліктері (ойлау, сөйлеу, есте сақтау, қабылдау, түйсіну, зейін)
|
Биоәлеуметтік деңгейде
(әлеуметтіктен биологиялық әлде қайда басым)
|
Биолологиялық конституционалдық қасиеттері
|
Жүйке процестерінің жүру жылдамдығы, қазу және тежелу процестерінің арақатынасы, жыныстық және жас ерекшеліктері
|
Биологиялық деңгейі (әлеуметтік жоқтың қасында)
|
Мысалы: Қызығу адам өмірі мен іс-әрекетінде елеулі орын алады. Адам өмірдің бақыты мен бар болмысын өз бойында қызығу бар кезде ғана сезінеді. Қызығу әрекетке талпындырады, адамды ширатады. И.П.Павлов қызығуды адам жанын жадыратушы, ми қыртысында іс-әрекет жағдайын туғызушы фактор деп қарастырған. Қызығып істелінетін жұмыс жеңіл және жемісті болады.
Қызығу түрлері. Адамдар қызығу олардың іс-әрекеті сияқты өте алуан түрлі. Қызығуды оларды мазмұнынан, немесе бағыттылығына қарай ажыратады. Бұл ретте материалдық, қоғамдық және рухани қызығуды бөліп қарауға болады.
Материалдық қызығу тұрғын үй ыңғайлылығына, тағамдық заттарға, киімге және басқа да сол сияқты қажеттілігі ерге деген құлшыныс арқылы көрінуі мүмкін. Материалдық қызығу көбінесе нысансыздық, баюға салыну, дүние-мүлік жинаудың қызығына түсіп дүние жинау сияқты жағымсыз формаларда кездеседі.
Рухани қызығу адамның жоғарғы дәрежеде дамуын сипаттайды. Бұл ең алдымен математикаға, физикаға, химияға, биологияға, философияға, психологияға тағы басқаларға деген танымдық (сөздің толық мәнінде) қызығулар. Бұған сондай-ақ, әдебиетке және өнердің алуан түріне (музыкаға, суретке, театрға) деген қызығулар да жатады. Арнайы қоғамдық қызығулар қоғамдық жұмысқа, ұйымдаструшылық іс-әрекетке деген мүдделерде білдіреді. Қоғамдық жұмысты жақсы көретін және оған бар күшін жұмсайтың адамдар аз емес (олардың ішінде оқушылар да бар). Олардың қуанышы мен реніші көп ретте қоғамдық істің жетістігіне немесе кемшілігіне байланысты.
Тікелей және жанама қызығулар да кездеседі. Тікелей қызығу дегеніміз-іс-әрекет процесінің өзіне қатысты: таным, білім алу, еңбек және творчество процестеріне қызығу. Жанама қызығу дегеніміз-іс-әрекет қызмет бабында және қоғамдық жағдайда белгілі бір дәрежеге ие болуға ғылыми атаққа немесе, ең соңында, еңбектің материалдық нәтижелеріне деген қызығулар. Жеке адамның белсенді де жемісті іс-қызметі үшін тікелей және жанама қызығулардың дұрыс арақатнасы неғұрлым игі ықпал етеді. Егер адам еңбекті, еңбек процесінің қзін сүйетін болса, онда ол белсенділік танытады, іс-қызметке шығармашылықпен қарайды және еңбектің нәтижелі аяқталуына қол жеткізеді. Қызығудың мұндай үйлесімі болғанда адам көп қанағат табады.
Қызығудың әсер ету дәрежесіне қарай самарқау және белсенді деп екіге бөледі. Самарқау қызығу дегеніміз – адам өзін қызықтырушы объектіні қабылдаумен ғана шектеледі. Мысалы, копьютерлік ойындарға қызығу, өнер туындыларына қараған кезде ләззат алады, бірақ объектіні терең тану, оны менгеру және қызықтыратын салада творчествомен айналысу үшін белсенділік көрсетпейді. Белсенді қызығу дегеніміз - нәрменді қызығу, мұндай адам көріп-білумен ғана шектелмейді, өзі таңдаған объектіні меңгеріп алып әрекетке көшеді. Белсенді қызығу – жеке адамның дамуын оның білімі мен дағдыларының, қабілеттілігі мен мінез-құлқының қалыптасуын қамтамасыз ететін жайттардың бірі.
Жеке адам термині кең мағынада қолданғанда оған сипаттама беру үшін келесі ұғымдар қолданылады: I.Монтивация - адамның іс әрекетінде және мінез құлқыда тұрақты көрініс беруге түрткі болатын бағыт беретін белсенділікті қамтамасыз ететін түрткілер мен себептер жиынтығы. II.Темперамент - психиканың адам табиғатына (генотипіне ) байланысты юарлық психикалық процестердің динамикасының көрсеткіштері.
III. Қабілеттілік - адамның біліммен іскерлікті тез меңгеріп оны іс-әрекетті ұйымдастыруға тиімді қолданылуы.
Оcы үш жекелік психикалық қасиет жеке адамның психикасиның үш аспектісі болып есептеледі Өйткені бұл қасиеттер жеке адамның ең турақты, құрамды бөліктері болып табылады. Ұзақ уақыт жүгізілген лонгитюд талдау барысында дәләлденген.
Ең тұрақты-психикалық процесестер динамикасы. Өйткені ол анатомиалық-физиологиялық қасеттерімен, ерекшеліктерімен байланысты. Сондықтан темпепамент реактивтік, экстроверсия-иннтроверсия онша өзгермейтін қасиет жатады.
Мативация мен қабілеттілік, әлеуметтік ортаның ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп тұрады.
Бұл теориялардың барлығы жеке адам деген ұғымды кең мағынада қолданғанда ол темперамент, қабілеттілік және мотивациа деген түсініктердің басын қосады.Бұл үш көрсеткіш жеке адамды сипаттайтын үш аспект болып есептеледі.
Адамның іс-әрекетінің қай түрін алып қарасақ ол үш құрамды бөліктен тұрады:
1. Іс-әрекеті орындау жылдамдағы, динамикасы, қайталанудың жиілігі және қарқындылығы. Бұл темперамент көрсетткіштер.
2 Іс-әрекеті ұйымдастыруға қолдануған құрал-жабдықтар және іс-әрекеті ұйымдастыр миханизімі.Бұл қабілеттіліктің көрсетткіші.
Осы үш аспект бір-бірімен тығыз байланысты және детерминизім ұстанымы бойынша жеке адамның негізін құрайтын тұрақтылықпен байланысты. Құбылмалы көп көріністі жеке адамның негізі ретінде
Осы үш әспептіні эксприменталдық психалогия жан-жақты зеріттейді.
Ол жеке адамның құрылысы деп аталады.
Жеке тұлғаны зерттеу барысында оның аспектілерін анықтауға ерекше көңіл бөлінеді. Қазіргі кездегі зерттеулерде Олпорт анықтаған негізгі үш аспектілерге ерекше көңіл бөлінеді. Оның ішінде психофизиологиялық негізі өте терең болып келетін темпераментті зерттеу мәселесі жетекші болып саналады.
Темперамент туралы ілімнің негізін құрған ғалыме ежелгі грек дәрігері Гиппократ (б.д.д. V ғ.). болып есептеледі. Оның тұжырымдамасы бойынша адамдардың бір-бірінен айырмашылығы оның ағзасындағы 4 негізгі сұйықтықтардың ара қатынасына - қан, шырыш (флегмы), сары өт және қара өт – байланысты деп есептеген.
Осы сұйықтықтар әр адамның ағзасында әр түрлі пропорцияларда болып, олар адамның темпераментін анықтайды деп есептелген (лат. temperamentum — қоспа, ара қатынас). Әр темперамен өзінің аталуын сол адамның ағзасында басым келеді деп болжамданған сұйықтықтың атынан алынған. Соған байланысты темпераменттің келесі типтері анықталған: сангвинк (латынша sanguis — кровь), холерик (грекше chole — желчь), флегматик (грекше phlegma — шырыш) и меланхолик (грекше melaina chole — қара өт). Гиппократ темпераментті таза физиологиялық қасиет деп бағалап, кейбір мүшелердің темпераменті туралы да ой тастаған. Мысалы, жүрек темпераменті, бауыр темпераменті. Сонымен қатар темпераменттің психикамен байланысын көрсетпестен, оларды бір-бірімен ешқандай байланыстырмаған.
Гиппократтың іліміне сүйене отырып антика кезеңінің ең танымал дәрігері Клавдий Гален (б.д.д. II ғ.) темпераменттің бірінші типологиясын жасады. Оны“De temperamentum” деп аталған трактатында баяндады. Оның пікірі бойынша темперамент типтеріне сипаттама берді.
Платон, Аристотель және басқа ежелгі философтар еңбектерінде темперамент туралы пікірлер үлкен орын алды. Аристотель «Жан туралы» трактатында жан төрт құрамды бөліктен тұрады деп, оның өте күрделі құрылым екенін анықтайды. Аристотель бірінші болып ғылымға психика ұғымын ендіріп, жан туралы ғылымды «психология» деп атауды ұсынды.
Ежелгі ғалымдардың темпераментті зерттеуге тигізген әсері соншалықты, тіптен XVIII ғ. Ортасына дейін барлық зерттеушілер темпераменттің анатомо-физиологиялық негізі ретінде қан мен қан айналым жүйесін қарастырды.
XVIII ғ. Ортасынан бастап эндокриндық концепциялармен қатар жүйке жүйесінің ерекшеліктерімен темпераменттің байланыстылығы туралы теориялар жарық көре бастады. Эксперменталдық физиологияның негізін құрушы Альбрехт Галлер психологияға әсері үлкен болған қозу процесі және тітіркену туралы ұғымдарды ендірді, және темперамент ерекшеліктері қозу процесі мен оның күшіне байланысты деген болжам айтты.
XVIII ғ. Аяғында И. Кант төрт темпераменттің психологиялық портретін жасады. Ол жартылай әдеби түрде жасалған мінездемелер қазірге дейін психология ғылымында және әдеби шығармаларда кеңінен пайдалануда. Оның берген мінездемелерін қысқаша келтірсек:
Мысал ретінде Стендаль көркем шығармаларында орын алған темперамент мінездемелерін келтіруге болады. Стендаль өзінің «Италия бейнелеу өнерінің тарихы» деген шығармасында суретші кейіпкерлердің бейнесін дәл суреттеу үшін оның психологиялық білімі жан-жақты болу керек деп көрсеткен.
Холерик темпераменті. Бұл темперамен иесінде өт ағзы сұйықтықтарының ішінде басым келеді. Өт — ағзадағы ең құпия қоспалардың бірі. Химиялық жағынан бұл жанатын, белктан тұратын, көпіршік зат. Физиология жағынан – дрожжылар тәрізді өте тез және күшті қоздыратын, ағымды сұйықтық. Сондықтан холерик ойлары да әрекеттері де жанып тұрған оттай болады. Ол барлық уақытта іс-әрекет үстінде, жылдам, ерекше жағдайларда тез шешім қабылдайтын, отқа да суға да тартынбай түсіп кете беретін, алдын-артын ойламайтын адам. Сондықтан ерекше ерлік көрсету холериктер арасында жиі кездеседі. Ол күйгелек, мазасызданғыш, ұрысқақ, ызақор, бірақ кек сақтамайтын, кешірімді.
Стендальдің пікірі бойынша ұлы адамдардығ ішінде холериктер жиі кездеседі, олар Юлий II, Карл V, Кромвель.
Сангвиник темпераменті. Сангвиник — жарқын жүзді, көңілді, толық денелі, кең көкіректі, сондықтан оның өкпесі мен жүрегі көлемді, дене қызуы жоғары. Бұл физиологиялық көрсеткіштері адамның көңіл-күйінің тепе-тең жағдайда болуына ыңғайлы, өзгелерге сенімділікпен, ынтымақатастықпен қарайды. Баршамен тіл табысқыш, тауекелге бармайды. Сондықтан оны қамалды жаулап алуға немесе қорғауға жіберуге болмайды, оны уәзір ретінде пайдаланған дұрысырақ болады. Француздардың басым көпшілігі сангвиниктер.
Флегматик темпераменті.Солтүстік халықтарына тән темперамент. Өскелең, толық, кең көкіректі адам. Тек ол көкірегін май басқандықтан өкпе-жүрек қысылып, қан айналымы баяу жүреді, сондықтан флегматиктің қимылдары үйлесімді, баяу. Ол еш уақытта шапшаңдық көрсетпейді. Сондықтан алып голландтықты шағын денелі гасконец жеңіп кетеді.
Флегматик сабырлы, оны ұлылыққа жету жолын іздеп мазасыздану мен ер жүректік көрсету (холериктей) қызықтырмайды. Флегматик таныштақ сақтап, іс-әрекетін сабырлылықпен сапалы орындап, барлық қажеттілігін қамтамасыз етіп отыру. Оның мінезі жұмсақ, асықпайтын, сезімін сыртқа шығармайтын, өмірі бір келкілікпен сипатталатын тұлға.
Стендаль 1812 ж. Наполеонның Мәскеуге жорығына қатысып, француз армиясымен бірге Ресейде болған. Ол қысы қатты суықтармен сипатталатын елдің халықтары флегматикалық темперамент көрсетпегеніне таң қалған. Мәскеу тұрғындарының бір түнде қаланы бос қалдырғаны ешқандай флегматикалық темпераментке тән емес, мұндей жағдайды тіптен франциядада кездестіру мүмкін емес, деп орыстардың ерекше шапшаңдығы мен ала сапыран кездегі көрсеткін ержүректігі таң қалдырған.
Меланхолик темпераменті. Меланхолик қысылып-қымтырылып, қимылдары үйлесімсіз, шешім қабылдауда абайлап, келісімге келуі қиын адам. Сезімдері бүркемелі, адамдарға толы кең бөлмеге кіргенде онша көзге түспейтіндей жерлермен жүруге тырысатын, күнделікті көріп жүрген ең қарапайым нәрселерді дене түршігітіндей етіп айтып беретін адам. Махаббат сезіміне бөленгенде, оны айтуға батылы бармастан өзіне қол жұмсауға дейін бартындар да болған.
Стендалдің темпераментке берген осындай мінездемелері күнделікті тұрмыс тәжірибеде қалыптасқан пікірлерді жинақтап көрсеткен түрі.
Темпераменттің жүйке жұйесінің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерімен байланыстылығы туралы ой-пікірлер әр түрлі формада XVIII және XIX ғғ. Философтар мен дәрігерлер еңбектерінде орын алады. И.П. Павлов жүргізген эксперименталдық зерттеулер нәтижесінде жүйке қызметінің көрсеткіштері темпераменттің физиологиялық негізін құратындығын көрсетті.
Эксперименталдық психологияның негізін құрушы В.Вундт темпераментті жеке тұлғаның аффектіге жақындығы: эмоция мен темперамент бір-бірімен түйсіну мен тітіркенгіштік сияқты байланысты деп көрсеткен.
Темпераментті зерттеудің физиологиялық кезеңінде келесі мәселелерге ерекше көңіл бөлінді: қанның химиялық құрамын зерттеу (қан — ағзаның ішкі ортасы, барлық мүшелер қан арқылы бір-бірімен физиологиялық байланыста болады); қан тамырларының кеңдігі мен оның қабырғаларының мықтылығы; зат алмасыдың жүру ерекшеліктері; ішкі секреция бездерінің қазметі; жүйке және ет ұлпаларының тонусы; жүйке жүйесінің қасиеттері.
Темпераментті жүйке жүйесінің физиологиялық қасиеті екендігін дәлелдеу физиолог И. П. Павлов, психологтар Б.М.Теплов, В.Д.Небылицын және олардың шәкірттері еңбектерімен байланысты.
Бұл физиологиялық концепция бастапқы кезде Павлов зертханасында «жүйке жүйесі туралы ілім» деп аталды, ал кейіннен «жүйке жүйесінің қасиеттері туралы ілім» деген ұғымға трансформацияланды.
И.П.Павлов жүйке жүйесінің негізгі қасиеттері ретінде келесі үш көрсеткішті анықтады: күші, тепе-теңділігі және құбылмалығы. ЖЖ-сінің осы көрсеткіштерінің әртүрлі комбинациялары 24 түрлі типтер негіз болатынын анықтады.
В.Д.Небылицын, Б.М.Теплов шеке-ретикулярных құрылымдардың ерекшелігінің жеке тұлға қасиеттеріне тигізетін әсерін зерттеу нәтижесінде осы жүйке құрылымдарының тұлғаны белсенділігіш және өзінің мінез-құлқын реттеуші құрылым екенін дәлелдеп, мінездің эмоционалдық аспектін басқаратынын дәлелдеді.
Қазіргі кездегі зерттеулерде мінездің «динамикалық аспекті» деген ұғым кеңінен пайдалануда: жалпы белсенділік, моторлық көрсеткіштері және эмоционалдықты бағалайды. Ал темперамент (психологиялық мағынада) — ол әр жеке тұлғаның мінез-құлықында көрініс беретін динамикалық қасиеттері.
Жүйке жүйесі күшті, сабырлы, белсенді балалар (сангвиниктер) әдетте жоғары белсенді болады. Олар шапшаң және жұмысқа тез кіріседі, сабаққа белсенді қатысады, сұрақ қойғанда жауап беру үшін қолын созады, қызметтің жаңа түріне жеңіл ауысып, көп уақыт шаршамай жұмыс істей алады.
Жүйке жүйесінің күшті, мазасыз, инертті түріне ие балалар (холериктер) белсенділігінен гөрі реакцияшылдығы (тез ашулану, ызалану т.с.с.) басым болуымен ерекшеленеді. Олар сабырсыз, күйгелек, өзді-өзі ұстай алмайтын тынымсыз болып, қызметтің жаңа түріне оңайлықпен ауыса алмайды. Алайда, мұндай бала қызықса, жеңіл және ынтызарлықпен жұмыс істейді, ал егер оған бірдеңе ұнамаса, ол бірден «өшеді». Бұл балалардың жұмыс істеу қабілеті тұрақсыз.
Жүйке жүйесінің күшті, сабырлы, инертті түріне ие балалар (флегматик-тер) көңілін баяу аударып, жұмысқа қиын және ұзақ кіріседі. Көңіл бөлсе, олар ұзақ және тынымсыз жұмыс істейді, бірақ бірден дағдылана алмайды.
Жүйке жүйесі әлсіз балалардың (меланхоликтер) белсенділігі төмен, олар-дың үні сабақта да, қоңырауда да естілмейді. Олар қол созып жауап бермейді, өте ұялшақ болады, баяу қозғалады, кішкене қиыншылық олардың көңілін бөледі, елеңдемей жұмыс істей алмайды, тез шаршайды. Демек, жұмыс істеу қабілетінің динамикасы бұл балаларда нашар.
Қазіргі кездегі темперамент анықтамасы: психикалық құбылыстардың динамикалық мінездемесі.
Темпераменттің көрініс беретін үш аспектісі анықталған: жалпы белсенділігі, моторлық сфераның ерекшелігі және эмоционалдық қасиеттерінің ерекшеліктері.
Достарыңызбен бөлісу: |