Жеке тұлғаға бағыттап оқытудың сипаттамасы



бет1/2
Дата09.10.2023
өлшемі59,36 Kb.
#113470
  1   2
Байланысты:
морфология СӨЖ


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті



СӨЖ
Тақырыбы:Жеке тұлғаға бағыттап оқыту
Тобы :ҚТӘ-202
Орындаған: Жақсыбек А.
Қабылдаған: Жусанбаева С.
Алматы 2023
Жоспары:
1. Жеке тұлғаға бағытталған оқытудың технологиялары туралы
2. Тұлғаға бағытталған оқытудың моделі. 
3. Тұлғаға бағытталған технологиясының тұжырымдамасы. 
4. Тұлғаға бағытталған технологияларының түрлері.
Жеке тұлғаға бағыттап оқытудың сипаттамасы
Қазіргі таңдағы өзгерістер қоғамның шығармашыл әрекет пен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екенін күнделікті өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Сондай басым бағыттардың бірі - жеке тұлғаға бағытталған білім беру.
Жеке тұлғаға бағытталған білім беру педагогикалық іс әрекеттің әдіснамалық жаңа бағыты, яғни баланың қайталанбас дара тұлға ретінде өзін- өзі тануын, өзін - өзі жетілдіре отырып дамытуын қамтамасыз ететін өзара тығыз байланысты идеялар, түсініктер және іс - әрекеттер жиынтығы.
Соңғы он жылдықта біздің қоғамымыздың қоғамдық-саяси және экономикалық шарттары білім және тәрбие берудің парадигмасының өзгеруіне алып келді. Авторитарлық-технократиялық парадигманың орнына білім және тәрбие беру ісінде гуманитарлық жеке тұлғаға бағытталған парадигма келді. Бұл жаңа парадигма оқушының толық тұлғалық дамуына бағытталған, оның өз бетімен оқуын дамыту, шешім қабылдай алу қабілеті, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.
Тұлғаға бағытталған жаңа көзқарас түсінігін айқындау үшін негізгі үш мәселеге тоқтала кеткеніміз жөн.
1. Тұлғаға бағытталған көзқарас ұғымын ашатын негізгі түсініктер:
- адамның даралық ешкімге ұқсамайтын өзіндік ерекшелігі;
- жеке тұлғаның үнемі өзгеріп отыратын әлеуметтік болмысы;
- тұлғаның өзіне тән қасиеттері мен мүмкіндіктерін таныту үрдісі",
- өзін және қоршаған ортаны тануда саналы, шығармашылық белсенділік көрсететін жеке тұлға әрекеті;
- мендік тұжырымдаманың болуы;
- педагогикалық қолдау оқушылардың білім алуына, өмірлік, кәсіби өсуіне, психикалық қарым - қатынас бойынша алдын ала көмек беру іс әрекеті.
2. Оқушыларға білім беру құрылымының негізгі ережелері мен бастапқы жағдайы:
- өзін - өзі белсендіретін тұлға ұстанымы;
- дарашылық ұстаным;
- субъектілік ұстаным;
- таңдау ұстанымы;
- шығармашылық табыс ұстанымы.
3. Технологаялық бөлік. Оған мыналар жатады:
- шығармашылық іс- әрекетке шақыру;
- баланың жеке басының дамуын қолдау;
- оқушылардың өз бетінше шешім қабылдауына, білім алудың мазмұны мен жолдарын таңдауға еркіндік беру.
Жоғарыда аталған түсініктемелер тұлғаға бағыттап оқытудың сипаттамасын айқындауға мүмкіндік береді, яғни жеке тұлғаға бағыттап оқыту дегеніміз оқушының қажеттіліктерін, ерекшеліктерін, іс әрекетін ескеретін, жан жақты, яғни интеллектуалды ойлау қабілетін, өз бетінше шешім қабылдай алатын, шығармашылық қабілетін дамытатын тұлғаның «мәдениетаралық қарым -қатынас субъектісін» қалыптастыру.
Жеке тұлғаға бағытталған оқыту — бұл жеке тұлғаның белсенділігіне жету. Барлық оқу процесін белсенділендіру жоспарында ең маңыздысы практикалық сабақтарда берілген мүмкіндіктерді барынша қолдану.
Жеке тұлғаны дамытуға бағытталған оқыту оқушыға ғылым негіздеріи үйретіп қана қоймай, әр оқушының бейімділігін анықтап, тұлғалық негізіне қарай білім беруі тиіс. Ол баланың табиғи қабілетін зерттеу арқылы оны болашақ мамандығына сәйкестендіру. Педагогикалық технологияда осы күнге дейін жеке тұлғаға бағытталған оқытудың мәнін анықтауда түрлі пікірлер болды. Тұлғалық көзқарас тұрғысы көптеген ғалымдардың күрделі нысанасы-тұлғаның өзі де сияқты бір ғана ұғыммен айқындалмайды.
1. И.С. Якиманскаяның ойы бойынша, оқушыны оқу процесінің басты тұлғасы ретінде тану - бұл жеке тұлғаға бағыттап оқыту деп аталады. Жеке тұлғаға бағытталған оқытудың моделін құру үшін келесі түсініктерді айыруды қажет деп есептейді:
- түрлі дәрежелі амал - түрлі дәрежелі бағдарлама материалының қиындығына бағытталған болуы тиіс;
- өзгешілік амал - оқушылардың сыртқы ерекшелігі: білімі,
- қабілеті, білім беру орталығының типі бойынша бөлу; 
- жекеше амал- оқушыларды біріңғай топ бойынша: үлгерімі, қабілеті, әлеуметтік-кәсіби ағымына қарай топтау; 
- субъекті-жекелі амал - әрбір оқушымен жақын қарым қатынаста болу. 
Жеке тұлғаға бағыттап оқытуда білім алушының жеке басы бірінші орында тұрады. Әрбір адам тұлға бола отырып, бір жағынан жеке тұлға, екінші жағынан әлеуметтік типтік тұлға, яғни әлеуметтік маңызды сипаттарды қамтушы болып табылады.
Жеке тұлғаға бағыттап оқытуды Ариян М.А. былай дейді: «Сыныптағы оқушылар өздерінің әр түрлі параметрлері бойынша бөлінеді: оқу деңгейі, оқуға деген талпынысы, тілді меңгеруі, топта шетел тілінде қарым-қатынас жасай білуі, интеллектуалдық қабілеттері, шетел тілін оқуға деген мотивациялары». Ал И.Л. Бим жеке тұлғаға бағыттап оқытуды жеке тұлғаның құрылымы арқылы түсіндіреді және оны мәдениетаралық қарым-қатынаспен салыстырады. Жеке тұлғаға бағыттап оқыту оқушыда мәдениетаралық қарым-қатынастың барлық компоненттерін игергенде жүзеге асады деген тұжырым жасайды.
Жеке тұлғаға бағыттап оқытуға Алексеев Н.А. келесі анықтаманы береді: Оқытудың мақсаты болып окушының өзіндік ерекшеліктері деп, оның өзін-өзі бағалауы, яғни оқу процесінің субъективтілігін айтамыз. Жеке тұлғаға бағыттап окыту - бұл оқу субъектісінің ерекшеліктерін ескеру ғана емес, сонымен қатар оқу шарттарын ұйымдастырудың басқаша әдіснамасы, оның өзіндік жеке функцияларын «өндіруді» айтады.
Жоғарыдағы әдіскерлердің ойларымен келісе отырып, жеке тұлғаға бағыттап оқытудың сипаттамасын былайша қорытқым келеді: Сыныптағы әрбір оқушының ерекшеліктерін, қажеттіліктерін ескере отырып, оның оқу процесінде жан-жақты дамуын жүзеге асыру болып табылады, яғни тұлғаны оқытудың соңғы нәтижесі мәдениетаралық қарым - қатынасқа жету. Жеке тұлғаға бағытталған амалды қазіргі заманғы теория және парадигма ретінде қарау, білім беру жүйесінің барлық компоненттеріне әсер ететін (мақсатты, технологиялық, ұйымдастырушылық, прагмо-нәтижелі және т.б.) оқушыны оқу процесінің басты орталығы ету қажет, оқу әрекетінің белсенді субъектісі, жеке тұлғаның жан-жақты дамуын, оқушының барлық тұлғалық сипатын белсенділендіру, әсіресе, оның интеллектуалдық жағын, типологиялық ерекшеліктерін, мінезін, коммуникативтік қабілетін.
Жаңа парадигмаға сай оқу процесінің орталығында оқушының қажеттіліктері, қабілеті, мүмкіншіліктері тұрады. Оқушы мүғаліммен қатар оқу әрекетінің субъектісі ретінде танылады, ал мұғалім - ұйымдастырушы, кеңесші, әріптес болып табылады, яғни оқушы іс-әрекетінің педагогикалық көмекшісі болып табылады. Жеке тұлғаға бағытталған парадигма оқу жүйесінің барлық компоненттерін қамтиды.
Жеке тұлғаға бағытталған парадигма оқытудың барлық маңызды қазіргі заманғы амалдарына сәйкес келеді:
- әрекетшіл ( адам іс-әрекет арқылы дамиды); 
- әлеуметтік-мәдени (білім - бұл адамның мәдениетке енуі, айналуы);
- коммуникативті-когнитивті (қатынас және таным білім алудың негізгі әдістері); 
- біліктілігі (тәжірибеге бағытталған білім берудің нәтижелі мақсатты бағытын анықтайды);
- ортаға бағытталған (тиімді білім беру орталығын жобалауға мақсатталған).
Оқушылардың мектепте алған іскерліктері мен білімі, олардың қызығушылықтары мен мүмкіндіктері, олардың жеке психо физиологиялық ерекшеліктерін ескеру педагогикалық біліктілік болып табылады. Сондықтан педагогикалық процесте оқу жоспарын және бағдарламаларын кұруда жеке тұлғаға бағыттап оқытудың ерекше маңызы бар.
Н.А. Алексеев және т.б. ғалымдардың ойлары бойынша жеке тұлғаға бағытталған оқытудың технологиялық жағын қамту керек, сондықтан да жеке тұлғаға бағытталған оқытудың педагогикалық технологиясы туралы айтудың маңызы ерекше. Қазіргі кезеңде біздің қоғамымыздың қажеттіліктерінің дамуы бұл технологиялардың белсенді және әр түрлі деңгейдегі технологияларға байланысты болып отыр.
Бұл амалдардың жүзеге асуы үшін Якиманская И.С. мына жайыттарды ескеру кажеттігін айтады: 
- оқытудың барлық сатысын қамтитын жүйелі болуы тиіс; 
- ерекше білім беру орталығы қажет, әрбір оқушының жекеше таңдаушылығын, оның тиянақтылығын, танымдық стилін көрсету үшін арнайы шарттар ұйымдастыру;
- жеке тұлғаға бағыгталған білім беру жүйесінің мақсатын, құндылығын түсінетін және бөле алатын арнайы дайындалған мұғалім керек.
Ғалым И.С.Якиманскаяның тұжырымына тағы назар аударсақ; жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың негізгі ережелерін төмендегідей тұжырымдайды:
Басты мақсаты-оқушы тұлғасының жеке қабілеттері мен қасиеттерін дамыту;
Білім беру жүйесі басынан-ақ оқушыдан бастап оқыту және тәрбиелеу мақсаттарына, мазмұны мен технологияларына қарай бағыттала құрылуы тиіс;
Оқушы дамуын диагностикалау мен ынталандыруды мұғалім олардың қызметін ұзақ уақыт бойына байқау әдістері негізінде іске асыруы тиіс.
И.С.Якиманскаяның пайымдауынша, жеке тұлғаға бағдарланған оқытуда даралау тәсілі барлық білім беру процесінің негізгі қағидасы болып табылады, оның мақсаты-әрбір баланың мүмкіндіктерін танып, дамыту. "Жеке тұлғалық тәсіл жағдайында балалардың өзіндік жеке ерекшеліктерінің болуы қойылған мақсатқа жетудің-яғни, қайталанбас жеке тұлға ретінде әрбір оқушының дамуын қамтамасыз етудің қажетті шарты”.
Е.В.Бондоревская жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың мазмұнында жеке жеке тұлғаны дамытуға және қалыптастыруға қажетті мынадай 4 компонент міндетті түрде болуы қажет деп атап көрсеткен. Олар: аксеологиялық, когнитивті, шығармашылық-әрекеттік және жеке тұлғалық. Осы жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың мазмұнының төрт компоненті де негізінен сөйлесу, шығармашылық іс-әрекет арқылы әрбір баланың жекелеген дамытуға жағдай жасауға, өз бетінше шешім қабылдауға және шығармашылығына, оқу әдістері мен мазмұнын таңдауға толық мүмкіндік береді деп ойлаймыз.
Г.К.Селевко мұндай технологияның ең негізгі құндылығы-оқушы жеке тұлғасы, ал негізгі мақсаты табиғи қабілеттеріне сәйкес тұлғаны дамыту және қалыптастыру деп атап көрсетеді. 
Біздің ойымызша, жеке тұлғаға бағдарланған оқыту материалды шығармашылықпен меңгеру аясын кеңейтеді және жеке тұлғаға бағдарланған оқыту мұғалімнен төмендегідей іс-әрекетті талап етеді: 1) өз оқушыларының темпераменті, мінезі-құлқы, көзқарасы, талғамы мен әдеп-дағдыларының жеке ерекшеліктерін үнемі зерделеп, жақсы білуі; 2) жеке тұлғаның ойлау ерекшелігі, қызығушылығы, мүддесі, ұстанымы, бағытталуы, өмірге, еңбекке көзқарасы, құндылық бағыттары, өмірлік доспары және т.б. сияқты аса маңызды тұлғалық қасиеттерінің нақты қалыптасу деңгейін қадағалап, білуі; 3) әрбір оқушыны өз шамасына сай және біртіндеп күрделене беретін әрі жеке тұлға дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелік әрекетке үнемі тартып отыруы; 4) мақсатқа жетуге кедергі келтіретін себептерді уақытылы айқындап, жойып отыруы, ал егер мұны уақтылы істей алмаса, жаңа жағдайларға сай тәрбие тактикасын жедел түрде өзгертуі; 5) жеке тұлғаның өз белсенділігіне неғұрлым көбірек сүйенуі; 6) тәрбие ісін жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуімен ұштастырып, өзін-өзі тәрбиелеу мақсаттарын, әдістерін, формаларын таңдауға көмек беруі; 7) оқушылардың дербес әрекетін, бастамашылдығын, әрекетшілдігін дамытып, басқаруы емес, табысқа жетелейтін қызметті ұйымдастырып, бағыттауы тиіс.
2. В.В.Сериков ұсынған жеке тұлғаға бағдарланған білім беру тұжырымдамасының мәні төмендегідей:
1. Жеке тұлға дегеніміз-адамның арнайы білім алу және даму аясын білдіретін педагогикалық категория.
2. Адам "жеке тұлға болу” тәжірибесін, яғни жеке тұлға функцияларын атқара білу тәжірибесін меңгеруі тиіс.
В.В.Сериков жеке тұлғаға бағдарланған білім беруге тән заңдылықтарды атап көрсетеді:
1. Жобалау элементі-"тұлға өміріндегі оқиға”, ол кейіннен біртұтас өмірлік нәтижеге айналады. Ал білім тек оның бір бөлігі ғана болып табылады.
2. Оқыту мұғалім мен оқушының бірлескен қызметі болады: мұнда сұхбаттасу білім беру субьектілерінің өмір сүру тәсілі ретінде танылады.
3. Процесс тұлғалық тәжірибенің бастауы болып шығады.
4. Оқыту адамның табиғи өмір сүру жағдайына жақын бола түседі.
5. Мұғалім мен оқушының өзара бірлескен әрекеті тұлға аралық, субьект аралық қарым-қатынас сипатын алады.
Ендеше, жеке тұлғаға бағдарланған оқыту дегеніміз-тек оқушыларды бір-бірінен айрықшалайтын жеке ерекшеліктерін есепке алу ғана емес, бұл-ең алдымен, оқушыға жеке тұлға ретінде, бірлескен қызметтің саналы әрі жауапкершіл субьектісі ретінде қарау.
Г.К.Селевко бұл технологиялардың негізінде өзін-өзі өзектілендіруге ұмтылатын "толық қанды тұлға” болуы тиіс дегенді баса атап көрсетеді. Мұндай тұлға әртүрлі өмірлік жағдайларда жауапты әрі саналы шешім қабылдай алатын болады. Жеке тұлғаға бағытталған технологиялардың мақсаты, ғалымның пікірінше, жеке тұлғаның өзінің табиғи қабілеттеріне сай қалыптастырып, дамыту болып табылады.
Технолог ғалымдардың пайымдауынша, жеке тұлғаға бағдарланған технологиялар әрбір баланың жеке ерекшеліктеріне сай оқыту және тәрбиелеу әдістері мен тәсілдерін іздеуде. Мұндай технологиялар психодиагностика әдістерін пайдаланады, оқушылар қызметін ұйымдастыруға деген көзқарасты өзгертеді, оқудың түрлі құралдарын қолданады. Демек, жеке тұлғаға бағдарланған технологиялар сүйіспеншілік, қамқорлық, ынтымақтастық ахуалын туғызып, жеке тұлғаның шығармашылық әрекеттеріне және өзін-өзі өзектілендіруіне барлық жағдайларды жасайды және жеке тұлғаға бағдарланған оқыту әрбір оқушының өзін танымдық және оқу қызметінде бейімділіктеріне, мүдделеріне, мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне сай жүзеге асыруына мүмкіндік береді.
Сонымен, С.В.Кульневичтің атап көрсеткеніндей, білім беру процесін тұлғаға бағдарлау гуманистік педагогикалық мәдениет құндылықтарына ықпал етеді, бұл дегеніміз-білім алу емес, бала өміріндегі білімнің жеке тұлғалық мәні; жекелеген білік-дағдылар емес, жеке тұлғаның жеке ерекшеліктері, өзіндік дербес оқу қызметі, өмірлік тәжірибесі; педагогикалық талаптар қою емес, педагогикалық қолдау мен қамқарлық көрсету және мұғалім мен оқушының сұхбаттасуы; білім көлемі емес, меңгерілген ақпарат мөлшері емес, оқушының жалпы жеке тұлғалық өсуі, дамуы және өзін-өзі дамытуы.
Жеке тұлғаға бағдарланған оқу процестері: дамыта оқыту; баланың жеке ерекшеліктерін қалыптастыруға педагогикалық қолдау көрсету; тәрбиені баланы рухани-адамгершілік дамыту құралы ретінде қарастырады. Жеке тұлғаға бағдарланған білім берудің мақсаты-адамды қолдау, дамыту, онда өзін-өзі жүзеге асыру, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеудің тетіктерін қалыптастыру. Мұндай технологияларға. Ынтымақтастық, сұхбаттастық, әрекетшілдік-сипатшылық әрекеті, баланың жеке дамуын қолдауға бағытталуы, оған дербес шешімдер қабылдауға, шығармашылыққа, мұғаліммен өзара шығармашылық ынтымақтастығына қажетті кеңістік пен еркіндік беру сипаты тән.
3. Бүгінгі таңда мынадай жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиялары бар:
• В.Ф.Шаталовтың тірек белгілер негізіндегі технологиясы
• П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы
• В.В.Фирсовтың саралай оқыту технологиясы;
• Ш.А.Амонашвилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы
• Л.В.Занковтың, Д.Б.Эльконин-В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы;
Ю.К.Бабанскийдің оқу процесін оптимизациялау технологиясы;
• М.Чошановтың, П.И.Третьяковтың, К.Я.Вазинаның, В.М.Монаховтың модульдік оқыту технологиялары;
• Г.К.Селевконың өзін-өзі дамыта оқыту технологиясы;
• Ж.А.Қараевтың, Т.Т.Ғалиевтің, Ә.Жүнісбектің, М.М.Жанпейісованың, Н.Н.Нұрахметов пен К.Әбдіғалиевтің оқыту технологиялары кеңінен танымал.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет