Жеке тұлғаны идентификациялау әдістері



Дата04.11.2022
өлшемі23,59 Kb.
#47362



Жеке тұлғаны идентификациялау әдістері

  • Ақпараттық технология құралдарын қолданушы қандай да бір ресурс немесе сервиске кіру үшін белгілі бір ақпаратты енгізеді. Мұндай әрекеттер Интернетте логин мен құпия сөзді енгізу кезінде орын алады, алайда бұдан басқа да әдіс түрлері бар. Жүйеге кіру мен жеке мәліметтерді енгізу үрдісінің 2 деңгейі бар:

  • Идентификация­– серверге тіркелген қолданудының өзіне ғана тән жеке мәліметтерді енгізуі.

  • Аутентификация – серверде енгізілген жеке мәліметтерді тексеру және қабылдау.

Кейде бұл әдістердің орнына тіркелу сөзі қолданылады. Тіркелу үрдісі қарапайым, кез келген әлеуметтік желіде тіркелу үрдісін алып қарастыруға болады, мысалы:
Тіркелу – мұнда қолданушы электронды поштасын, телефон нөмірі мен құпия сөзді енгізеді. Бұл ақпараттар жүйеде қайталанбауы керек, сондықтан бір адам тек қана бір аккаунт пен тіркеле алады.
• Идентификация – тіркеуден өту кезінде көрсетілген ақпаратты енгізу, мысалы, электронды пошта не телефон нөмірі.
Аутентификацияда Кіру батырмасы басылғаннан кейін парақша сервермен байланысып, мұндай логин мен құпия сөздің бар-жоқтығы тексеріледі. Егер барлығы дұрыс болса, онда әлеуметтік желі парақшасы ашылады.
Сәйкестендіру әдістері

  • Сәйкестендіру әдістерінің бірнеше түрі бар, олар бір-бірінен қорғау мен қолдану деңгейлері арқылы ажыратылады. Құпиясөз арқылы қорғау. Қолданушы өзінен басқа ешкім білмейтін қандайда бір кілтті немесе құпия сөзді біледі. Бұл топқа СМС хабарлама алуарқылы идентификациядан өтуді жатқызуға болады. Қолданушы өз аты мен құпия сөзін енгізген кезде сервер енгізілген ақпаратты желіде сақталған ақпаратпен салыстырады. Ақпараттар толық сәйкестендірілсе, жүйеге кіру қол жетімді болады.

Құпиясөздің екі түрі бар: динамикалық және тұрақты.

  • Тұрақты құпия сөздер қолданушы талабы бойынша, ал динамикалық құпия сөздер белгілі бір параметр бойынша өзгертіледі. Мысалы, құпиясөз ұмытылып қалған жағдайда сервер жүйеге кіру үшін қолданушыға динамикалық құпиясөз ұсынады.

Арнайы заттарды қолдану.

  • Фирма немесе белгілі бір ұйымда қолданылады. Бұл әдісте карточка, арнайы білезік, флеш-жинақтауышты қолдануға болады. Олар жүйеге жақындатылғанда тексеру жұмыстары жүргізіліп, сервер қолданушыны кіргізеді немесе кіруге рұқсат бермейді.

Биометриялық тексеру

  • Мұнда көздің ішкі тор қабығы, дауысы, саусақтың ізі қолданылады. Бұл – қорғау жүйелерінің ішіндегі ең қуаттыларының бірі. Сонымен қатар ең сенім ді, бірақ ең қымбат жүйе. Заманауи құралдар тек түрлі нүктелерді ғана емес, адамның түрі мен іс-қимылында ажыратаалады.

Құпия ақпаратты қолдану.

  • Бұл көп жағдайда программалық жасақтаманы қорғау үшін қолданады. Мұнда дербес компьютер құралдарына орнатылған кэш-браузер, орналасу мекені және т.б. тексеріледі. Идентификация, аутентификация және тіркелу түсініктерін білу оларды қызметі бойынша дұрыс қолдануға мүмкіндік береді. Ал бұл барлық Интернет пен оның қолданушыларының қауіпсіздігін сақтауға өз ықпалын тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет