Желтоқсандағы жас ару Білем бүгін ерліктің таңы атқанын



Дата02.06.2023
өлшемі16,2 Kb.
#98475

Желтоқсандағы жас ару
Білем бүгін ерліктің таңы атқанын
Қорқынышпен талай қара түннің батқанын
Кетпейді әлі, өшпейді әлі есімнен….
Жас арудың қызыл қанда жатқанын

Желтоқсан- қаралы күннің елесі еді,


Жаңа заман бұл сөзіммен теңеспеді.
Колбин мырза билікке отырарда,
Қарапайым халықпен кеңеспеді.

Қинады қазақтарды санап бәрін,


Қанға былғап жас ару балақтарын.
Қазақты қазақ ғана билесін деп
Ұстап шықты алаңға парақтарын!

Жазып кетті тағы да бір айғақты,


Біздің қазақ қайсарлы ғой айбатты
Тәуелсіздік құрбандарын ұмытпа
Ербол, Ләззат, Сәбира мен Қайратты!

Сәбира қыз- алаңға шықты бұлқынып,


Ушановта бой көтерді жұлқынып
Бейбіт өмір белесіне ұмтылған.
Желтоқсанда ерлікпен кетті қыршын жұрт.

Сәбира қыз- қазақ үшін сол алаңда терледің,


Сәбира қыз- ерлігіңмен елің үшін ерледің
Желтоқсанда қарсы шығып Колбинге,
Ақырында қазақ жерін бермедің.
Сәбира қыз ерлікпен салып кеткен ізіңді
Кейінгі ұрпақ міне бүгін түсінді.
Сәбирадай батырларды еске алып,
Орнатайық ескерткішпен мүсінді!

Батырларды еске алу қиындапты,


Орыстардың жаңа жылы тиылмапты..
Тәуелсіздік алып берген батырларға,
Елімізде бір ескерткіш бұйырмапты!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет