Абай Құнанбайұлының қара сөздері Ұлы Абай атамыздың өнерін сусындап өспеген бала аз шығар



Дата10.04.2023
өлшемі18,7 Kb.
#81119

Абай Құнанбайұлының қара сөздері
Ұлы Абай атамыздың өнерін сусындап өспеген бала аз шығар...
Әр өлеңінің сөзінің мағынасын ұғынып, қара сөздерін жаттап алатынмын. Ұлы ақынның айтар сөзі, берер ақылы ұлан теңіз.
Бірінші қара сөзінде жастық шағын еске алып алып, әурешілікті көре келгенін айтады.
Орта жасқа келгенде  Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Ел бағу? Орта жастан асып ел бағатын жастан кеттім. Мал бағу? Малымды кім көрінгенге жем қылғанша балаларым бақсын дейді.Ғылым бағу? Ақыл сұрайтын адам болмаса, ақылыңды тыңдайтын адам болмаса ғылымның өзі бір қартайатын дүние екендігін айтады. Софылық қылып, дін бағу? Тыныштық, көңілімде, өмірімде тыныштық болу қажет. Балаларды бағу? Бала бағудың мәнісін білмеймін.
Абай атамыз бұл қара сөзінде жастық шағың өтседе қол қусырып отырмайын деп, қара қалам ұстап ендігі ермегім осы ойыма келген нәрселерді қағаз бетіне түсірейін. Керегі болса оқыңдар, жазып алыңдар, керегі жоқ болса өз сөзім өзімде дейді.
Бұндағы түйген ойым: Жастық шағыңда бәріде өз қолыңда, орта жасқа келгенше малыңды бақ, еліңді бақ, ғылым бақ, дін бақ, бала бақ. Қартайған шағыңда өмір бойы атқарған қызметіңнің жемісін көресің...
Екінші қара сөзінде қазақ халқын ең жақсы халық қазақ халқы екен деп, басқа халықтың бәрі ұнамаушы еді дейді, Кейін келе түсінгенім орыс халқы нағыз еңбекқор,ептілік, әдемілік бәрі соларда екен...
Түйгенім: Жаман халық, жаман адам болмайды. Әр халық, әр адам өзі үшін еңбектеніп, тырмысып, талпынады,
Келесі сөзінде қазақ халқы жалқау, қаскүнем,көре алмайтындығын алға тартады. Жалқау адам қайратсыз,қорқақ болады; қорқақ мақтаншақ болады; Мақтаншақ надан болады; осындай адамдар ақымақ, тойымсыз келеді
Әр қазақтың ойы малын көбейту, не болмаса жағдайы дұрысталса елден кету.
Төртінші қара сөзінде күлкісі көп адам не ақылдан, шаруадан, ұяттын алыс болады.Үнемі күліп жүре аламыз ба? Үнемі қабағыңды түйіп жүр демеймін, олай жүругеде болмайды.
Жаман кісінің қылығына күлсең рахаттанба, азаланып күл. Жақсының жақсылығын көріп ғибарттанып күл.
Адам баласы жылап туады,кейіп өледі. Бар өмірін босқа өткізіп алып бір күндік өмірді бар малына сатып алуға таба алмайды. Аллаға сыйынып, өз күшіңе сеніп еңбек етсең жемісін көрерсің дейді ғұлама ақын.
Бесінші сөзінде көңілдегі қайғы не көз жасы болып не сөз болып шығатындығын айтады. Қазақ халқы білім қумақ, ғылым үшін қам жемейді екен. Мал үшін қам жеп, қайтіп байысам, қайтіап көбейтсем? Кімді алдап жаулассам екен дейді.
Халқымыз «Ә, құдай жас баладай қайғысыз қыла көр!» дейді екен, алайда, жас бала қызыл ошақтанда қорқады ғой, бұлар тозақтанда қорықпай деп салыстырмалы түрде ойын жеткізеді. Адам қайтсем мал тапсам, қайтсем тарты п алып малымды көбейтсем деп ойлайды екен.
Бесінші қара сөзінде бірлік қандай елде болады? Ел бірлігі, бір аста, бір тамақта емес. Көкірегі ояу, көзі ашық адамда ғана бірлік болады дейді.
Алтыншы қара сөзінде бала екі түрлі мінезбен туады екен, бірі ішсем, жесем, ұйықтасам. Екіншісі білсем, көрсем дейді екен. Естіген әр дыбысқа, әр нәрсеге талпынады екен. Құдай ессіз ді мен естіні бірдей жаратады екен. Есі толмаған бала білсем, көрсем дейді екен. Білгенімізді әрі қарай өрістетсек қой, алайда, ауылдан алыстамадық. Бала кезіміз артық екен, адам өсе келе ешнәрсеге көңілмен қарамайды екенбіз.
Ақылды кім үйренеді? Насихатты кім тыңдайды? Бай жоғын малыма сатып аламын дейді. Болыс, билер өздері ақыл айту үшін сол орында отыр. Ұры-зұлымның өзі тыңдамайды. Олар білім, ақыл, ғылымды қайтсін дейді?!
Абай Құнанбайұлыныі «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды дүние.
«... құмарланып, жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді,» бұндағы жанның тамағы деген ұлы философиялық ой.
Абайдың өлең немесе қара сөздерінде орыс сөздері аз кездеспейді. Олар адвокат, доктор, номер, химия, трагедия,, ноль, образование, назначение, посредник, прошение, виноват.
Қазақ халқына, еліне, жеріне жаны ашуына қарағанда өнерге, білімге, ғылымға жақын болғандығын қалады. Жас балаларды білімге шақырды. Басқа ұлт өкілдерін, әсіресе, орыс халқы сияқты жан жақты болуға шықырады.
Оқыавн, білген адам жерде қалмайды... Тек біліп қана қоймай оны қағаз бетіне түсіріп үлгі қалдырыңдар дейді ұлы ғұлама.
Аты әлемге әйгілі Абай атамның әр туындысын терең түсініп, ұғынуға тырысамын. Білген, түйген ойыммен оқушыларыммен бөлісіп біздің арамыздан ойы ұшқыр, дана, дара оқушыларды тәрбиелегім келеді...

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет