Жер учаскелеріне төлемақының базалық ставкаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 003 жылғы қыркүйектегі n 890 Қаулысын негізге ала отырып есептелінеді



Дата04.05.2023
өлшемі67,92 Kb.
#89755
Байланысты:
зертханалык Аманжан Н.Б


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті



Факультеті «География және табиғатты пайдалану»
Кафедрасы «География, жерге орналастыру және кадастр»

Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Елді мекендердегі (қалалардағы) жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасын есептеу




Орындаған: Аманжан Н.Б
Тексерген: Бектурганова А.Е


Алматы, 2023 ж.
Зертханалық жұмыс № 2
Тақырыбы: Елді мекендердегі (қалалардағы) жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасын есептеу


Жұмыстың мақсаты: Студенттерге елді мекендердегі (қалалардағы) жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасын есептеуді үйрету


Қысқаша теориялық мәліметтер:
Базалық ставкалар - Жер учаскелеріне төлемақының базалық ставкаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі N 890 Қаулысын негізге ала отырып есептелінеді. Жер учаскелері төлемақысының базалық ставкасы – (бұдан әрі ЖУТБС) мемлекет арқылы жер учаскесіне жеке меншік құқығы берілген кезде немесе уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын сату кезінде жер учаскесінің кадастрлік құнын анықтау үшін оның нормативтік бағасы болып табылады. Осы жұмыстарды жер ресурстарын басқару комитетінің тапсырмасымен жер қатынастарын басқару мекемелері мен жер кадастрын жүргізетін арнайы мамандандырылған мекемелер бірге атқарады.


Дайындық жұмыстары:

  1. Қажетті материалдарды жинау, жүйелеу және сараптау (1,2 кесте).

Кесте 1. Ақпараттарды жинау



Ақпарат түрлері

Ақпарат көздері

1

Қаланы дамытудың бас жоспары мен қажетті қалалық кадастр материалдары

Сәулет департаменті

2

Жылжымайтын мүлік құны (бірқабатты, көпқабатты тұрғын үй құрылыстары, әлеуметтік-мәдени объектілері және т.б. ғимараттар)

Азаматтарға арналған үкімет

3

Тұрғын үй құрылысының нарықтық құны

Бұқаралық ақпарат құралдары

4

Акциондар мен жалға беру нәтижелері

Жер қатынастары бөлімшелері

5

Жер пайдалану түрлері бойынша пайдалану жөніндегі жер балансы туралы мәліметтер

Жер қатынастары бөлімшелері

6

Есептік кадастрлық кварталдар туралы мәліметтер (құрылыстар мен жер учаскелерінің көлемі), жоспарлы картографиялық материалдар

Азаматтарға арналған үкімет

7

Жер үшін төлемдердің бюджетке түсуі

Салық комитеті

8

Қала жерлерінің эколого- геологиялық жағдайы

Қоршаған ортаны қорғау басқармасы

9

Басқа ақпарат (қажет болған жағдайда)

Сәйкес келетін ақпарат көздері


  1. Жылжымайтын мүлік объектілерін зерттеу мен түзету, есептік кварталдардағы қалалық жерлерді пайдалану.

  2. Дайындық жұмыстарының нәтижелері бойынша есептік кадастрлік кварталдары көрсетілген қалалық жер учаскелерін пайдаланудың қазіргі кездегі жағдайы, жер экспликациясы және басқа да қажетті ақпараттар жоспарын құрастыру кіреді.

Кесте 2. Жер учаскесі бағалық құнының базалық ставкасын анықтауға қажет кварталдар бойынша объектілер тізімі





Объект атауы

Квартал нөмірі № 20314006

Саны, дана

Жалпы көлемі

Ортанарықтық құны 1шаршы м.(мың/тг)

S у.ү

S құр.

1

2

3

4

5

6

1

Бірқабатты тұрғын үйлер

32

48526

3125

52163871

2

Көпқабатты тұрғын үйлер

18

31940

1056

89657452

3

Мәдени тұрмыстық қызмет көрсету объектілері

10

78264

32207

3215256635

4

Өндірістік ғимараттар

8

1316

64521

2514458

5

Тағы басқалар

-

-

-

-




Барлығы

68

160046

100909

3 309 619 

Жұмыс тәртібі:
1. Типтік есептік кадастрлік кварталдарды таңдау.
Типтік есептік кадастрлік кварталдарды таңдау – құрылысы бар аймақ аумағындағы қала құрылыстық кадастрының материалдары бойынша жүзеге асырылады. Олар аймақтарға бөлінеді, олардың шекаралары:

  • Табиғи шекаралары;

  • Ірі инженерлік құрылғылары бар жер шекаралары (темір жолдар, магистарлды көшелер, көлік жолдары);

  • Ірі қала көшелері, даңғылдар;

  • Өндірістік және өндірістік емес нысандағы кәсіпорын шекаралары;

Аймақтар келесі талаптарға сай болуы керек:

  • Аймақтар ішінде типтік есептер кадастрлық кварталдардың бірыңғай функционалдық мәні мен аумақтық- жобалы шарттары болуы тиіс;

  • Қала орталығына көлік арқылы қатынасу көп өзгермеуі тиіс;

  • Онда жер учаскелерінің сыртқы шарттары бірқалыпты болуға тиіс;

  • Әрбір аймақтың ішінде, яғни, ең ірі әкімшілік, мәдени тұрмыстық, спорттық, сауда және т.б. «тартылыс орталығының» болуы қажет.

Аймақтарда типтік есептік кварталдарды таңдау келесі талаптарға сәйкес жүргізіледі:

  • Таңдалып алынған есептік вадастрлық кварталдар – барлық құрылыстырадың негізгі сипаттарын тасымалдаушыға айналуы тиіс;

  • Қалақұрылыстық құндылықтар бойынша есептік кадастрлық кварталдар сипаттамалары жер учаскесінің құндық мәніне әсер етпеуі тиіс, өйткені ол объективтік емес түрде бағалауға әкеп соғуы мүмкін;

  • Таңдалып алынған есептік кадастрлық кварталдардың көлемі мен саны – математикалық статистикалық талаптарына сәйкес, қорытындылардың жеткілікті түрде дұрыс екендігін қамтамасыз етуі қажет.

Жоғарыда аталған жұмыстар нәтижесінде, құрылысы бар аймақтар мен типтік есептік кварталдардың кестесі құрастырылады.


Қорытынды. Осы зертханалық жұмыста есептік квартал таңдалды. Ол квартал зерттеліп, учаскелер таңдап алынды. Құрылыс салынған учаске аудандары, құрылыс салынбаған учаске аудандары есептеп шығарылды. Крыша кз қосымшасына кіріп, нарықтағы бағаларды зерттеп, олардың орта бағасын шағыру арқылы учаскелердің 1 шарты метрі үшін орта нарықтық құн шығарылды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет