«Абайлаңдар балалар!» Жолда жүру ережесін білеміз бе?



бет1/3
Дата15.12.2023
өлшемі9,01 Mb.
#138372
  1   2   3

«Абайлаңдар балалар!» Жолда жүру ережесін білеміз бе?

Мақсаты: оқушылардың жол ережесі туралы білімін кеңейту, жол белгілерін, олардың топтарын ажырата білуге үйрету; - жол ережесін қатаң сақтауға дағдыландыра отырып, көше ережесіне байланысты ұғымдар мен терминдерді білу адам өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру, қызығушылығын дамыту; - жолда жүру мәдениетіне, жол ережелерін бұлжытпай орындауға, сақтыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке, өзара достыққа тәрбиелеу.

- Балалар, жол деген не? «Жол» деген сөздің өзі көлік құралдары мен жүргіншілер қозғалатын аумақ ұғымын қамтиды. Бұл қалалар мен елді мекендер, олардан тыс жерлердегі жолдар, көшелер мен бұрылыстар. Жол көліктер мен жаяу жүргіншілерге арналған деп екіге бөлінеді.

- Тротуар деген не? Тротуар сөзі француз тілінен аударғанда «жаяу жүргіншіге арналған жол» дегенді білдіреді. Тротуар үстінде қандай да болмасын ойын ойнауға немесе жүгіруге болмайды. Бұл жаяу жүргіншіге бөгет жасаумен қатар, аса қауіпті болып табылады. -

Жол жиегінің бойындағы қапталдар не? Бұл – жол жиегі мен тротуар аралығын бөліп тұру үшін қаланған арнайы тас қаптал. Оны БОРДЮР деп атайды. Бордюр француз тілінде «бір нәрсені жиектеуге арналған жолақ» деген сөз. Кейбір балалар осы бордюрдің үстімен жүруді қызық көреді. Ондай жағдайдың ақыры қайғылы оқиғаға соқтыруы мүмкін.

Балалар! Жол бойындағы сызықтар мен белгілерді «Жол белгілері» деп атаймыз. Біз үнемі тротуармен жүре бермейміз. Көшеден өтетін кезде қалай өтеміз? Біз көшеден тек жаяу жүргіншілер өтпесі арқылы өтуіміз керек. Оны «Зебра» (жолақ жол)деп атайды.

Балалар, жолдағы жол белгілері не үшін керек деп ойлайсыңдар? Жол белгілері жолдарда қозғалысты реттеуге көмектеседі. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол апаттарынан сақтануды ескертеді, қайда баруға болады және болмайтындығын көрсетеді.

Қазақстанда 1987 жылы КСРО-да қабылданған жолда жүру ережелері қолданылды. 1998 жылдан республикада жолда жүрудің жаңа Ережелері қабылданған. Осы ережелерге сай жол белгілері мемлекеттік стандарттар негізінде анықталады. Бұл стандарттар бойынша, жол белгілері бірнеше топқа бөлінеді:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет