Жергілікті желілердің коммуникациялы жабдықтауы



бет1/2
Дата31.10.2022
өлшемі22,45 Kb.
#46513
  1   2

Жергілікті желілердің коммуникациялы жабдықтауы

Жергілікті желі – саны шектеулі компьютерлерді біріктіру үшін қолданылады. Компьютерлік желілер компьютерден басқа да желілік құрылғылардан тұрады. Бұл құрылғы желі арқылы жіберуге арналған ақпаратты түрлендіруге мүмкіндік береді.


Ақпарат – желі арқылы берілетін сигналдарға түрлендіріледі (кодтау процесі), осыдан кейін сигнал қайта түрлендіріледі (декодтау процесі).
Компьютерлер, жергілікті желіге желілік тақша деп аталатын интерфейстік блок – желілік адаптер арқылы қосылады.
Желілік адаптер – компьютердің байланыс желісімен сәйкестендірілуін қамтамасыз ететін құрылғы.
Ақпарат байланыс тораптары арқылы сандық түрде беріледі. Байланыс желісінің сымды және сымсыз түрлері бар.
Желілік құрылғыларға – концентратор мен коммутаторлар жатады. Олар дерек алмасу сапасын жақсартады және деректерді таратудың әр түрлі бөліктерін біріктіреді.
Кабельдік тікелей жалғау. Екі компьютерді желіге қосудың Direk Cable Connection (DCC) – тікелей кабельдік жалғау деп аталатын қарапайым әрі тиімді тәсілі бар. Бұл жағдайда қосымша желілік құрылғылардың қажеті жоқ: компьютерлер бір-біріне порттары арқылы параллель немесе тізбекті қосылады.
Тікелей жалғауда комьпютерлердің бірі- жетекші,екіншісі жетекте болады.
Жетекшікомьютерден жетектегі компьютердің бумаларына, дискісңне, принтеріне қатынасы қамтамасыз етіледі. Жетектегі комьютердің дискілерімен оған қосылған принтері жетекші компьютерде қатысты жетілік болып қалады. Жетекші компьютерден деректерді бір компьютерден екінші компьютерге жіберуді басқаруға болады.
Тікелей кабельтік жалғаудың кемшілігі – дерек тасымалдау жылдамдығының баяулығы. Сол себепті тікелей жалғау мекемелерде сирек қолданылғанымен, тұрмұстық жағдайда қолдануға ыңғайлы. Тікелей жалғау арқылы бірнеше адам қатысып ойнайтын көптеген компьютерлік ойындар жұмыс істейді.
Екіден көп бірнеше компьютерді Бір-бірімен байланыстыру үшін тікелей жалғау жеткіліксіз. Бұл жағдайда әрбір компьютерге Желілік тақташа орнатылуы қажет, оларды бір-бірімен кабель арқылыбайланыстырып, компьютердің бірлескен жұмысын басқаруға арналған арнайы програмаларды іске қосу керек. Егер компьютерлер бір-бірінен алшақ орналаспаса, олар үшін ортақ желілік жабдық пайдаланылады да, олар бір программалық қамтамасыз ету дестемесімен басқарыла береді. Осындай желіні жергілікті желі деп атайды.
Жергілікті желінің екі түрі бар: клиент- сервер және бір деңгейлі (бір рангілі), яғни тең дәрежелі желі. Егер желіде оны басқаруға арнайы бөлінген арнайы файылдық сервер деп аталатын қуатты компьютерлер бар болса, онда олар клиент-сервер түріне жатады. Клиент- сервер желісіндегі басқа компьютерлер – жұмыс станциялары немесе клиенттер, яғни тұтынушылар деп аталады.
Сервер – ортақ пайдалануға арналған барлық ресурстарды пайдалану үшін сервер қосылулы болуы керек. Серверге принтерлер, модем, ортақ программалар ( мысалы, электрондық пошта), факстар және т.б. қосылады. Желідегі жұмыстың көп бөлігін сервер атқарады. Клиент-сервер типіндегі желілер қамтылған ресурстарды толығынан қолдануға мүмкіндік береді. Әдетте, сервер жұмыс өнімділігімен және қатты дискідегі ақпарат көлемінің үлкендігі ьен ерекшеленеді. Мұндай желіде барлық ресурстар – дерек жинақтаушы дискілер (накопители),принтер6 модем, CD-ROM (компакт-диск) дискілері серверге қосылады. Сол себепті ортақ ресурстармен жұмыс жасау үшін алдымен сервермен байланысу қажет.
Бір деңгейлі желіде барлық жұмыс станциясы қайсы бір мағынасында басқалары үшін сервер қызметін атқарады. Олар ортақтастырылған желі ресурстарын бірдей қолдана алады және ресурстарды бөлуді бақылап қуатты ортақ сервер компьютер болмайды. Бір деңгейлі желілердің маңызды ерекшелігі – онымен жұмыс істеу үшін арнайы программалық жабдықтың қажеті жоқ.
Деңгейлерді бірдей жергілікті желілерге әрбір жұмыс станциясы басқалары үшін сервердің қызметін атқара береді. Мысалы, бір компьютерге принтер, басқасына компакт-диск орналастыруға арналған дискжетек ( дискіні айналдырып мәләмет алатын құрылғы) қосылуы мүмкін. Егер мұндай желі Windows 2000 операциялық жүйесі арқылы басқарылса және шалғай құрылғы ортақ ресурс ретінде анықталса, онда желідегі әрбір тұтынушы осы ресурстардың барлығын пайдалана береді. Бірақ принтер қосылған компьютер іске қосылмай тұрса, онда желі арқылы басуға мәлімет шығара алмаймыз. Бірдей деңгейлі жергілікті желіні құру өте жеңіл және осындай тәсілмен байланысқан компьютерлер кез келген мәселені тиімді түрде шеше алады.
Windows 2000 операциялық жүйесі ортақ пайдалануға арналған деректерді кез келген компьютердің пайдалануына толық мүмкіндік береді. Мұндай басқаруды – жүйелік саясат немесе жүйелік ереже деп те атайды. Жергілікті желідегі жұмысты басқаруға жауапты және жүйелік саясатты реттейтін маманды – жүйе басқарушысы немесе жүйелік әкім (администраторы) деп атайды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет