Жетекшісі: Нуржанова Ботакоз Нур



Дата26.11.2022
өлшемі42,49 Kb.
#52810


ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДОГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Жетекшісі: Нуржанова Ботакоз Нур
Орындаған:Жүніс Ырыскүл Әділбекқызы
Мамандығы: Филология 205
Пәні: Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен лексикографиясы


СӨЖ
Академик І.Кеңесбаев және қазақ тілінің фразеологиясы (Еңбек бойынша зерттеу жұмыстарын талдау, саралау. Кластерлік кестеге салыңыз).


Қазақ фразеологиясының тіл ғылымының бір саласы ретінде қалыптасып,дамуы және зерттелуі академик І.Кеңесбаевтың есімімен тығыз байланысты. Ол сонау 40-жылдардан кейін-ақ түркітануда фразеология, фразеологиялық тіркестер, табиғаты жөнінде пікір қалыптастырған.
І.Кеңесбаевтің 1977 жылы “Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінің” шығуы тек қана қазақ тіліндегі жетістік ғана емес, туыстас тілдер үшін де көш бастағанын айта кету керек. 
І.Кеңесбаев фразеологияны тілді құрамды бөлшектерінен, тіл ярустарынан бөліп алмайды, тілдің сол бөлшектерінен түбірлі айырмасын, бас белгілерін анықтайды. 
Тілімізде көкейге қонымды көркем, орамды алуан түрлі тұрақты сөз тіркестері кездеседі. Тіл қатынасына жататын қат-қабат тіркес тіздектерді халық орынды пайдаланады. Мақал-мәтелдермен барабар жоғары бағалап оларды қастерлей сақтап келеді. 
Фразеологизмдер бұрын соңды еңбектерде, көбінесе лексикалық тұрғыдан зерттеліп келеді. Қазақ фразеологиясының тіл білімінің бір саласы ретінде қалыптасып, дамуы және зерттелуі академик І.Кеңесбаевтің есімімен тығыз байланысты. І.Кеңесбаев фразеологияны тілді құрамды бөлшектерінен,тіл ярустарынан бөліп алмайды. Бірақ тілдің сол бөлшектерінен түбірді айырмасын,бас белгілерін атап көрсетеді. 

І.Кеңесбаев және қазақ тілінің фразеологиясы. 


Қазақ фразеологиясының тіл ғылымының.
 бір саласы ретінде қалыптасып,
дамуы және зерттелуі академик
І.Кеңесбаевтың есімімен тығыз байланысты.


  І.Кеңесбаевтің 1977 жылы.
“Қазақ тілінің фразеологиялық.
сөздігінің” шығуы тек қана
қазақ тіліндегі жетістік ғана емес,
туыстас тілдер үшін де көш бастаған


2.Фразеологизмдердің түрлері (жасалу жолдарын саралаңыз. Кестеге түсіріңіз).

Фразеологизм

тілдің сөздік қорының айшықты да, мәнерлі де, бай саласының бірі. Бұлар өзінің бейнелілік, әсерлілік, экспрессивті-эмоциялық, суреттеме қасиетімен көзге түседі. Осындай көркем, пәрменді, бояуы қанық алуан түрлі тұрақты тіркестерді халық орынды пайдаланып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келеді.

Мағына тұтастығы

белгілі бір фразеологиялық единицаның ішіндегі сөздер бастапқы мағынасынан түгел немесе ішінара жартылай айырылып қалады да шоғыр тіркес тек біртұтас мағына береді



Тіркес тиянақтылығы

белгілі фразеологиялық единицаның ішіндегі сөздер бір-бірімен жымдаса байланысады, олардың орын тәртібі нық келеді, барлық жағдайларда дерлік бір шоқ тіркес өз қалпын сақтайды

қолдану тиянақтылығы 

белгілі бір фразеологиялық единицаның әрдайым айна-қатесіз, өлеңдегі қайырма тәрізді бұлжымай қайталана қолданылады








3.Мақал-мәтелдердің фразеологизмге қатысы (Арақатынасын, ерекшеліктерін мысалдар арқылы салыстыру
Мақал-мәтелдер де тұрақталған, қалыптасқан сөздер тобы болып саналады. Мақал-мәтелдердегі сөздердің де орнын басқа сөздермен алмастыруға келмейді. Бірге айтылғанымен, мақал мен мәтелдің бір-бірінен өзіндік ерекшелігі, айырмашылығы болады:
1. Мақалдың мазмұнында істің себебі мен салдары бірге айтылып, шарты мен нәтижесі қатар беріледі. Мысалы, (Егер) ісім өнсін десең, (онда) еңбек ет. Ал мәтелде істің салдары айтылып, себебі айтылмайды. Мысалы, Сабыр түбі – сары алтын.
2. Мақал құрылысы жағынан көбіне құрмалас сөйлем болып келеді. Мысалы, Еңбек етпесең, елге өкпелеме; егін екпесең, жерге өкпелеме. Ал мәтел құрылысы жағынан көбінесе жай сөйлемге құрылады. Мысалы, Көп түкірсе – көл. Басқа пәле тілден. т.б.



Мақал

Мәтел

Туған елдей ел болмас.

Саяз су сарқырап ағады

Бірлік болмай, тірлік
болмас.

Жеңілтектік жарға жығар.

Ұсталы ел озар,
Ұстасыз ел тозар.



Қайтып кірер есікті қатты жаппа.

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

Тәуекел кемесі суға батпайды.

Ұлдың ұяты – әкеге,
Қыздың ұяты – шешеге.



Сиырдың сүті тілінде.



Бір-біріне антоним болатын тұрақты сөз тіркестер:
Бетінен оты шықты (ұялды) – Беті бүлк етпеді (ұялмады).
Ажары сынды (мұңайды) – Қуанышы қойнына сыймады (қуанды).
Ит терісін басына қаптады; жерден алып, жерге салды – ұрысты, сөкті, балағаттады.
Қолы қолына жұқпады (тез қимылдады) – Саусағының ұшын қимылдатпады (қозғалмады, еш нәрсе істемеді).
Бір-біріне синоним болатын тұрақты сөз тіркестер:
Үріп ауызға салғандай; қыздың жиған жүгіндей – сұлу, әдемі, көрікті, келбетті, әсем, т.б.
Ит өлген жер; ит арқасы қиянда – алыс, қашық, шалғай;

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет