Жылда қалыптасқан қағида Данияр Жігітбек Алматы, 2017 26



Pdf көрінісі
бет1/23
Дата20.07.2023
өлшемі0,78 Mb.
#104577
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Данияр Жігітбектің 26 қағидасыkazyna rkz



жылда қалыптасқан 
қағида
Данияр Жігітбек
Алматы, 2017
26
26


Кіріспе
Өмірімнің 26-жылы аяқталып келе жатыр. Аз да емес, көп те емес.
Шүкір. Жеткеніміз бар, жетпегеніміз бар. Өкінетін тұстар да, қуанатын
сәттер де болды. Қанша ғұмырым қалғаны бір Аллаға аян. Қамшының
сабындай қысқа өмірді өнегелі істермен өрнектеп, артымда өшпес іс
қалдырып кеткім келеді. Алла нәсіп етсе, 09.05.2017 толық 26 жасқа
толады екенбіз. Соған дейін бір жағынан өз-өзіме есеп беруім
болсын, бір жағынан біреуге пайдасы тиіп қалар деген ниетпен жер
басып жүрген 26 жылымда өзім қалыптастырған 26 қағиданы жазып
шықсам деп тұрмын.
13.04.2017
Алматы
1


1-қағида
Жеңісің үшін де, жеңілісің үшін де өзің жауаптысың.
Ешқашан шағымданба.


Жеңісің үшін де, жеңілісің үшін де өзің жауаптысың. 
Ешқашан шағымданба.
Менің тұлға боп қалыптасуымда анам берген тәрбиенің рөлі зор
болды. Бала кезімде төбелесіп, таяқ жеп, шағымданып, көшеден
жылап келгенімде, анам менің сөзімді сөйлемейтін, мен үшін барып
есемді қайтармайтын. Керісінше, "бар өзің шеш" дейтін. Бірнәрсе
істей алмай, жылай бастасам, "өзің істе, өзің үйрен" деп айтатын.
Кейін түсіндім, ұл баланы тәрбиелегенде осындай "қаталдық" таныту
керек екен. Себебі, ер адамның псиxологиясы дұрыс жетілуі үшін ол
белгілі бір деңгейде қиындықпен күресіп, түрлі проблемаларды
шешіп, жауапкершілік жүгін арқалап үйренуі керек. Содан бері
жеңілсем немесе белгілі бір жетістікке жете алмасам, оған тек өзімді
жауапты сезінетін болдым. Бір мысал есіме түсіп отыр. Қазір еске
алсам, күлкім келеді. ҰБТ-да "Алтын белгі" алуыма 1-ақ балл жетпеген
еді. Шешуші сұрақ күмәнді болды. Бірақ оған бола күйінбедім,
ешкімді кінәламадым. Себебі, одан да жақсырақ дайындалуым керек
еді дедім. Кінәні басқа біреуге арту - өмірің үшін жауапкершілікті
соған беріп қою деген сөз. Бізде өзінің жолы болмағанын
мемлекеттен, мектебінен, белгілі бір адамдардан көретіндер, сол
үшін шағымданатындар көп. Ол дұрыс емес дер едім. Өз өмірің үшін
өзің жауаптысың.
3




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет