Жетісу казак әскерлері 1867 жылы Сібір казактарының 9 және 10-полктері округынан құрылған болатын. 1869 жылы бұл әскердің құрамына Қытайдан қашқан мындағанқалмақ келіп қосылды. 1867 жылы Жетісу облысы құрылған еді. Бұл облыстың әскери губернаторы сонымен бір мезгілде Жетісу казак әскерлерінің тағайындалған атаманы болып та бекітілді.
Жетісу казактарына өзін-өзі басқарудың жетілдірілген түрі тән болды. Өзін-өзі басқарудың басты органы — сход жиын маңызды рөл атқарды. Казактардың бұлжиналысына әскери топқа жатпайтын, басқа қалалық адамдар да қатыса беретін. Жетісу казактарының айналысатын негізгі шаруашылығы егіншілік, ал қосымша шаруашылығы балық аулау және омарташылық кәсібі болды. Казактар сонымен қатар саудамен де белсенді түрде айналысты. Жетісу казактарының қолында 281 мың десятина жер болды. Ол әр адамға шаққанда 28 десятинадан келді.
1917 жылы Жетісу казактарының жалпы саны 45 мың адамға дейін жетті.[1]