Жайық, Сібір, Орынбор,Жетісу Пугачев көтерілісі болған уақыт: 1773-75 «Орынбор казак әскерлері туралы Ереже»



Дата05.05.2023
өлшемі15,42 Kb.
#90218

Сұрақ жауап


  1. Казактар әскери қызметті өмір бойы жалдану тәртібімен атқаратын уақыт: 1835 жылға дейін

  2. Қазақстандағы және онымен шектес аумақтардағы казак әскері: Жайық, Сібір, Орынбор,Жетісу

  3. Пугачев көтерілісі болған уақыт: 1773-75

  4. «Орынбор казак әскерлері туралы Ереже» шыққан уақыт: 1840 жыл

  5. ХІХ ғасырдың аяқ кезінде Сібір казак әскерлері бөлінген екі облыс: Ақмола және Семей

  6. 1783 жылдың көктемінде қазақтар шабуыл жасаған аймақ: Орал шегара шебі

  7. 1783-1797 жылғы көтерілістің басшысы: Сырым Датұлы

  8. «... Сырым батыр – жiгерлi, терең ойлы, қайратты, батыл, тапқыр, айлалы ерекше тұлға» деп жазған: ағылшын журналисі Д.Ч. Бульжер

  9. 1784 жылы Орынбор губерниясының бастығы болған: О.А. Игельстром

  10. Старшындардың съезі өткен уақыт: 1786 жыл

  11. 1792 жылы Сырым Датұлы шабуыл жасаған қорғаныс: Елек

  12. Ішкі Орда құрылған аумақ: Еділ мен Жайық аралығы

  13. • «Сібір қырғыздары туралы Жарғының» мақсаты, және оны жасаған кім: Орта жүздегі хан билігін жою, сперанский

  14. Округтік приказ құрамына қатысуға тиісті болған лауазым тұлғалары: ресейлік екі заседатель,сайланып қойылатын екі «құрметті қазақ»

  15. 1822 жылы Ресей астанасына «Орынбор қырғыздары жөніндегі Жарғының» жобасын жөнелткен: П.К. Эссен

  16. 1825 жылғы көтерілісті басқарған: Саржан Қасымұлы

  17. Бөкей Ордасындағы көтерілістің басшылары: Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы

  18. Кіші жүздің батыс бөлігінде аса ірі ұлт-азаттық көтерілістердің бірі өткен уақыт: 1836-1838 жылдар

  19. Исатайды қолға түсіргендерге берілетін сый: Исатайдың басына 500 сом күміс ақша, қолға түсіргендерге 1000 сом

  20. 2003 жылы 200 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өткен тұлға: Махамбет Өтемісұлы

  21. Кенесары Қасымұлы өмір сүрген жылдар: 1802-1847 жылдар

  22. Дипломатиялық қызметке ханның атынан басшылық еткен: өзбек Сейдаққожа Оспанов

  23. Наурызбай сұлтанның атқосшысы: Николай Губин

  24. «Кенесарыға көзсiз ерлiк тән едi» деп жазған ХІХ ғасырдағы орыс зерттеушісі: Л. Мейер

  25. Ақмола бекінісіне басып кірген сарбаздар: Ағыбай, Иман, Бұқарбай

  26. Жасауылдар атқарған қызмет: сот ісі. шаруашылық мәселелері. дипломатиялық жұмыстар. алым-салық жинау. әскери істер. орталық өкімет билігі берген нұсқаулардың мұқият орындалуын, мал. жайылымдарының дұрыс бөлініп, тиімді пайдаланылуын бақылау. халықтың көңіл-күйін қадағалау

  27. Кенесары А. Жантөрин әскеріне күйретте соққы берген уақыт: 1844 жыл

  28. Кенесары көтерілісіне қолдау көрсеткен Ұлы жүздің батырлары: Сұраншы, Байсейіт, Тайшыбек

  29. Кенесарының бастаған ісін жалғастырушы: ұлы Сыздық сұлтан

  30. Шекті руының басшысы: Жанқожа Нұрмұхамедұлы

  31. Жанқожа әскерлерімен бірге 1836 жылы талқандаған қала: Бесқала

  32. 1847 жылдың жазында Есет батыр патша үкіметінің жазалаушы әскеріне тұтқиылдан шабуыл жасаған жер: Жем өзенінің бойы

  33. Қоқан хандығының Тоқмақ және Пішпек бекіністерін басып алған: полковник Циммерман бастаған әскер

  34. Қастек бекінісі салынған уақыт: 1859

  35. Патша үкіметінің әскерлері зеңбірекпе атқылаған кесене: Қожа Ахмет Ясауи кесенесі


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет