Мотивация дегеніміз – адамдардың белгілі бір дәрежеде күшін, тырысушылығын, адалдығын, қайсарлығын қажет ететін белгілі бір мақсаттарға бағытталған адамдарды белгілі бір жұмысты атқаруға түрткі болатын сыртқы және ішкі итермелеуші күштердің жиынтығы.
Белгілі бір жұмысты атқару барысында адам өз қайратын әр түрлі жұмсауы мүмкін. Ол бар күшімен немесе жарты күшімен жұмыс істеуі мүмкін. Сонымен қатар ол жеңілірек жұмысты немесе қиын және ауыр жұмысты алуға тырысуы мүмкін, жеңіл немесе күрделі шешімдер қабылдауы мүмкін. Осының барлығы адамның қаншалықты күш салатынын айқындайды. Ол адамның өзінің жұмысын атқаруға қаншалықты мотивацияланғанынан тікелей тәуелді болады.
Мотивация түрлері
Ішкі мотивация - сыртқы орта қалай болуына қарамастан мотивациялық талпыныс ішкі ниеттен оянады және мақсат атаулы субъективті болады. Онда міндеттің өзі құштарлық және шаттық туғызады. Сыртқы себеп емес, ішкі ұнату негізгі қозғалыс түрткісі болады.
Сыртқы мотивация - мотивация тұрақты талпындырушы ретінде көбінесе сыртқы орта талаптарынан қоздатылады. Мұнда кіріс, мәртебе, мансап секілді сыртқы нәрселердің талабымен мақсатқа белсену туады және оның белсенуі ішкі мотивация ниетімен қайшыласып та жатады. Яғни, өз талпынысын соншалық сүйе қоймайды, бірақ қажеттілік үшін соған барынша талпынуға мәжбүр болады
Оң және теріс мотивация
Адам еркін шабыттандырып, жігерлендіріп,белсенді етіп, үміткер етіп, қайтпас қайсар етіп сомдаған мотивация оң мотивация деп аталады.
Ал, адам еркін салғырттандырып, енжар етіп, үмітсіз етіп, босбелбеу етіп, шегіншектетіп сомдаған мотивация теріс мотивация делінеді.
Тұрақты және тұрақсыз мотивация Мотивацияның тұрақты-тұрақсыздығы, яғни оның адам әрекетіндегі ықпалының сақталу ұзақтығы адамның ішкі ұстанымының берік-әлсіздігіне, кедергілердің сипатына, ниеттің шын-тазалығына,ортаның жол қою дәрежесіне байланысты болады
Ұйымдардағы немесе кәсіпорындардағы еңбек мотивациясын қалыптастыру
Экономикалық өсуді жеделдетудің және кәсіпорындардағы өндірістің тиімділігін арттырудың басты факторы - жоғары өнімді еңбекке уәждеме жасау, белсенді еңбекке экономикалық ынталандыру. Қазақстанда экономикалық реформаларды жедел жүргізу нәтижесінде өндірістің барлық факторы ырықтандырылды, тиімділікті көтеруге бағытталған ынталандыру уәждемелері де жүргізіліп келеді. Алайда, бүгінгі кезеңдегі экономикалық ынталандыру біліктілікке, еңбек сапасына, өндіріс нәтижелілігіне және макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасына тәуелді болмай отырғанын атап көрсетуге тура келеді. Мұның ғылыми-техникалық прогреске ынталандырмалық дәрежесі төмен, өнімнің сапасын өсіруге әсері қанағаттандырмайды, жұмысшының интеллектуалдық және функционалдық қабілетінің толық ашылуына, оны өндірістің ішкі резервтерін пайдалануға жеткілікті түрде мүдделендірмейді.
Өндіріс тиімділігін ынталандырудың оңтайлы жүйесін қалыптастыруға, адамды экономикалық түрлендіруден, еңбектің меншіктен, жеке мүдде мен ұжымдық мүдденің алшақтауы кері әсерін тигізді. Жұмыскерлерді жоғары өнімді еңбекке құлшындыратын уәждемелер мен ынталандырмалардың тиімді жүйесін қалыптастыру, еңбекті жоғары бағалау, жалпы адам факторына байланысты проблемалардың шешілуі мемлекет алдындағы аса маңызды экономикалық және әлеуметтік мәселелердің бірі болуы керек. Өндірістің пәрменділігіне уәждемелер мен ынталандырмалардың тиімді жүйесіне қол жеткізуде мына талаптардың бірінші кезекте орындалуы қажет: бір жағынан, постиндустриалық қоғамның жұмыскерге қоятын міндеттеріне байланысты біліктілік пен кәсібилікке талапты күшейту, ал екінші жағынан, «еңбек» деген ұғымның құнсыздануы және еңбек бағасының төмендеу барысын жеңу.
Қызметкерлер мотивациясын жетілдіру және дамыту жолдары
Ең тиімді әдістер және қызметкерлерді ынталандыру тәсілдері:
Материалдық – жалақы, сыйлықақы, айыппұл, кірістен пайыздар беру және т.б. Материалдық емес Әлеуметтік-психологиялық – қоғамдық танымалдылық, өз маңыздылығын түсіну, алғыс айту, жазалау, оқыту; Басқарушылық – қызметін жоғарылату/төмендету, қосымша өкілеттілік. Әділдік – сыйақы көлемі жұмысты әділ бағалау негізінде белгіленуі керек; Болжаулық – жұмыскер өз қызметінің нәтижесінде қандай сыйақы алатынын білу керек; Баламалылық – сыйақы әр жұмыскердің ортақ нәтижеге қосқан үлесіне, оның тәжірибесіне және мамандану деңгейіне сай