Ұйымдар құрылады, дамиды, табысқа жетеді, әлсірейді және ақырында өмір сүруін тоқтатады. Олардың аз бөлігі шексіз өмір сүреді, ешқайсысы өзгеріссіз жұмыс жасамайды. Күн сайын жаңа ұйымдар құрылады
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті «Экономика және бизнес жоғары мектебі» Кафедрасы «Экономика»
СӨЖ Тақырыбы: Американдық және жапон менеджментінің ерекшеліктері Орындаған: Қайратқызы Ақерке Тексерген: Купешова Сауле
Алматы, 2023 КІРІСПЕ Ұйымдар құрылады, дамиды, табысқа жетеді, әлсірейді және ақырында өмір сүруін тоқтатады. Олардың аз бөлігі шексіз өмір сүреді, ешқайсысы өзгеріссіз жұмыс жасамайды. Күн сайын жаңа ұйымдар құрылады. Сонымен қатар, күн сайын жүздеген ұйымдар біржола жойылады. Бейімделе алатындар өркендейді, ал икемсіздер жойылады. Кейбір ұйымдар басқаларға қарағанда жылдам дамып, өз жұмысын жақсы орындайды. Менеджер ұйымның қандай даму сатысында тұрғанын білуі керек және қабылданған менеджмент стилі осы кезеңге қалай сәйкес келетінін бағалауы керек.
Жақсы менеджменті жоқ компания көбінесе жойылуға жақын. Сондықтан мұндай жабылуға әкелетін нәтиженің алдын алып қана қоймай, сонымен қатар компанияға қажетті табыс әкелетін дұрыс басқару стилін таңдау өте маңызды. Ең көп талқыланатын, бір-бірімен қайсысы табыстырақ мәселесі бойынша бәсекелесетін, американдық және жапондық басқару стильдері бар. Екі стиль де айтарлықтай бір-бірінен ерекшеленеді және екеуін салыстыру кезінде жиі туындайтын пікірталастар бар. Қайсысы тиімдірек, жақсырақ, қай стиль бойынша компанияларда менеджментті жүзеге асырыу керек деген сұрақтарға байланысты туындайды.
Калыптасу және даму кезеңі:
• қалыптасуына әсер еткен факторлар
• негізін қалаушылар
• осы менеджмент негізінде табысқа жеткен ұйымдар
Алғаш рет менеджмент АҚШ-та ғылым ретінде қалыптасқан. “Ғылыми менеджменттің” негізін қалаушы американдық инжинер Фредрик Уинслоу Тейлор болды. АҚШ-та экономикалық өрлеу кезінде классикалық капитализм мен монополисттік кезең орнығуы менеджменттің дамуына әсер етті.
Алғаш рет жапондық басқару стилі екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін кедейшілік, қиын ситуациядан шығу проблемасын шешу бойынша қалыптасты. Жалпы, тарихи мәселелер мен өзіндік діни көзқарастар аясында, өзіндік менталитетпен жапондық стиль өз бастауын алды. Жапондық менеджменттің негізін салушылар қатарында Акио Морита, Курата, Мацусита Коюсуке, Хонда Сончир мен Изисака.
2
Стратегия мен бизнес филасофиясы
Американдық стиль бойынша ұйымдар, корпорациялар, компаниялар өте көп, түрлі стратегиялық жоспарлармен жұмыс жасайды. Жалпы стратегиясының мақсаты - бәсекелестерді ұтымды жеңу үшін ұзақ мерзімді пландар арқылы қаржылық табысқа жету.
Жапондық стиль - стратегиялары ұзақ мерзімді және толық жоспарланған. Олардың принциптері бойынша адам ресурстарын басқару өмір бойы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты стратегиялық факторға айналады.
3
Үнемді өндіріс: кайдзен және lean
Lean (ұқыпты өндіріс) - өндірістегі компаниялардағы жобаларда туындайтын барлық кедергілерді жоятын басқару әдістемесі. Процесті тезірек, арзанырақ, үнемдірек жасауға тырысу.
Кайдзен жапондық басқару стилінің негізгі концепциясы ретінде қолданылады. Оның негізгі элементтері: топтық жұмыс, жеке тәртіп, моральдық дух, миға шабуыл топтары. Жалпы ол ұйымдағы жұмысты біріктіру, жұмысшыларды тәртіпке келтіру, жұмыс сапасын жақсарту бойынша мәселелер.
4
Адам ресурстарын басқару:
• жұмысқа жалдау
• масаптық өсу
Американдық менеджмент бойынша жұмысқа қабылдау кезінде, олардың білім деңгейіне, психологиялық дайындығына, ұжымда жұмыс істей алу қабілеттілігіне қарайды.
Жапондық менеджмент бойынша жұмысқа қабылдау кезінде кандидаттың біліміне аса қатты назар аударылады. Бұл менеджмент бойынша өзінің қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру үшін кейіннен көп жұмыс жасалады.
5
Ұйымдық мәдениет ерекшеліктері
Американдық менеджментте ұйымның корпаративті мәдениеті аса қатты қарқынды дамыған. Бұл жерде жұмысшылардың құқықтары мен міндеттері бірінші орында тұрады және көптеген ұжымдық бірлікті арттыру үшін түрлі тренингтер жүргізіліп тұрады.
Жапондық менеджментте жұмысшылар өте еңбекқор және бірлікте жұмыс істейді. Сондықтан да олар көбінесе жұмыстан кейін қосымша (төленбейтін) сағаттар жұмыс істейді. Жапондықтарда американдықпен салыстырғанда жұмысқа “өмір бойы жалдау” мәселесі және де жұмыста қатаң иерархиялық нормалар бар.
6
Шешім қабылдау принциптері
Американдық менеджментте шешімдер тез қабылданады, бірақта жедел емес түрде орындалады. Олар радикалды және индивидуалды түрде қабылданады. Сол бойынша, ең алдымен мәселені зерттеп, оның шешу жолдарын табуды қажет етеді.
Менеджменттің жапондық стилінде тек қана басшы шешім қабылдамай, ұжымның барлық мүшелері шешім қабылдауға қатысады. Яғни, басшылар мәселені жұмысшыларға тапсырады, олар зерттеп, қарастырып шешімін басшыларға айтады. Соңында шешім қабылданады және оны орындау үшін шаралар жүргізіледі.
7
Ынталандыру әдістері
Американдық менеджментте мотивация тәсілі компанияларда қызметкерлердің жұмыс істеуге белсенділігін арттыруға негізделген. Американдық модельдің артықшылығы бұл адамның жеке табысқа және әл-ауқаттың жоғары деңгейіне жеткізуімен ерекшеленеді.
Жапондық менеджмент бойынша жұмыскерлерге әлеуметтік-психологиялық мәселелер, қоғам еңбек сіңірі маңызды болып келеді. Жапондықтарға мотивация берудіі ең негізгі түрі бұл жұмыскердің ұжымның маңызды мүшесі екенін сезіндіру. Көбінесе оларға бұл әлеуметтік-психологиялық фактор ақшадан әддеқайда артығырақ болып келеді.
Американдық менеджментте менеджер басқаруды өз принциптеріне қарай жасай алады. Оның басты мақсаты тиімді басқару, ұйымды табысқа әкелу. Бақылау қатаң формада жүргізіледі. Себебі менеджер өзінің басқаруы бойынша дербес жауапты адам.
Жапондық менеджментте бақылау жұмсақ, жеңілдеу формада жүргізіледі. Жапон фирмалары ұжымдық жұмысқа негізделгеннен кейін барлығы бір-біріне сеніммен қарайды. Басшылар дк өз жұмыскерлеріне сеніммен қарайды. Жауапкершілік бір адамның мойнында болмай, топ мүшелері арасында бөлінеді.