Жүктемелердің графиктері арқылы техникалық-экономикалық көрсеткіштерді анықтау



Дата16.01.2023
өлшемі37,69 Kb.
#61427
Байланысты:
Жүктемелердің графиктері арқылы техникалық


Жүктемелердің графиктері арқылы техникалық-экономикалық көрсеткіштерді анықтау

Активтік жүктеменің графигінің қисық сызығымен шектелген аудан, қарастырылып отырған мезгілде электр қондырғымен өндірілген немесе пайдаланылған электр энергияның санына тең:





мұнда, P – графиктің i – сатысындағы қуат; T – сатының ұзақтығы.
Қарастырылып отырған мезгілдегі (тəулік, жыл) қондырғының орташа жүктемесі келесі өрнекпен анықталады:

мұнда, T – қарастырылып отырған мезгілдің ұзақтығы; WП– қарастырылып отырған мезгілдегі электр энергия.
Қондырғылардың жұмыс істеу графиктерінің біркелкі еместік дəрежесі толтыру коэффициентімен бағаланады:
(3.6.3)
Жүктеме графиктің толтыру коэффициенті, қарастырылған мерзімдегі (тəуліктік, жыл) қондырғымен электр энергияның өндірілуінен, пайдаланылуының қанша рет кем екендігін көрсетеді. Бұл мезгілде қондырғының жүктемесі максималды болуы керек деп есептелінеді. Шамасы, график бір қалыпты болса, онда толтыру коэффициентінің мəне 1-ге жақын болады.
Қондырғылардың жүктемелерінің графигін сипаттау үшін максималды жүктеменің шартты ұзақтығын пайдаланып шешуге болады:
(3.6.4)
Бұл мөлшер (өрнек), қарастырылып отырған уақытта T (əдетте 1 жыл) қондырғы
электр энергияның шынында керекті санын өндіру үшін қанша сағат жұмыс істеу
керектігін көрсетеді. Бұл мезгілде қондырғының максималды жүктемесі өзгермейді
деп есептелінеді.
Сонымен қатар, өндірісте белгіленген қуатты пайдалану коэффициенті
қолданылады:
, (3.6.5)
немесе белгіленген қуаттың пайдалану ұзақтығын қолданады:
(3.6.6)
Келтірілген өрнектегі Pбелг деп барлық агрегаттардың белгіленген қуаттарының қосындысы екенін түсінуіміз керек: резервтік қуаттарда қосылады.
Агрегаттардың белгіленген қуаттарын пайдалануды, пайдалану коэффициенті КП– сипаттайды.
Сірə, КП < 1, ал Тбелг < Т. Егерде Pбелг< Pmax арақатынасын (байланысын) ескерсек, онда КП< Кm болатындығын байқаймыз.
Энергетикалық жүйедегі электр станциялардың белгіленген қуатты пайдалану
ұзақтығы шамамен жылына 5000 сағатты құрайды

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет