Жұматай Жақыпбаевтің «Кенежирен» өлеңі Жұматай Жақыпбаевтің «Кенежирен»



Дата06.01.2022
өлшемі13,13 Kb.
#16007

Жұматай Жақыпбаевтің «Кенежирен» өлеңі

Жұматай Жақыпбаевтің «Кенежирен» деп аталатын небәрі төрт шумақтан тұратын әдемі өлең мені қатты сүйсіндергенін баса айтқым келеді.


Алдынан сөре, артынан қиқу таялса,

Бұзау тіс қамшы бұтынан шақса шаянша,

Құлажирен ат құйқылжып шығып баянша,

Құла бір дөңнен құлдырар еді қоянша.


Арқасы қозса, ылди ма, өр ме, елемей,

Зымырар еді сындарлы сырлы жебедей,

Ауаны тесіп аспанда ұшқан кемедей,

Немесе безіп түрмеден шыққан немедей.
Зырқырар еді, сүрінем деп те қорықпай,

Тоқтатар оны кедергілер де жолықпай.

Сөрені бетке ап, үш күндік жерден зорықпай,

Құйындар еді құланын көрген қодықтай.
Ән болып біткен Құлагер әлі күліктей,

Бәйгеден келсе, кернейшілер де ілікпей,

Алшаңдар еді ала аяқтары бірікпей,

Қылықты қыздың қасынан келген жігіттей!
Ақын өміріндегі қуанышының бірі болған Кенежирен тұлпары туралы жазылған жырлар оның өлеңдерінің елеулі бір тобын құрайды. Өзінің өміріндегі сүйікті тұлпарына арнаған “Кенежирен”, “Кенежиренді Шора сатып жібергенде”, “Кенежирен. Түн” өлеңдерінен басқа да көптеген туындыларында өзінің қанаты болған сенімді серігін еске алып отырады. Ақын түсінігінше жүйрік ат міну нағыз жігіттің ажырамас қасиеті болуы тиіс. Оны ол серілік салты деп ұғады. 

Ауыл баласының бозбала шақтан санасына сіңген суреттерді сол қалпында сезім көрігіне суарып, көз алдыңа ұлттық бояуы қанық Қастеев полотноларындай құдіретті поэзия тілімен өрнектейді.



Қас жүйрікке осыдан артық қандай баға берілу мүмкін. Өлеңнің әр шумағы, әр жолы ғаламат бейнеге толып тұр. Ақын қазақы сөздерді орны-орнымен ойната білген. Ә деп оқи бастағаннан-ақ сұлу теңеулермен өріліп, төрт жол сайын үстемелей төгілген сазды ұйқасқа елтисің де, екпіндей ұшқан Құлажиренге ілесіп, сен де жүйтки жөнелесің.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет