Жұмыс бағдарламасы (силлабус) Курстың сипаттаммасы



бет1/2
Дата13.06.2023
өлшемі26,9 Kb.
#100901
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2

3. Оқу жұмыс бағдарламасы (силлабус)
Курстың сипаттаммасы
3.1. Курстың мақсаты:
Бұл пәннiң алдына қойылатын мақсаты – Қазақ әдебиетінің тарихындағы 1900-1940 жылдардағы қол жеткізген табыстардың негізінде қазақ әдебиетінің дамуын көрсету, 1900-1940 жылдардағы қазақ әдебиетінің дамуындағы тарих пен әдебиет сабақтастығын, әдебиеттегі тарихи шындық, осы кезеңдердегі әдебиет өкілдерінің шығармаларымен толық таныстыру.
Пәннің пререквизиттері:
1. Қазақ халық ауыз әдебиеті
2. Әдебиеттануға кіріспе
3. Ежелгі дәуір және орта ғасырлардағы қазақ әдебиеті
4. ХҮ-ХҮІІІ ғ. қазақ әдебиетінің тарихы
5. ХІХ ғ. қазақ әдебиетінің тарихы
6. Абайтану
7. Балалар әдебиеті
8. Шетел әдебиетінің тарихы
9. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы (1900-1940)
Пәннің постреквизиттері:
1. 20 ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеті
2. Қазақ әдеби сынының тарихы


3.2. Оқытудан күтілетін нәтижелер
Берілген курсты меңгергеннен кейін студенттің білуі тиіс:
Білу: 1900-1940 жылдардағы қаламгерлердің шығармашылығымен танысып, шығармаларының көркемдік ерекшелігін, образдар жүйесін талда» білуі, шығарманың идеясын аша білуі тиіс.
Үйрену: «20 ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті» пәнінен алған білімдерін тәжірибеде қолдана алу, теориялық талдаулар жасай алумен бірге әдебиеттаным тарихының даму және қалыптасу сатылары, бағыттары және тұжырымдама мәселелерін түсіну, өзіндік пікір айта алу және негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай алуы қажет. Негізгі терминдерді, ұғым-түсініктерді орынды қолдана отырып, берілген тақырыптар негізінде эссе, баяндамалар, хабарлама мен талдаулар, рецензия жазу, студенттің өзіндік жұмыстарын дайындау барысында тезис құра білуі тиіс.
Дағдыларды меңгеру: Әдеби туындының ішкі, сыртқы аспектілерін саралап, түрлі қырынан талдауды үйрену және қазақ әдебиеті тарихының өзекті мәселелерімен таныс бола отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарына деген икем дағдысы қалыптасуы қажет. Ғылыми идеяларға сын көзбен қарап дәлелдей алу және концепциялар мен теорияларды талдай білуге, әдебиет өкілдерінің шығармашылығына баға беруге, әдебиет өкілдерінің шығармашылығына сараптама жасауға, ғылыми зерттеу жұмысын жасауға, көркем шығармаларды талдай оқып, салыстыра зерттеуге дағдыланады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет