Жоғарғы білім берудегі парадигмалар



бет1/2
Дата11.05.2023
өлшемі22,2 Kb.
#91784
  1   2

Жоғарғы білім берудегі парадигмалар.
Білім берудің жаңа бағыттарының басты ерекшелігі – оқытудың нәтижесін алдын-ала болжап, оқушылардың қызығушылықтары мен ізденімпаздығы негізінде білімі мен біліктерін жетілдіріп, оны сана «сүзгісінен» терең зерделей отырып, шығармашылық әлеуетін үнемі дамытуға және рухани толысуға ұмтылысын қалыптастыруды бағдар тұтады. Білім беру процесін жаңаша ұйымдастыру оның философиялық, педагогикалық-психологиялық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Бүгінгі философтар мен педагог - ғалымдар білім беру саласында жаңа оқыту технологиялары мен әдістерін енгізумен ғана шектелмей, білім берудегі дүниетанымдық ұстанымдарды қайта қарау, рухани-адамгершілік құндылықтарға бетбұрыс жасау қажеттігін дәлелдеуде.
Білім беру саласындағы инновациялық процестердің күрделілігі мен қайшылықтары жаңа құбылыстармен әрекеттесу және жалпы орта білімді ізгілендірудің сапалы кезеңінде оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың мәселесін өзекті етуде. Соңғы жылдары оқу-тәрбие процесіндегі жеке тұлғаны дамытуға бағытталған оқытуға үлкен мән берудің өзі еліміздегі өзгерістердің маңыздылығын көрсетеді.
Қазіргі кезеңдегі білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында жеке тұлғаның шығармашылық бағыттылығын қалыптастыру - оқушының оқу-танымдық іс-әрекеттегі шығармашылық қызығушылығына тікелей байланысты. Шығармашылық қызығушылық – тұлғаның ізденімпаздық қабілет сапасын дамытудың негізгі өзегі болып табылады. Себебі өмірдегі құндылықтардың барлығы да жаңашылдық бағыттар арқылы ғана іс-әрекетке тұрақты шығармашылық қызығушылық нәтижесінде танылып, болашақта өміршең дамуына мүмкіндік алады. Сондықтан шығармашылық қызығушылықты жеке тұлғаның дамуына, оның рухани жетілуінде мәні терең, мотивациялық, білімділік бағдар құндылығы ретінде танылуының маңызы зор.
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
Парадигма (латын тілінен аударғанда) үлгі немесе мысал, алгоритм, нобай дегенді білдіреді. Білім беру парадигмасы - білім берудің тұжырымдамалық нобайы. Бұл ұғымды Колесникова енгізген.
Білім беру парадгмаларын қалыптастыру адамзаттың әлеммен өзара әрекеттесудің әр түрлі тәсілдерін игеру барысында жүзеге асып отырған. Әр парадигма дүниені, педагогикалық нысандарды қабылдаудың, олардың мәнін түсінудің әр түріне сай келеді. Мәдениетке деген үш амал және білім берудің тұжырымдамалық үш үлгісі бар.
Мәдениетке деген үш амал: 1)аксиологиялық – мәдениет құндылық ретінде қарастырылады; 2)әрекеттік – материалдық немесе рухани құнылықтарды игеру, жасау бағытындағы белгілі бір іс-әрекет; 3)тұлғалық – мәдениет тұлғаның белгілі бір типтерінде, оның қасиеттерінде көрініс табады.
Осы мәдениетке деген үш амалға сәйкес білім берудің тұжырымдамалық үш үлгісі немесе үш парадигма бар:
1.Дәстүрлі консервативті (аксиологиялық амалға сай) білім беру арқылы мәдениетті сақтау, оң мәні бар.
2.Рационалистік (әрекеттік амал) – баты назарда білім емес, әрекет ету тәсілдері.
3.Феноменологиялық (тұлғалық амал) – мәдениет құбылысы, білім беру субъектісі ретінде адамға деген ізгілікті қарым-қатынас.
Парадигмалар мыналар бойынша ерекшеленеді:
-білім беру мақсаттары бойынша,
-мектеп функцияларын түсіну бойынша;
-мақсатқа жету жолдары бойынша;
-педагогикалық әрекеттесу сипаты бойынша;
-оқушының білім берудегі позициялары бойынша.
Негізгі құндылықтарды таңдау білім беру парадигмасын айқындайды.
1.Дәстүрлі-консервативті (білімдік) парадигма
Дәстүрлі-консервативті парадигма негізін үш постулат құрайды:
1)білім беру негізінде базалық білімдер мен соларға сәйкесті икемділіктер мен дағдылар жатуы керек.
2)білім беру жүйесі академиялық сипатқа ие болып, ғылымның негізгі салаларына бағдарлануы керек. Мектеп уақыт сынынан өткен, білім беру негізін құрайтын мәселелерге баса назар аударауы тиіс.
3)Этикалық құндылықтарға ерекше орын беріледі.
Бұл парадигма сақтаушылық функцияға негізделген. Мектеп мақсаты әлеуметтік реттілікті сақтауға ықпал ететін идеалдар мен құндылықтарды сақтау және кейінгі ұрпаққа беру болып табылады. Академиялық бағыттылық өмірмен байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді. Бұл парадигма Кеңестер Одағында өткен ғасырдың 50-жылдарына дейін сақталып келді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет