Жоғарғы және (немесе) жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата06.01.2022
өлшемі424,82 Kb.
#11426
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5


3

 

Қазақстан Республикасының  



Білім және ғылым министрінің         

2018 жылғы  «____»___________ 

№____ бұйрығына 1-қосымша 

 

 



Жоғарғы және (немесе) жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары 

үшін «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» жалпы білім беру пәнінің 

үлгілік оқу бағдарламасы 

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер 

 

1.  Осы  жоғары  және  (немесе)  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  беру 



ұйымдары үшін «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» жалпы білім беру пәнінің 

үлгілік  оқу  бағдарламасы  (әрі  қарай  –  бағдарлама)  «Білім  туралы»  Қазақстан 

Республикасының  2007  жылдың  27  шілдесінде  Заңының  5-бабының  5-2) 

тармақшасына  сәйкес  әзірленді  және  оқытудың  мақсатын,  міндеттерін, 

құрылымын, мазмұнын, әдістерін айқындайды.  

2. Осы бағдарлама Қазақстанның қазіргі заман тарихын зерделеу негізінде 

алынған білім арқылы, студенттің тарихи санасын  қалыптастыруға арналған.  

Қазақстанның  қазіргі  заманғы  тарихының  кӛп  қырлылығы  мен  тарихи 

маңызы  сонда,  мемлекеттің  біртұтас  сипатын  кӛрсету,  қоғамдық  сананы 

қалыптастыру,  ұлттық  идеология,  азаматтардың  жасампаздық  белсенділігін 

дамыту,  елдің  зияткерлік  әлеуетін  кӛтеру  осы  пән  шеңберінде  жүзеге  асады. 

Қазақстан қоғамының алға қойған мақсаттарының сәтті жүзеге асырылуы үшін 

рухани  негіз  қажет.  «Рухани  жаңғыру»  бағдарламасы  тарихи  және  мәдени 

дәстүрлердің  сабақтастығына  негізделетін  қоғамдық  сананы  жаңғыртудың 

механизмдерін айшықтап береді. 

3. Жоғарғы білім берудің білім беру бағдарламасының құрылымына сәйкес 

осы  бағдарлама  бойынша  оқу  ұзақтығы  150  академиялық  сағатты  (5 

академиялық кредит) құрайды. 





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет