І. Жалпы ережелер



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата19.05.2023
өлшемі0,61 Mb.
#94787
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Положение Конференция ИТК 27.04.2023 матем физика



 
 


І. Жалпы ережелер 
 
Физика-математика ғылымдарының докторы, ҚазКСР Ғылым Академиясының 
академигі Т.И.Амановтың 100 жылдығына орай Семей қ. техникалық және кәсіптік 
білім беру жүйесі білім беру ұйымдары студенттері арасында Семей қаласы 
мектептерінің жоғары сынып оқушыларын шақыра отырып қашықтықтан өтетін 
облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция (ары қарай - конференция) 
«Индустрия-технология колледжі» КММ өткізіледі.
1.1. Бұл ереже Конференцияның өтуін, тәртібін және қатысуды айқындайды. 
1.2. Конференцияның өту уақыты: 27 сәуір 2023 жыл. Сарапшылар кеңесінің 
қорытынды отырысы және жеңімпаздарды марапаттау– 2023 жылдың 05 
мамырында өтеді.
1.3. Конференцияны өткізу түрі: қашықтықтан. 
1.4. Конференцияға Абай облысы ТжКБ жүйесі білім беру ұйымдарының 
студенттері, сонымен қатар Семей қ. жоғары сынып оқушылары қатысады. 
II. Мақсаты мен міндеттері 
 
2.1. Мақсаты:
- математика және физика саласындағы дарынды және қабілетті оқушыларды 
анықтау және қолдау, оларды ғылыми, шығармашылық және эксперименттік 
жұмыстарға ынталандыру. 
2.2. Міндеттері: 
- студенттердің дайындық сапасын анықтау, тәжірибе алмасу; 
- оқушылардың математика мен физикаға қызығушылығын, зерттеушілік қызметке 
бейімділігін және зерттеушілік қабілеттерін дамыту; 
- ТжКБ жүйесінің Абай облысы білім беру мекемелерінің ғылыми тәжірибесін 
жалпылау және насихаттау;
- зерттеу нәтижелерін көпшілікке таныстыруға ықпал ету; 
- кәсіптік бағдар беру жұмысы. 
 
III. Конференцияны ұйымдастыру 
 
3.1. Конференцияның ұйымдастыру комитеті: «Индустрия – технология колледжі» 
КММ. 
3.2. Конференцияның ұйымдастыру комитеті: 
- конференцияның барлық кезеңдерінің өткізілу тәртібін анықтайды; 
- конференцияны тікелей басқарады; 
- Конференцияның сараптау кеңесі құрамын анықтайды; 
- конференция бойынша сараптау кеңесінің жұмысын ұйымдастырады; 
- конференцияның нәтижелерін талдайды және қорытындылайды. 
3.3. Конференцияның сарапшылар кеңесі Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік 
университетінің магистрлерінен тұрады. 
Конференцияның сараптау кеңесінің міндеттері: 
- қатысушылардың жұмысына талдау жасау; 
- жүлдегерлер мен жеңімпаздарды марапаттау үшін ұйымдастыру комитетіне 
ұсыныстар енгізу; 
- конференцияның қорытындысы бойынша есеп беру.


Ғылыми-тәжірибелік конференцияның қорытындысы колледж сайтында 
жарияланады; 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет