Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімі



бет1/5
Дата31.12.2021
өлшемі66,74 Kb.
#23134
  1   2   3   4   5

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БӨЛІМІ


БӨЖ


Тақырыбы: Есту қабілеті бұзылған балаларды оқытуда техникалық құралдарды пайдалану Естімейтін және нашар еститін балаларды оқытудың жалпы педагогикалық әдістері

Орандаған: Кулбаева А.С.

Қабылдаған:Боранбаева А.Р.

Топ: М 1901 - 10




Шымкент 2021
Жоспары:

1.Есту қабілеті бұзылған балалар үшін білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері
2. Естімейтін балалардың психофизикалық ерекшеліктері және ерекше білім беруге қажеттіліктері

Естімейтін балалар құлақ түбіндегі қатты дыбысты сезіне алады, бірақ арнайы оқытусыз сөздер мен сөйлемдерді түсінбейді. Естімейтін балалар үшін есту аппараты немесе кохлеарлы имплантты қолдану қажет. Есту аппараты немесе кохлеарлы имплантты қолданғанның өзінде естімейтін балалар айналадағылардың сөйлеуін қабылдау мен түсінуде қиналады. Бұндай балалардың ауызша сөйлеу тілі өздігінен дамымайды, сондықтан оларды ұзақ жүйелі түзете-дамыту жұмысына қосукерек. Бұл жұмыстың басты бағыттары: сөйлеу тілін дамыту (лексикалық, грамматикалық, синтаксистік құрылымдар) есту арқылы қабылдауды, оның ішінде сөйлеу тілін естуді дамыту және дыбыс айтуды қалыптастыру. Ауызша және жазбаша сөйлеу тілін қалыптастырумен қатар баланың танымдық әрекетін және тұлғасын жан жақты дамыту жүреді.

Есту бұзылысын түзету мақсатында естуді протездеу немесе кохлеарлы импланттау қолданылады.

Есту қабілеті бұзылған балалар айналадығылардың сөйлеуін үш әдіспен қабылдайды: есту-көру, есту арқылы, көру арқылы.

Естімейтін/нашар еститін балалар сөйлеушіні бірнеше себептерге байланысты әрдайым түсіне бермейді. Есту қабілеті бұзылған баланың айтқанды түсінуі сөйлеушінің артикуляциялық мүшесінің анатомиялық ерекшеліктері (жұқа еріндер, тістестіру ерекшеліктері және т.б.), ерінді бүркеу (мұрт, сақал, ашық түсті далап және басқа) және сөйлеу тілінің ерекшелігі (анық емес, жылдам сөйлеу және т.б.) қиындатады.

Естімейтін/нашар еститін балаға қатысты сөйлеушінің тұрған орны және әңгімеге қатысушылардың сангы да үлкен маңызға ие. Мысалы, сөйлеушінің жарық көзіне арқасымен тұруы, балаға қырымен немесе арқасымен тұруы, әңгімеге екі немесе одан да көп адамның қатысуы – сөйлеуді түсінуге кері әсерін тигізеді.

Есту мүмкіндіктерінің ерекшеліктері (есту аппаратының бұзылуы, толық емес «есту») және баланың тұрмыстық және әлеуметтік тәжірибесінің шектеулігі (ортақ мәнмәтін/тақырып бойынша ақпараттанудың жеткіліксіздігі және осының айтылғанды түсінуге әсер етуі) сөйлеуді қабылдау тұрақсыздығының факторлары болып табылады [11].

Сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері, есту қабілеті бұзылған баланың сөздік қоры да оның сөйлеуді қабылдаудағы мүмкіндіктеріне едәуір әсер етеді.

Естімейтін/нашар еститін оқушылардың сөйлеу тілінде келесідей ерекшеліктер болуы мүмкін: дыбыс айту бұзылысы; сөздерді айту мен жазудағы қателер арқылы байқалатын сөздің дыбыстық құрамын жеткіліксіз меңгеру. Лексикалық деңгейде есту қабілеті бұзылған балаларда шектелген сөздік қоры, мәтіндік мағынасын толық меңгермеуге байланысты сөздерді дұрыс түсінбеу және қате қолдану болады. грамматикалық құрылымның кемшіліктері, сөйлеудегі (грамматикалық) белгілі құрылымдарды меңгеру мен қолдану ерекшеліктері естімейтін/нашар еститін балалардың сөздер/сөз тіркестерінің орны дәстүрлі емес/инвертті тәртіптегі сөйлемді қабылдаудағы қиындықтар және оқылған мәтінді түсіну шектеулігі ретінде байқалатын синтаксистік деңгейдегі қиындықтарды туғызуы мүмкін.

Есту арқылы қабылдаудың бұзылысы және осының салдарынан пайда болатын сөйлеу тілінің жетілмеуі бұндай баланың өзіндік дамуын қалыптастырады. Есту қабілеті бұзылған балаларда тек сөйлеу тілі дамуының ғана емес, танымдық және тұлғалық салаларының дамуында да ерекшеліктер байқалуы мүмкін.

Білім беру процесін ұйымдастыру үшін танымдық саланың келесідей басты ерекшеліктерін бөледі: зейіннің төмен көлемі және ауысу қарқынының төмендігі, яғни есту бұзылысы бар балаға бір оқу әрекетін аяқтау үшін және басқаға ауысу үшін белгілі бір уақыт керек болады. Сондай-ақ, бұл санаттағы балаларға ең төменгі зейін тұрақтылығы тән, соның салдарынан есту-көру негізінде ақпарат алатындықтан қатты шаршағыштық болады. Сабақ барысында оқу кезінде көру және материалды түсіндіруде есту талдағышына сүйенетін еститін оқушыға қарағанда есту қабілеті бұзылған білім алушы үнемі екі талдағышты да іске қосып отырады. Естімейтін/нашар еститін оқушы зейінін бөлуде үлкен қиындықтарға соқтығады және ол бір уақытта естіп, жаза алмайды.

Есте сақтаудың ерекшеліктері естімейтін/нашар еститін баланың лексикалық қорының даму деңгейіне байланысты сөздік жадына қарағанда бейнелік есте сақтаудың басымдығында байқалады. Бұл оқу материалын есте сақтауға көбірек уақытты қажет етеді, бұл орайда саналы есте сақтаудан гөрі, механикалық есте сақтау басым болады.

Есту қабілеті бұзылған бастауыш сынып оқушыларының ойлау ерекшеліктері сөздік логикалық ойлау дамуының деңгейі мен сөйлеу тілі дамуына байланысты сөздік-логикалыққа қарағанда көрнекі-бейнелік ойлаудың басымдығымен байқалады [11].

Эмоционалды саланың даму ерекшеліктері белгілі бір жағдайда айналадағылардың эмоциялық сезімдерін, оның ішінде интонация арқылы берілетін сөйлеудің эмоциялық бояуын қабылдау шектеулігіне байланысты түсінбеу немесе ажыратуда қиналу арқылы байқалады.

Тұлға қалыптасуының ерекшеліктерінің арасында негативті жағдайлар кешенінің болуын атап өту қажет: өзіне сенімсіздік, қорқыныш, жақын ересек адамға аса тәуелділік, өзін өзі өте жоғары бағалау. Естімейтін және нашар еститін балалардың бір бөлігінде негізсіз өзін өзі жоғары бағалау ұзақ сақталады. Бұл олардың ерте жастан бастап ересектер тарапынан өзінің жетістіктерін жағымды бағалау ортасында болғандығымен түсіндіріледі.

Есту қабілеті бұзылған кейбір оқушылар мұғалімнің және сыныптастардың олардың мүмкіндіктерін жағымсыз бағалауына (көбінесе объективті) байланысты агрессия көрсетуі мүмкін.

Естімейтін және нашар еститін балалар қалыпты құрдастарына қарағанда әлеуметтік жетілуі нашар (қоғамда бейімделу) болады: тұйық, өздері сияқтылармен сөйлесуді қалайды, сәтсіздіктен қорыққандықтан еститін құрдастармен ойнаудан қашады.

Естімейтін/нашар еститін оқушы үшін ұзақ уақыт бойы, тіпті жоғары сыныптарға дейін сыныптастарының және өзін өзі бағалауын қалыптастыруда жетекші болып табылатын педагогпен қарым-қатынас орнату ерекше маңызды. Көп уақыт мұғаліммен сөйлесуге басымдық беріп, сыныптастармен әрекеттесуді шектеу әлеуметтік қарым-қатынастың бұзылуына, жоғары ашушаңдыққа, невротикалық әсерлерге алып келуі мүмкін.

Естімейтін және нашар еститін балалар есту қабілеті бұзылысының салдарынан болған ерекше білім беруге қажеттіліктері бар: білім беру, танымдық және коммуникативтік жағдайларда қалдық естуді қолдану және дамыту; сөйлеуші адамның айтқанын есту-көру, есту және көру арқылы қабылдауға және коммуникацияның әртүрлі формаларына үйрету; сөйлеу тілінің барлық жақтарын дамыту және мүмкіндіктердің шектелуіне байланысты қоршаған әлем туралы біліміндегі кемшіліктердің орнын толтыру; инклюзивті білім беру ортасында әлеуметтік құзыреттілікті және мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру; қажеттілік-уәждемелік және эмоционалды-еріктік саланы дамыту; қоғамда барынша тәуелсіз өмір сүруге қабілетті, оның ішінде кәсіби анықталу, әлеуметтік еңбекке бейімделу, белсенді және оптимисттік өмірлік ұстаным және тағы басқа арқылы қалыптастыру [11].

Арнайы білім беру жағдайларын жасау материалды-техникалық базаны құрудан басталады. «Кедергісіз ортаны» жасауда есту қабілеті бұзылған балалар үшін ақпарат алу үлкен қиындық туғызатынын ескерген жөн. Сондықтан, ең алдымен, ұйымда осы балаларға көп ақпаратты визуалды көздер арқылы қабылдауға мүмкіндік беретін қолжетімді орта жасалады: тәртіп ережелері, қауіпсіздік ережелері, ұйымның қызмет ету тәртібі және т.б. туралы көрнекі көрсетілген, ыңғайлы орналастырылған және қолжетімді стендтер

Архитектуралық білім беру ортасын құруда бөлмелерді акустикалық дайындау, есту аппараты/кохлеарлы импланты бар бала оқитын сыныптың акустикасын дұрыстау болып табылады. Кабинеттерді арнайы дыбыс жұтатын панельдермен және қалың матадан жасалған педелерді құру бұл мәселені шешеді.

Түзету-дамыту сабақтарына арналған арнайы кабинеттер жасау есту қабілеті бұзылған балалардың денсаулығын сақтау шарты болып табылады. арнайы кабинеттер дыбыс өткізбейтін, түзете-дамыту сабақтарына арналған құрал-жабдықтармен жарақтандырылған болуы қажет.



Арнайы құрал-жабдықтар

Естімейтін және нашар еститін білім алушыларды ерекше қажеттіліктеріне бағдарланған оқытудың техникалық: ұжымдық және жеке қолдануға арналған дыбысты күшейткіш стационарлы желілік аппаратура (қосымша вибротактильді құрылғылары бар), сымсыз аппаратура, мысалы, FM - жүйе; сөйлеудің дыбыс айту жағын дамытуға ықпал ететін арнайы визуалды құралдар; арнайы компьютерлік оқыту бағдарламалары.

Есту арқылы қабылдау мен сөйлеудің дыбыс айту жағын дамыту бойынша топтық және жеке сабақтарға арналаған, музыкалық ырғақтық сабақтарға арналған кабинеттер дыбыс күшейткіш аппаратурамен жабдықталады. Сөйлеушінің бетін және оның артындағы фонды жарықтандыру, заманауи электроакустикалық, оның ішінде дыбыс күшейткіш аппаратура, сондай-ақ қашықтықтан іс-әрекетті үлкен экранда көрсетуге мүмкіндік беретін аппаратураны қолдану қажет [11].

Қосымша дидактикалық материалдар

  1. Есту арқылы қабылдау деңгейін анықтау үшін диагностикалық жинақ.


  2. Кестелер, мәтіндер, тақырып бойынша иллюстрациялық материал


  3. Ойыншықтар мен үстел ойындары.


  4. Музыкалды аспаптар жинағы.


  5. Сурдопедагогика бойынша арнайы әдебиеттер.




Естімейтін балаларға білім беру процесін ұйымдастыру бойынша

әдістемелік ұсынымдар
  • есту қабілеті бұзылған балалардың жұмыс қарқыны баяу болғандықтан тапсырмаларды орындауға көбірек уақыт беру қажет;


  • кез келген жағдайда тапсырманы өздігінен орындауға басымдық беру ұсынылады;


  • балаларды үнемі диалогқа, олардың нәтижеге жету процесі туралы талқылауға қосып отыру керек;


  • әрекет түрін немесе тапсырманы ауыстыруда бала мұғалімді түсінгеніне көз жеткізу керек (мысалы, «не жасайтыныңды қайтала», «не жасау керектігін балаларға айтып бер»);


  • сыныпта шудың қатты деңгейде болмауын қадағалау, оқу процесіне барлық балаларға пайдалы және есту қабілеті үшін тынығу болатын «үнсіздік минутасын» қосу ұсынылады;


  • ұсынылған материалдың негізгілерін бірнеше рет қайталап, есту қабілеті бұзылған/барлық балаларды қайталату жөн;


  • сұрақтарды балалар түсінетіндей, мәнін ұғынатындай анық, қысқа қойып, жауап беруге асықтырмай, ойлануға уақыт берген тиімді;


  • оқу процесінде иллюстративті материалды кеңінен қолданыңыз;


  • есту қабілетінің бұзылысы бар баланың сөйлеушіге бұрылуға мүмкіндігі болу керек (дыбыстық ақпаратты көру арқылы қабылдау). Бұл тәртіп бұзу емес, қажеттілік.


  • сабақта диалог/полилог түрінде әңгіме барысында естімейтін баланың назарын сөйлеушіге аударту (оларға бұрылып қарау ережесі) – бұл сөйлеу тілін қабылдаудың (есту және есту-көру арқылы қабылдау) тиімді жағдайы [11].





Естімейтін білім алушылар үшін жиынтық жұмыстарын жүргізу тәртібін ұйымдастыру бойынша ұсынымдар

− естімейтін білім алушылар үшін жиынтық жұмыстары арнайы сараланып әзірленген тапсырмаларды қолдану арқылы жүргізіледі. Жиынтық жұмыстарының тапсырмалары, бағалау критерийлері және дескрипторларды мұғалім психологиялық-педагогикалық қолдау маманымен бірге әзірлейді;

− есту қабілеті бұзылған білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып жиынтық жұмыстарының тапсыру уақытын ұзартуға болады;

− жиынтық жұмысты жүргізу барысында білім алушыға тынығу үшін немесе басқа қажетті шаралар үшін қысқа уақытты үзіліс беруге болады;

− естімейтін оқушыларға арнайы психологиялық-педагогикалық көмек −, оқу тапсырмасын қабылдау мен орындау кезеңінде эмоционалды жайлы жағдайды жасау және сақтау мақсатында қажеттілігіне байланысты психологиялық-педагогикалық қолдау маманының қатысуына рұқсат етіледі;

− тілдік пәндер бойынша тыңдалымға арналған тапсырмаларды білім алушының сөйлеу тілі дамуының ерекшеліктерін есепке ала отырып басқа тапсырмалармен алмастыруға болады;

− айтылымға арналған тапсырмалардың көлемі мен мазмұнын білім алушының психикалық және тілдік дамуына байланысты өзгертуге болады;

− қажет болған жағдайда (ата-ананың немесе білім алушының қалауы бойынша) арнайы құрылғыларды (ұжымдық қолдануға арналған дыбыс күшейткіш аппаратурасы, жеке есту аппараттары және басқа) қолдану ұсынылады;

− естімейтін білім алушылардың жиынтық жұмыстарын бағалау жалпы қабылданған критерийлерді, сонымен қатар олардың психофизиологиялық жағдайы мен сөйлеу тілі әрекетінің даму ерекшеліктерін ескеретін критерийлерді есепке ала отырып жүзеге асырылады.
Нашар еститін балалардың психофизикалық ерекшеліктері және ерекше білім беруге қажеттіліктері

Нашар еститін балаларға жоғарылығы бойынша дыбыстарды ажырату аумағы кеңдеу (орташа 1000-4000 Гц) болатын күші 20 - 50 дБ және одан қатты (бірінші дәрежедегі саңыраулық), сондай-ақ 50 - 70 дБ, одан қатты (екінші дәрежедегі саңыраулық) дыбыстарды еститін есту қабілеті бұзылған балалар жатады.

Бұл балалардың естімейтіндерден ең басты айырмашылығы олар жеткіліксіз деңгейде болса да өздігінен ауызша сөйлеу тілін меңгереді.

Есту қабілетінің бұзылысын арнайы диагностикасыз қалыпты жағдайда анықтау күрделі жұмыс.

Қалдық есту негізінде дамитын есту арқылы қабылдау кемістіктің күрделілігіне, оның пайда болуы мен оңалтуды бастау уақытына байланысты. Бұндай балалардың ерекшелігі қатты дыбыстарға мазасыздану, есту қабілетінің бұзылысы ауыр болған сайын дыбыс қаттылығының жылдам арту феномені анық көріне бастайды. Егер тілдік емес – музыкалық және шуға қатысты есту туралы айтатын болсақ, бұл балаларда жақсы музыкалық қабілеттерді байқауға болады. ол аудиограммамен анықталмайды, туа пайда болған жеке нышандар болып табылады. бұл санаттағы балаларда вибрациялық сезімталдық басқа балаларға қарағанда жақсы дамыған. Сондықтан, олар ырғақтық көріністі ажыратуға, музыкалық аспаптарда ойнауға, тіпті билей алуға қабілетті. Сырттан есту қабілетінің бұзылысын балалардың жиі қайта сұрауынан, бала сөйлеушінің түрін көрмесе оған айтылған сөзге жауаптың болмауынан, теледидар бағдарламаларын қатты дыбыспен көру, сөйлеушінің айтқанын жақсырақ еститін құлағымен бұрылып тыңдауынан, дыбыстың бағытын анықтай алмауынан байқауға болады.

Естуінде қиындықтары бар балалардың эмоционалды-еріктік саласы эмоциялардың жұтаңдығымен, ерік қасиеттерінің әлсіздігімен, бастаған ісін аяғына апарғысы келмейтіндігімен сипатталады. Дегенмен, олар еститін балаларға қарағанда белсенді болады. Олар іс-әрекеттер арқылы өзін қоршаған заттарды барлық сақталған қабылдау түрлерін қолдана отырып танып білетінін түсіну маңызды

Нашар еститін балаларда қоршаған әлемді қабылдаудың бірқатар ерекшеліктері бар. Көру арқылы қабылдауда жетілмегендік, нақтырақ қабылдау және заттарды тану жылдамдығының төмендігі байқалады.

Нашар еститіндердің сөйлеу тіліне сандық жағынан жеткіліксіздік және сапалық жағынан өзгешелік тән. Балалардағы есту қабілетінің жеңіл түрде төмендеуі сөйлеу тілі дамуының тежелуіне, бала тілдің ақырын айтылған дыбыстары мен сөздің бөлігін қабылдап ажырата алмағандықтан фонематикалық талдаудың қалыптаспауына алып келеді. Бала сөздің бір бөлігін ғана естиді, сондықтан оның мағынасын дұрыс түсінбейді. Жалпы алғанда, нашар еститін балалардың дыбыс айту бұзылған, сөйлеу тілі анық емес, дыбыс шығару қаттылығы бірде өте қатты, бірде өте төмен біркелкі емес, ым-ишарамен қатар жүреді.

Сөйлеу тілінің болмауы немесе оның төмен деңгейде дамуы баланың танымдық әрекетінің тежелуіне, әсіресе, тілдік ойлау деп аталатын көрнекі-бейнелік және тілдік-логикалық ойлаудың шектелуіне алып келеді.

Есту қабілеті бұзылған балалардың әлеуетті мүмкіндіктері өте жоғары.

Егер баланың дамуында басқа қосымша күрделі ауытқулары болмаса, тиімді және мақсатты түзету жұмысы мектепке дейінгі кезеңде жүргізілген болса, онда саңыраулықтың ауыр түріне қарамастан бастауыш мектепте жалпы және тілдік дамуды қалыпты жағдайға дейін жеткізуге болады. Бұндай балалар сөйлеу тілін толық меңгерген, балалармен де, ересектермен де еркін сөйлесе алады, көргенін айтып бере алады, оларға айтылған сөзді жақсы қабылдайды, естіп көру арқылы қабылдайды, тақпақ оқып, өлең де айтып бере алады.

Олардың сөйлеу тілінің дыбысталуы, әдетте, еститін балалардың тілінен аз айырмашылыға болады, олар есту аппараттарымен еш қиындықсыз қолданады. Оларға жалпы мектепте оқу тиімді болып табылады.

Нашар еститін балалармен түзету жұмысын ұйымдастыру үшін сурдопедагог кабинеті қажет. Ол дыбыстау индикаторы, арнайы компьютерлік бағдарламалар, сурдологопедиялық тренажер, компьютер колонкалары, магнитті тақта, аудиодисктер, айна және басқа құралдармен жабдықталады [11].
Нашар еститін балаларға білім беру процесін ұйымдастыру бойынша

әдістемелік ұсынымдар

1) Есту қабілеті бұзылған баланың білім беру ұйымының тәртібіне, оның білім беру ортасына бейімделу процесінде жеке және жас ерекшеліктерін міндетті түрде ескере отырып сабақтастық, бірізділік, біртіндеп беру принциптерін сақтау қажет.

2) Педагогтерге бұндай баламен қарым-қатынаста барлық мүмкін және қолжетімді құралдарды қолдану қажет: ауызша сөйлеу тілі, табиғи ым-ишара мен мимка.

3) Педагогтер мен мамандарға бұндай баланы айналадағылар қабылдау үшін, қарым-қатынасқа және әр түрлі әрекет түрлеріне қосу үшін арнайы жұмыс жүргізу қажет.




Нашар еститін білім алушылар үшін жиынтық жұмыстарын жүргізу тәртібін ұйымдастыру бойынша ұсынымдар

− нашар еститін білім алушылар үшін жиынтық жұмыстары арнайы сараланып әзірленген тапсырмаларды қолдану арқылы жүргізіледі. Жиынтық жұмыстарының тапсырмалары, бағалау критерийлері және дескрипторларды мұғалім психологиялық-педагогикалық қолдау маманымен бірге әзірлейді;

− есту қабілеті бұзылған білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып жиынтық жұмыстарының тапсыру уақытын ұзартуға болады;

− жиынтық жұмысты жүргізу барысында білім алушыға тынығу үшін немесе басқа қажетті шаралар үшін қысқа уақытты үзіліс беруге болады;

− нашар еститін оқушыларға арнайы психологиялық-педагогикалық көмек көрсету, оқу тапсырмасын қабылдау мен орындау кезеңінде эмоционалды жайлы жағдайды жасау және сақтау мақсатында қажеттілігіне байланысты психологиялық-педагогикалық қолдау маманының қатысуына рұқсат етіледі;

− қажет болған жағдайда (ата-ананың немесе білім алушының қалауы бойынша) арнайы құрылғыларды (ұжымдық қолдануға арналған дыбыс күшейткіш аппаратурасы, жеке есту аппараттары және басқа) қолдану ұсынылады;

− нашар еститін білім алушылардың жиынтық жұмыстарын бағалау оценивание жалпы қабылданған критерийлерді, сонымен қатар олардың психофизиологиялық жағдайы мен сөйлеу тілі әрекетінің даму ерекшеліктерін ескеретін критерийлерді есепке ала отырып жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет