Жол қауіпсіздігі айлығынын жоспарлау



Дата24.11.2022
өлшемі19,74 Kb.
#52393

« Алматы облыстық білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы» бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің «Нұрлы орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жол қауіпсіздігі айлығынын жоспарлау
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мешитбаева К.Т

2022-2023 оқу жылы


Кейінгі жылдары еліміздің барлық қалаларында көліктің барлық түрлері көбейіп келеді. Бұл машина жүргізушілері мен жаяу жүргіншілердің, әсіресе мектеп оқушыларының жол жүру ережесін неғұрлым жетік біліп, қатаң сақтауын қажет етеді.
Жол – ең алдымен, балалар үшін аса қауіпті аймақ. Сырт көзге көлік жүргізу оңай болғанымен, жол ережелері өте көп. Оны біліп, сақтау әрбір жүргізуші үшін де, жаяу жүргінші үшін де – міндет!
Жалпы статистика бойынша, біздің елде әрбір екінші жол-көлік оқиғасы жаяу жүргіншіні қағып кетумен байланысты көрінеді. Және сол зардап шеккен жандардың көбі жаяу жүргінші жолағында жол-көлік оқиғасына ұшырағандар екен. Жаяу жүргіншіге арналған жолақтан өтерде жаяу жүргінші көлік келе жатыр ма, баяу жүріп келе ме немесе таяп қалды ма – оған мән бере қоймайды. Ол өзінің аяқ ұшы жаяу жүргінші жолағына тиді ме, сол сәтте-ақ қандай көлік болса да, қайтіп, қалай келе жатса да бірден тоқтап, жол береді деп сенеді. Ал оның кенеттен қалт тоқтай алуы, алмауы ойландырмайды. Мәселен, алыстан келе жатқан жүргізуші жаяу жүргіншілер жолағында ешкім болмаса, қалыпты жылдамдығын төмендете қоймайтындығы белгілі. Ал тап осы сәтте кенеттен алды-артына қарамастан жаяу жүргінші жолағымен жүгіре жөнелген адам өтіп кетуді ойлайды. Мұндай кезде жүргізуші жаяу жүргіншіні байқамай да қалуы мүмкін, екіншіден, байқаса да тежегішті басып үлгере алмайтындығы анық. Тіпті тежегішті сол кезде басқан сәттің өзінде көлік өз екпінімен сырғанайды емес пе?! Соның өзі-ақ кейде адамды жазым қылуға жетіп жатыр.
Жол жүрісі ережесінде жазылғандай, реттелмейтін жаяу жүргінші жолағына келген жүргінші одан өтпес бұрын, келе жатқан көліктің алыс, жақындығын байқауы үшін алдымен тоқтап, жан-жағына қарауы керек. Және ол көлік ақырын келе жатыр ма, әлде қатты жылдамдықпен келе ме – соны айырған соң ғана қауіпсіздікке көз жеткізіп барып өтуі қажет.
Жүргізушінің жаяу жүргіншіге арналған жолақпен өтіп бара жатқан адамды байқаған сәтте көлік жылдамдығын азайту арқылы ақырын тоқтай алуы, сол көліктің қауіпсіз қашықтықта болуы да есептелінеді. Демек, жүргізуші жаяу жүргіншінің өткелі тұрғанын байқап, көлік жылдамдығын азайтқанда ғана, жаяу жүргінші өтуі тиіс. Ал оның көліктің жылдамдығын төмендетпестен келе жатқанын көріп тұрып, сонда да «маған қайткенде де жол беруі тиіс» деп сақтықты елемей, жолақ үстіне шығып кетуі, жол жүрісі талаптарына қайшы ғана емес, өз басын қатерге тігу!
Мамандар жаяу жүргінші кешқұрым немесе көз байланғанда үстіне жарық сәуле шашқышы бар киім киіп жүруге тиіс деп те айтып көрді. Сонда ол жаяу жүргінші жолағынан өтіп бара жатқанда көлік шамымен шағылысып көзге анық көрінеді.
Осы бағытта мектебімізде «Жол қауіпсіздігі-сенің қауіпсіздігің» тақырыбында іс- шара жоспары жасалуда.
Бұл іс-шаралардың негізгі мақсаттарының бірі - жол ережелерін бұзу фактілерінің алдын алу, балаларды жол белгілерін ажырата білуге, жол ережесін қатаң сақтауға баулу болып табылады.
Іс-шаралар балалардың жол ережесі туралы білімін кеңейтуге, жол белгілерін ажырата білуге, жол ережесін қатаң сақтауға үйрету, жүргізушілерге жол ережесін бұзбауды, балалардың өмірін сақтауды, жол апаттарын болдырмау мақсатында өткізуді жоспарлаудамыз.
Ұсыныс:

  1. «Жол қауіпсіздігінің ережелері» сынып сағаттарын өткізу:

  2. «Алғашқы медициналық көмек» мектеп мейірбикесі Г.Болатбай мен тәрбие бөлімінің ұйымдастырумен ролдік ойындар;

  3. «Жаяу жүргіншілер өткелі», «Жолда жүру ережесі» тақырыбында суреттер көрмесі, «Жол тәртібін орындау- міндет» тақырыбында дебат өткізу.

  4. Аталған іс-шаралар мектептің оқу-тәрбие жоспарына енгізілсін;


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет