Жоспар 1 Мемлекеттің түсінігі және оның ерекшелігі



Дата21.10.2022
өлшемі454,1 Kb.
#44741

Мемлекет туралы негізгі түсініктер

Жоспар

1 Мемлекеттің түсінігі және оның ерекшелігі.

2 Мемлекеттегі билік.

3 Мемлекет кепілі.

4 Мемлекет қызметтері.

5 Мемлекет нысаны.

6 Құқықтық қызмет.


Мемлекет дегеніміз- өзіне тән басқару аппараты бар, қолында мәжбүрлеуші билікті шоғырландырған, қоғамды ұйымдастыратын және басқаратын арнайы саяси ұйым. Мемлекет өзінің билігін жүзеге асыру үшін арнайы мемлекеттік органдар аппаратын құрады.
Мемлекетті өзге саяси ұйымдардан өзгешелейтін өзіндік белгілері бар:
Біріншіден, мемлекеттің егемендігі бар.
Екіншіден, мемлекеттің өзіне тиесілі аумағы болады.
Үшіншіден, мемлекеттің арнайы басқарушы және мәжбүрлеу аппараты болады.
Төртіншіден, тек мемлекет қана жалпыға ортақ және міндетті нормативтік құқықтық актілер қабылдайды.

Мемлекет тетігі дегеніміз - билік жүргізу үшін және мемлекеттің міндеттерін, қызметтерін іс жүзіне асыру үшін кәсіби дайындық негізінде құрылған органдардың жұйесі.

Мемлекеттік органдар- құқық нормалары негізінде мемлекет тарапынан құрылып мемлекеттің мақсат – міндеттерін жүзеге асыратын , биліктік өкілеттіліктер беріліп, өз қызметін жүзеге асыру үшін материалдық жағынан керек- жарақпен қамтамасыз етілген мемлекет тетігінің арнайы элеметтері.


Мемлекет тетігінің құрлымдық бөліктері :
1) Заң шығарушы органдар, ( Парламент және маслихаттар) қоғам өмірін реттеуге арналған құқық нормаларын қабылдайды;
2) Атқарушы органдар , заңға сәйкес нормативтік құқықтық актілер қабылдау арқылы заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді;
3) Әділет органдары, заңдылықтың орындалуын қамтамасыз етіп, құқық бұзушылықтар үшін жауапкершіліктер жүктейді;
4) жазалау, мәжбүрлеу, құқық бұзушылықпен күресу, жазаны орындау сияқты мәселелермен айналысатын (әскер, полиция және т.б) арнайы органдар;
Мемлекет қызметі дегеніміз- мемлекеттің алдына қойған мақсат-міндеттерін жүзеге асырудың басты бағыттары.
Мемлекет қызметі
Ішкі қызметтерге экономикалық, әлеуметтік, қаржылық бақылау,адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау,экологиялық қызметтер жатады.
Сыртқы қызметтеріне оның өзге мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен дипломатиялық қарым-қатынас орнатуы және сырттан төнген қауіптен Отанды қорғау қызметтері жатады.
Мемлекет нысаны - мемлекеттің өмір сүру тәсілі мен ондағы биліктің мазмұнын көрсететін элементтердің жиынтығы . Мемлекет нысаны үш элементтен тұрады:
Мемлекеттің басқару нысаны;

Мемлекттің құрылым нысаны;

Мемлекеттегі саяси режим;
Мемлекетті басқару нысаны
Монархия
Республика
Мемлекеттің құрылым нысаны
Унитарлық
Федерация
Конфедерация
Мемлекеттегі саяси режим
демократиялық
Антидемократиялық
Құқықтық мемлект дегеніміз- мемлекетте гуманизм , адамгершілік, теңдік, бостандық идеялары құқықтық қағидаларға ұласып, құқық үстемдік ететін, бассыздық пен заңсыздыққа жол бермеу үшін биліктің барлық тармақтары арнайы тетіктері арқылы тежеліп, адам құқықтары тиімді қорғалатын мемлекет.
Құқықтық мемлекет өз қызметінде келесідей қағидаларды басшылыққа алады:
  • Құқық үстемдігі қағидасы;
  • Билік бөлінісі қағидасы;
  • Мемлекет пен жеке тұлғаның өзара жауапкершілігі қағидасы;
  • Судьялардың тәуелсіздігі қағидасы;
  • Адам құқықтарының ең жоғарғы құндылық деп танылуы;
  • Көппікірлілік қағидасы;
  • Кінәсіздік презумпциясы және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет