Жоспар:
1) 2-3-4-5 жастағы балалардың жас ерекшелігі
2) Бейімделуіне әдістер
1)Мектепке дейінгі шақ – баланың сезімдік тəжірибесінің молайып, қабылдау мен ойлаудың адамға тəн формаларын игеруі, қиялдың күшті дамуы, ырықты зейін мен мағыналы естің бастамаларының қалыптасу кезеңі балып саналады. Бес жастан жеті жасқа дейінгі балалардың қабылдауы жоғары болады. Осы жас аралығында ба- лаларда көздің көргіштігі, түстер мен олардың реңдерін ажырату нəзіктігі артып, фонематикалық жəне жоғары дыбысты естуі да- миды, қол белсенді сезіну мүшесіне айналады. Бірақ бұл барлық өзгерістер өздігінен бола салмайды. Олар баланың болмыстағы заттар мен құбылыстарды олардың сан алуан қасиеттері мен қарым-қатынастарын тексеруге бағытталған қабылдаудың жаңа іс- əрекеттерін игеруінің нəтижесі болып есептеледі.
Мектепке дейінгі балалық шақта қабылдаудың дамуы үшін, балалардың сенсорлық эталондар жүйесін игеруінің ерекше маңызы бар (сенсорлық эталондар – спектр түстері, геометриялық фор- малар, музыкалық дыбыстар, т.б. жүйесі тəрізді адамзат белгілі бір жолмен бөліп алған заттар қасиеттерінің жіктелген жəне өзара байланысқан үлгілері). Сенсорлық эталондар балалар қабылдау əрекеттерін орындағанда қолданылып, тексерілуге тиісті заттардың ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретін айрықша, өзінше бір өлшем қызметін атқарады.
Баланың оқу əрекетіне жеке басының дайындығын психологтар, оның өз психикалық процестерін басқара білуімен байланыстырады, демек баланың импульсивтік (жедел) эмоциясынан арылып, ерік-жігер қасиеттері орын алып, қабылдау барысында, белсенділікті, тəртіптілік пен оқуға деген ынтасын көрсете алуына жағдай жасау маңызды мəселелердің бірі болып табылады. Қазіргі кезде балалар психологиясы ғылымында мектепке оқуға дайындықтың мазмұны тек баладағы біліммен, интеллектуалдық дайындығымен тұжырымдалмай, оның психикасының сапалы ерекшелігімен, белгілі психикалық жаңа құрылымдарының қалыптасуымен жүзеге асатындығын көрсетеді. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалардың таным процесттерін дамыту түрлі жаттығулар мен əдістемелерді жүйелі түрде жүргізуді қажет ететін болғандықтан, төмендегідей əдістемелерді ұсынып отырмыз.
Достарыңызбен бөлісу: |