1.Еркіндік — нақты және салыстырмалы ұғым. Мысалы, адам әр түрлі жағдайларға байланысты еркін болады немесе одан мүлдем айырылады. Ол өмірдің бір саласында өзін еркін сезінгенімен, өзге бір салада оған жете алмауы да мүмкін. Сол секілді жеке адамның және ұлттың еркіндік дәрежесі де әр түрлі. Мұның өзі қоғамдағы өндіргіш күштердің дамуына да тікелей қатысты. Сонымен қатар ол әлеуметтік, этникалық топтардың, жекелеген адамдардың еркіндігін анықтайтын қоғамның әлеуметтік-саяси құрылымына да тәуелді.
2. Этикада «еркіндік» адамның ерік бостандығының болуымен байланыс-ты. Ерік бостандығы адам мойнына жауапкершілікті салады. Іс-қылық ерікті жігермен жасалғанда ғана, адамның ерік бостандығын білдіргенде ғана өнегелілікке жатады. Бұл мағынада этика адамның еркіндігін және жауапкершілігін өзара байланыста болатынын көздейді. Ерік бостандығы – бұл қалыптасқан жағдайға тәуелсіз таңдауды жасау мүмкіндігі. Жағдай деп мұнда сыртқы хал-ахуалды (зорлық-зомбылық, мәжбүрлеу, марапаттау т.с.с.) және де ішкі күй-жайды (инстинктер, ұнату және ұнатпау, алдын-ала қалыптасқан сенімдер және т. Б.) айтады.
«Адамның ерік бостандығының метафизикалық тереңдігі бар және ол бізді жоғары қарай да – игілік пен ізгілікке және төмен қарай да – зұлымдыққа бағыттай алады»
Фридрих Вильгельм Шеллинг
(1775-1854), неміс классикалық философиясының өкілі.
Ж.Ж. Руссо адам еркіндігінің тарихта дамуы туралы
Адам еркіндігінің тарихта дамуы табиғи еркіндіктен басталады, азаматтық еркіндікке дейін жетеді, ары қарай моральдық еркіндікке айналады
«Табиғи еркіндіктің» шегі индивидтің тек қана өз жеке басының күшіне байланысты
«Азаматтық еркіндік» бұл қоғамдық келісім-шартқа сәйкес бір адамның өз бостандықтарының бір бөлігінен бас тартуы, өйткені ол қоғамның басқа мүшелеріне қамқорлығын білдіреді
«Моральдық еркіндік» - еркіндік дамуын-дағы жоғарғы деңгейі. Осы деңгейде адам «өз-өзіне қожайын» болып шығады, өйткені ол «өз-өзіне жазып қойған заңдарды жетекшілікке алады».
Гегель: «адамзат тарихы іс әрекеттегі еркіндіктің ары қарай кобеюінің дамуын бізге көрсетіп тұр:
«Шығыс бір адамның ғана (патшаның) - деспоттың –бостандығын білген және біледі
Грек және римдік дүниесінде тек қана кейбіреулер – құлдыққа түспегендер – бостандыққа ие болған
Ортағасырлық пен Жаңа замандағы германдық дүниесінде - енді «барлығы бостандыққа ие»
5. Антикалық философиядағы еркіндік ұғымы:
Ежелгі гректер және римдіктар негізгі назарын алдымен «қажеттілік», «тағдыр», «кездейсоқтық» деген ұғымдарға аударған, еркіндік мәселесімен айналыспаған
Философиялық мағынада алғаш рет «еркіндік» ұғымын софистер қолданған, заңды (Nomos) табиғатқа (Physis) қарама-қарсы қойған кезде
Платон «еркіндік» ұғымын «игілік болмысы» мағынасында ежелгі гректердің полистік өміріндегі бостандық түсінігі шеңберінде қолданған
Аристотель және стоиктер де еркіндікті адам іс-әрекеттерінің еркіндігі немесе спонтанды (табан астында туындаған) еркіндік ретінде анықтаған
Қайта Өрлеу дәуірі және Жаңа замандағы еркіндік ұғымы
Еркіндік ұғымы индивидтің басқа адамдармен, қоғаммен қатынастарына таратылады. Сонда «негативті» немесе «позитивті» еркіндік туралы түсініктер қолданылады.
Еркіндікті адам өз-өзіне және өз әрекетіне туа біткен немесе қалыптасқан қатынасы ретінде түсінеді, сонда еркіндік «тілеймін-істей аламын» «(шамам келеді)» деген мағынада көрініс береді
Еркіндік ерік бостандығы ретінде де немесе трансценденталды еркіндік ретінде де түсіндіріледі
Қорытынды:
Еркіндік ол әр адамның жеке тәуелсіз шешім қабылдауы. Қазіргі таңда біз еркін шешім қабылдай алатын әлемде өмір сүрудеміз. Бірақ бұрыңғы кездері ондай мүмкіндік көп адамдарда болмаған. Оларға тіпті дінін тілін таңдауға мүмкіндік бермеген, шектеулер және тиымсалусал қойған. Еркіндік ол керемет. Себебі сен өз өміріңде өзің шешім қабылдап өз өміріңе жауапкершілік ала аласың. Сол себептен көптеген фиоософ ғалымдар еркіндік пен жауапкершілік ұғымдарын бір бірімен байланыстырған.