Жоспар: I. Кіріспе бөлім



Дата02.12.2023
өлшемі20,06 Kb.
#131905

Павлодар өңірінің археологиялық ескерткіштері

Жоспар:
I.Кіріспе бөлім


Археологиялық тарихи мәдени ескерткіштер – ұлттық тарихымыз бен мәдениетіміздің құнды жәдігерлері болып табылады.
II.Негізгі бөлім
Ескерткіштер әрбір елдің тарихы мен өткенінен сыр шертер халықтың ұлттық байлығы ғана емес сол елдің өткені мен бүгінін саралайтын, сол арқылы келешек ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде маңызы зор.
III.Қорытынды бөлім


 Тарихи мәдени ескерткіштер – ұлттық тарихымыз пен мәдениетіміздің құнды жәдігерлері болып табылады. Ескерткіштер әрбір елдің тарихы мен өткенінен сыр шертер халықтың ұлттық байлығы ғана емес сол елдің өткені мен бүгінін саралайтын, сол арқылы келешек ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде маңызы зор. Қазіргі таңда Қазақстан аумағында 25 мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіш сақталынған.

Жұмыстың мақсаты: өлкеміздегі мәдени-тарихи маңызы ескерткіштерді зерделеу;


Ертіс Павлодар өңірінің, көне- ежелгі және орта ғасырлық тарихының түрлі кезеңдері жөнінде жаңа материалдар жинақтау.

Павлодар қаласынан оңтүстікке қарай 100км.жерде тас құралдар Ертіс өңірінің аумағында 1 млн.жыл бұрын адамның тұрғанын дәлелдейтін көне және бірегей объектілер болып табылады. Олардың материалдары ертістік террасалардың көне шөгінділерінен жасалған қарапайым тас индустриясы түрінде көрінеді. Мұндай ескерткіштер кешені Павлодар 60 км. шығысқа қарай Маралды көлінде ежелден белгілі, оларды зерттеу әзірше көтеру материалын жинаумен шектелді, себебі мәдени қабат өте тереңде жатқандықтан бұл ескерткіштерде зерттеу жүргізудің басқа мүмкіншіліктері жоқ.


Бірнеше жылдар бойы Ескі Екібастұз аумағында объектілерінің саны 20-дан асатын тас дәуірінің тұрақ-шеберханалары мен қоныстары кешеніне зерттеу жүргізілді. Екібастұз көмір орнының игерілуіне байланысты бұл кешен қатты бүлінген, алдағы уақытта толық жойылып кетуі мүмкін, сондықтан Қазақстан мен Батыс Сібірдің көне тарихы мен археологияның көптеген проблемалары шешу үшін ас маңызды оны үнемі зерделеу керек.
Соның ішінде көне гоминидтердің Қазақ үстіртінің солтүстік шет аймақтарын бастапқыда игеруі, одан кейін тас индустриясының дамуы, олардың Орталық Азияның көрші өңірлерінің мәдениетіне ықпалы мен тас дәуірінің аяғында индустрияның одан әрі трансформация проблемаларын түсіну үшін қажет.
Орталық зерделеген ескерткіштердің басқа тобы – Шідерті өзенінің орта ағысында орналасқан тас дәуірінің тұрақтары мен көп қабатты қоныстары. Олар да жергілікті жұрттың шаруашылық қызметінен едәуір зақымданған. Шідерті 2,3,5 көп қабатты тұрақтары мұнда барынша перспективалы болып табылады. Голоценде осы өңірде тас индустриясының эволюциясы және мәдени дәстүрлердің алмасуы туралы түсінік беретін Солтүстік және Орталық Азиядағы жалғыз көп қабатты ескерткіш ретінде Шідерті 3 тұрағы соңғы 20 жыл бойы зерделенді. Осы тұрақта мезолит-энеолит материалдарынан тұратын 6 мәдени көкжиек анықталып, осы ескерткіштің жоғарғы қабатында энеолит дәуірінің жаңа археологиялық мәдениетінің материалдары мен өңірдегі ең көне сол кездегі адамның қабыры табылды. Шідерті өзені алғашқы жайылма үсті террасасының голоценвтік шөгіндісінің пачкасына салынған бірнеше қабыр топырақтары байқалды.
Кейбір топырақтардан шірінді бойынша радиокөміртекті даталар мен тұрақтың бүкіл тілігіненшаңды спектрлер алынды. Қазір бұл ескерткіш Солтүстік және Орталық Қазақстан аумағында голоценді кешендердің кезеңденуі мен хронологиясын жаасу және жаңа археологиялық мәдениеттерді бөлу үшін эталонды объект болып табылады. Сондықтан Шідерті 3 көп қабатты өз мәнінде Павлодар облысыынң археологиялық ескерткіштерінің арасында жалғыз, бірегей объект ретінде «Мәдени мұра» республикалық бағдарламасына еніп, осы бағдарламаның шеңберінде 2 жыл зерделенді.
Әр түрлі дәуірлердің бірқатар басқа ескерткіштері де табылды. Бұл-Павлодардан солтүстікке қарай және Лебяжі ауданы Шарбақты көліндегі неолит, қола және ерте темір ғасырының қоныстары, Ертіс қаласы мен Мичурино, Григорьевка, Набережное селоларының жанындағы қола дәуірінің қабірлері, жартас суретті көне қасиет орындары мен бұзыла бастаған және дереу зерттеуді қажет ететін көптеген басқа объектілер. Қола дәуірінің ескерткіштерін зерттеу нәтижесінде археологиялық ақпарат көздерінің елеулі массиві алынды. Елуниндік және шұңқыр типті материалдар табылған Екібастұз қаласының, Шідерті көлінде және Григорьевка селосының маңындағы ерте қола кезеңінің қабірлері мен қоныстары зерттелуде. Арттарында көптеген археологиялық ескерткіштер-қоныстар, тау үйінділерін, топырақты молалар, тас қоршаулар мен қорғандар қалдырған андроновтық мәдени-тарихи қауымдастықтың, отырықшы малшылардың, диқандар мен металлургтердің ескерткіші елеулі ғылыми-қызығушылық туырады. Қаратұмсық, Кенжекөл 1, Черное, Набережное, Қызылжар тас молаларын, сол сияқты Павлодарское селосы Ақбидайық алқабының маңындағы қоныстары және басқа андроновтық тайпалар ескерткіштерін қазу нәтижесінде керамикалық ыдыстардың сандаған үлгілері, қола қару, еңбек құралы, алқалар, тұрғын үйлер мен зират ғимараттарының, көне орындардың қирандылары алынды, олар керамика өндірісінің, тау кен ісі мен металлургияның, құрылыстың, ағаш өңдеудің жоғары жоғары деңгейде дамығанын көрсетеді. Павлодар облысындағы ұзақ жылғы археологиялық зерттеулерге қарамастан бұл - Қазақстанның аса ірі су тамыры – Ертістің орта ағысында ертеде құрылған түрлі географиялық және мәдени – тарихи аймақтардың тоғысында орналасқан Қазақстанның солтүстік-шығыс бөлігінің аз зерттелген өңірі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет