Жоспар: І. Кіріспе. ІІ. Негізгі бөлім. ІІІ. Қорытынды. ІУ. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат - оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру жəне сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта əр түрлі жағдаяттарда, əр түрлі қоғамдық ортада өзін өзі көрсете білуге бейімдеу. Егер оқушы жобасы тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса - ол болашаққа дұрыс тұлға болып қалыптасады. Əр түрлі жағдаяттарды дұрыс шешім қабылдап отырып, əр түрлі адамдармен тіл табыса отырып, əр ортада дұрыс бағыт - бағдар бере алады.
Жобалап оқыту технологиясы арқылы қазақ тілін меңгертудің ережесі мынадай: тақырып (жобалық) оқу бағдарламасына сәйкес болуы керек және ол оқушының қызығушылығын тудыруы қажет; оқытушының рөлі өзгереді, ол тек қана ұйымдастырушы әрі кеңесші болуы тиіс; жобалап оқытудың өн бойында іздену әрекеті, зерттеу әрекеті, талдау және жинақтау әрекеті ұйымдастырылады. Сонымен бірге, ізденуші жеке жұмысының жобасын ұсынып, оны нәтижесінде дәлелдеу үшін жоспар жасайды, сызба, кескіндеме, диаграммалар пайдаланылады; талқыға ұсынылатын тақырып кең және ашық болуы қажет; жобаны қорғау жұптық (диада), үштік (триада) және топтық шеңберде орындалуы қажет [1, 22]. Осындай жұмыс тобын құру тілдік тұлғаның қазақ тілін жетік меңгеруге және шығармашылық белсенділігін тудыруға, топ мүшелерінің өзара ынтымақтастықта жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Т.Әбдікәрім сөзімен айтқанда "жобалар әдісінің негізіне «жоба» ұғымының мәні, оның қандай да бір тәжірибелік немесе теориялық мәнді мәселені шешу арқылы алуға болатын нәтижеге деген прагматикалық бағыты салынған. Бұл нәтижені нақты тәжірибелік іс-әрекетте көруге, түсінуге, қолдануға болады" [6, 65]. Сондай-ақ, қазақ тілін оқыту технологияларын қолдану арқылы студенттер білімінің сапасын көтеру үдерісі – оқыту технологияларының сапасын, студенттердің сол технология бойынша қазақ тілінен алған білімінің сапасын, қазақ тілін үйретуші оқытушылардың шығармашылық жұмысының сапасын, қазақ тілін үйрету әдістерінің сапасын танытатын, анықтайтын ерекше дидактикалық үдеріс. Қазақ тілін жобалай оқыту технологиясының сапасы оның қол жеткізілетін түпкі нәтижесі арқылы өлшенеді.
Педагогикалық технология – дара тұлғаны қалыптастыруға педагогикалық ықпалдарды ұйымдастыру қажеттілігінен туындаған өзара байланысты процестер [1, 9]. Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік жоспары, ұлттық үлгісі қалыптасуда. Осыған орай, оқушының тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологиялары пайда болуда. Бүгінде елімізде білім беру ошақтарында 50-ден астам педагогикалық технологияларды теориялық және ғылыми қолданбалы бағыт тұрғысынан жазылған зерттеулерді арқауы етіп, оларды оқыту үрдісін жетілдіру бағытында қолдану мәселелерімен отандық ғалымдар: Д.М.Жүсіпбалиева, Б.Ә.Әбдікәрімұлы, М.С.Мәлібекова, Г.Қ.Нұрғалиева, Қ.Қабдықайырұлы, Ж.А.Қараев, Ш.Т.Таубаева т.б. өз зерттеулерінде қарастырған, педагогикалық технологияларды пайдалану мүмкіндіктерін нақтылау қажеттілігін айқындай түсуде. Осындай жаңа технологиялардың бірі – жобалап оқыту технологиясы. Жобалау – «proicere» деген латын сөзі. Бұл сөз «жоспарлау, дайындау» сияқты мағынаны немесе жоспардың жүзеге асырылуын білдіреді. Жобалау технологиясы ХІХ ғасырдың 2-ші жартысында АҚШ ауылшаруашылығы мектептерінде пайда болған. Оның негізін қалаған психолог, педагог, философ Джон Дьюи. Дьюидің ілімін жалғастырушы профессор Уильям Херд Килпатриктің ойынша, балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау – бұл технологияның негізі. "Өзіне көйлек тігіп киген бойжеткенді мысалға алайық. Егер ол кейін өзі киетін көйлегі үшін жанын аямай, ерінбей, аса қызығушылықпен көйлек үлгісін өзі ойлап тауып, өз бетімен өлшеп, пішіп, тігіп кисе – бұл мысал жобалау технологиясының нағыз типтік үлгісі" – деп тұжырымдайды Хилпатрик. Жобалап оқыту технологиясы ТМД елдерінің оқыту жүйесінде де кең өріс алып жатқаны белгілі. Жобалап оқыту технологиясының теориялық алғаш негіздеген Ресей ғалымдарынан В.П.Беспалько, В.В.Давыдов, В.К.Дьяченко, Л.В.Занков, П.Я.Гальперин, Н.В. Кузьмина т.б. ғалымдардың теориялық зерттеулерінің нәтижесінде, сонымен қоса Е.Н.Ильина, С.Н.Лысенкова, В.Ф.Шаталов т.с.с. әдіскерлердің практикалық тәжірибелерінің негізінде қарастырылған. Қазақ тілін оқыту үдерісінде оқыту технологияларын жаңа қырынан қарастырған, оларды таңдап, талғап қолданудың ғылыми-әдістемелік мәселелерін арнайы зерттеген жұмыстар қатарында Ф.Оразбаеваның коммуникативтік технологиясын, М.Жанпейісованың модульдік технологиясын, Қ.Қадашеваның жаңғырта оқыту технологиясын, Р.Шаханованың мамандыққа бейімдеп оқыту технологиясын, З.Бейсембаева мен К.Жақсылықованың модульдік технологияларын, Н.Құрманованың дамыта оқыту технологиясын, Н.Оразахынованың сатылай кешенді талдау технологиясын, белсенді оқыту әдістерін зерттеген Ж.Сүлейменова мен Ә.Әлметованың сұхбаттық оқыту технологиясын, А.Жапбаровтың, А.Қыдыршаевтың, Ж.Дәулетбекованың сөз мәдениетін меңгертумен, шешендікті қалыптастырумен байланысты жаңа технологияларға қатысты қағидалары көрсетілген еңбектерін атауға болады [3, 36-37]. Әйтсе де, бұл зерттеулерде жобалау технологиясы туралы пікірлердің тым аз қамтылғаны, кейде үстірт қана аталып кеткені байқалады. Жобалап оқыту технологиясы – кредиттік оқу жүйесінің талабына сай, қазақ тілін үйренуге қазіргі заман тұрғысынан қойылып отырған міндеттерге жауап бере алатын, бүгінгі күн үдерісін толық ақтай алатын оқыту жүйесі [4, 39]. Яғни, жобалап оқыту технологиясының негізгі тірегі – өз бетімен белсенді істер атқаратын студенттің өзіндік ізденісіне, олардың өзін-өзі танытуына, танымдық-практикалық қабілеттерін жүзеге асыруына қажетті мүмкіндіктер. Ш.Д.Абдиева: "жобалау әдісі – студент пен оқытушының бірігіп, белгілі бір мәселені шешуге және қорытынды жасауға негізделген оқу немесе басқа да әрекеттерін айтуға болады" – десе [4, 43], ғалым А.А.Сатбекова: "жобалау әдісі арқылы қазақ тілін оқыту – студенттердің репродуктивтік оқу әрекеттерін біртіндеп имитациялық әрекеттерге көтеру арқылы қазақ тілінің заңдылықтарын және қазақ тілінің бай қорында жинақталған ұлттық мәдени мол мұраны студенттің ішкі құндылықтар жүйесіне енгізудің тиімді жолы"– деп тұжырымдаған. Яғни, жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат – оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру жəне сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта əр түрлі жағдаяттарда, əр түрлі қоғамдық ортада өзін өзі көрсете білуге бейімдеу. Қазіргі таңда Қазақстан мектептері бірнеше технологиялармен жұмыс істеп келеді Жобалап оқыту технологиясы оқушының жеке тұлғасына көзқарасты өзгертеді. Жобалау технологиясы - оқушылардың жоспарлау жəне күрделене беретін тапсырмаларды орындау арқылы меңгеретін білім. Жобалау технологиясы 19 ғасырдың 2-ші жартысында АҚШ ауылшаруашлығы мектептерінде пайда болған. Оның негізін қалаған - Джон Дьюи атты психолог жəне педагог , философ. Дьюидің ілімін жалғастырушы- Колумбия университетінің жанындағы мұғалімдер колледжінің профессоры Ульям Херд Килпатриктің ойынша, балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау - бұл технологияның негізі. Ол оқушыны оқу үдерісін ұстазбен бірге тең дәрежеде жүзеге асырушы ретінде қарастырады, оның жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп отырады. Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы психологиясын қайта құру, қайта қарау жұмыстары жүргізіліп келеді. Бірінші кезекте оқушыға субъект ретінде қарау керек. Оқытудың мазмұны мен түрі толыға түседі, яғни әдістемелік жүйе адамгершілік тұрғыдан байи түседі.
Жобалап оқыту технологиясының қолжетімділігімен, қабылдау шапшаңдығын арттыруымен, барлық мұғалімнің қолдануына тиімді екендігімен ерекшеленетінін тәжірибе көрсетіп отыр. Одан басқа, технология кез-келген сыныпта, кез-келген пән бойынша қолданыла береді, оның жан-жақтылығы осында.
«Педагогикалық технология – барлық жағынан ойластырылған, жобалау, ұйымдастыру және оқу процесін жүзеге асыру барысында оқушы мен мұғалім үшін барлық жағдайды жасауды көздейтін педагогикалық қызметтің моделі. Технологияны дұрыс жүзеге асыру үшін ең алдымен төмендегі әдістемелік принциптерді сақтау қажет: мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне сену керек;
оқу үдерісінің кез-келген кезеңінде оқушылардың білім-білік, дағдыларына кепілдік беру;
кертартпа іс -әрекеттер мен шектеулерді жоя отырып, дәстүрлі мектеп қорын дұрыс пайдалана білу
оқу үдерісінде оқушы мен мұғалімнің бірлескен жұмысын дамыту;
мұғалімнің өзін жайлы сезінуі және оқушының өзін жайлы сезінуі;
оқыту технологиясын жобалауда мазмұны мен жүйелілігінің бірлігінің болуы;
әрбір оқушының жалпы білім беру стандартының базалық деңгейін міндетті түрде меңгеруі;
Оқу технологиясын жобалауда міндетті нормалардың сақталуы ( Бұл принцип бірінші рет мұғалімдерге бала денсаулығы мен дамуына нұқсан келмейтіндей етіп оқытуға шек жасайды. Бірінші сыныптан соңғы сыныпқа дейін барлық мұғалімдер ғылыми негіздегі кеңестер мен психолого-педагогикалық және физиологиялық бағыттағы шектеулерді ескеріп, орындап отырады.)Жобалап оқыту технологиясы жобалау кезінде де және оны жүзеге асыру кезеңінде де қолданылатын мынадай бес түрлі сатылардан тұрады: — мақсат қою ( кіші мақсаттар жүйесі)
— түзету ( оқу тақырыптарының шегі 6-8 сабақтан 22-24 сабаққа дейін). Жобалаудың «паспорты» бес құрамы бір-бірімен тығыз байланысты:
— кіші мақсатардың мазмұны диагностиканың мазмұнын анықтайды;
— диагностиканың мазмұнынан үй жұмысының мазмұны, көлемі және ауырлық деңгейі анықталады;
— үй жұмысы көлемінің жеткілікті не жеткіліксіз екені диагностика жүргізілген кезде анықталады;
— логикалық құрылым – бұл оқу үдерісінің мазмұн мен жүйе жағынан бірлігі
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 1. Абдиева Ш.Д. Жобалау әдісін қолдану арқылы студенттердің тіл үйренуге деген белсенділігі мен қызығушылығын арттыру // Қазақ тілі мен әдебиеті. №3, 2010, 39-43бб. 2. Сатбекова А.А. Қазақ тілін жобалау әдісі арқылы оқыту жүйесінің дидактикалық ұстанымдары // Білім – Образование. №3 (27), 2006, 48-52бб. 3. Әбдікәрім Т.М.Магистранттарға қазақ тілін жобалай оқыту технологиясының әдістемелік негізі // ЕҰУ Хабаршысы. Гуманитарлық ғылымдар сериясы. №3 (88), 2012, 63-66бб.