XVIII ғасырдағы қазақ әдеби тіліне жалпы сипаттама беру; Дәрістің міндеті:
Осы кезеңнің әдеби тілін танытатын тілдік деректерге талдау жасау; Жыраулық, ақындық дәстүрдегі сөз саптау тәсілдерін ажырата көрсету; Ресми қағаздар стилін танытатын материалдар тілімен таныстыру.
5) қазақ тілін үйретуге арналған сөздік тәжірибелер.
1) көпшілікке үлгі өсиет айту үшін баршаға бірдей танымал табиғат суреттерін, құбылыстарын адам бойында болатын мінез-құлық, іс-әрекеттермен шендестіре беру, ол үшін параллелизмдерді қолдану;
1) көпшілікке үлгі өсиет айту үшін баршаға бірдей танымал табиғат суреттерін, құбылыстарын адам бойында болатын мінез-құлық, іс-әрекеттермен шендестіре беру, ол үшін параллелизмдерді қолдану;
2) ауыз әдебиетіне тән кәнігі теңеулерді қолдану (әбжыландай, ерттеп қойған құр ат, ағып жатқан бұлақ т.б.);
3) дәстүрлі жіктік жалғаулары арқылы (Мен өгіз терісі талыспын), бір нәрсені екінші затқа балау арқылы (Тоқсан бес деген тор екен) жасалынған теңеулер;
4) тұрақты есім сөздер мен –ған жұрнақты есімшелерден тұратын эпитеттер (үшкілсіз көйлек, бес уақытылы намаз, толғамалы қамшы, сегіз қиыр шартарап, желкілдеген ту, жер қайысқан қол);
8) өсиет толғаулаларында констатацияны (нақты іс әрекеттен гөрі болуы, үнемі қайталанып тұруы заңды әрекетті, құбылысты білдіру, баяндау, көбіне мақал-мәтелдерге тән) білдіретін – ар тұлғасының қолданылуы. Оның орнына емей немене? -мас па? сұраулық формасы да пайдаланылады.