Презентация
Тақырып:Сөзжасам және уәждеме
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті
Тобы:1704-19
Орындаған:Намуратова .С
Қабылдаған:Танабаев .Ғ
Шымкент2021ж
Жоспар
Жоспар
1.Кіріспе
2.Сөздің негізі және туынды сөз
3.Алғашқы ұғым және екіншілік мағына
4.Уәждеме ұғымы туралы түсінік және зеттелуі
5.Атау және уәжділік мәселесі
6.Қорытынды
Алғашқы ұғым
Туынды сөздер тілде бұрыннан белгілі лексикалық элементтер негізінде жасалады. Сөз жасауға негіз болған түбір сөзді — себепші мағына деп атайды жəне оның семантикалық мағынасы біріншілік мағына деп аталады.
Бөл
Көр
Өр
Түрлі сөзжасамдық тəсілдер арқылы туындаған туынды сөздің мағынасы екіншілік мағына болып табылады. Мəселен, əнші туынды сөзіндегі түбір сөздің мағынасы «музыкалық туынды» болса, -ші сөзжасаушы форманты арқылы «кəсіп иесі» мағыналық реңкі туындайды.
1Жаз-жазушы 2.кітап-кітапхана3.ақыл-ақылшы
4. журнал-журналист 5. әңгіме-әңгімелеу 6.бөл-бөлуші
Сөздегі уәждеме табиғатын алғаш сөз еткен - В.Гумбольдт.
Ғалым тіл біліміндегі лингвистикалық концепциялардың бірі таңба теориясының негізін қалаушы болып саналады. Ғалым өз еңбектерінде тіл бір мезгілде әрі бейне, әрі таңба десе, ал сөз жеке ұғымың таңбасы деген түйін жасайды. Тілдің негізгі қызметі қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстарды сөздермсн таңбалаудан, белгілеуден басталады. Сөз шын мәніндегі сөз болу үшін екі жақты бірлікте болу қажет: ол - дыбыс пен ұғым. Сөздің сыртқы жамылғышы заттың толық қасиетін анықтай алмайды, сондықтан оның атау болып қалыптасуына не себеп, негіз, уәж болатын белгілері, ерекшеліктері жинақталып, ескеріледі. Тіл тәжірибесінде мұндай белгілер көптеп кездеседі.
Сөздің уәжділігі мен уәжсіздігі туралы ұғымды ғылыми айналымға енгізген - Ф. де Соссюр. Ғалымның пайымдауынша, сөзді «таңба» деп алсақ, оның екі жағы болады, бірі - бейне таңбалаушы, екіншісі - дыбыстық бейне таңбаланушы, яғни сөздің мазмұндық мәнін, оның дыбысталуынан бөліп қарауға болмайтынын атайды.
Ғалымның пікіріне сүйенсек, соз мағынасы оны өзге атаулардан ерекшелсйтін дыбыстық жамылғышының астарында жатыр. Жеке сөздердің жасалуында, қалыптасуында тек құрылымдық жағының дұрыс қалыптасуымен қатар, шешушісі олардың мазмұңдық құрылымында және атайтын заттың мазмұнын дәл, нақтылы беретіндей болуы керек, сонымен бірге ол мағыналар бір - бірімен байланысып жатуы қажет. Сонда ғана атау тіл иесінің сұранысын, қажетін өтейді. Сондықтан жоғарыда айтылған зерттеушілердің пікірін қолдай отырып, атау беруде немесе аталымжасамда, терминжасамда сол реалийдердің негізгі ұғымдық қасиеті мен қызметі еске алынғаны жөн деген пікірдеміз.
Уәждеме лексеманың қалыптасуында реалийлердің арасындағы байланысты, яғни, атауға қандай белгінің, ерекшеліктің, касиеттің негіз, өзек, себеп болғанын қамтамасыз етеді. Сонымен, зат пен құбылысқа ат қоюда өмір шындығы, болмыс тіл деректеріне, атауға айналады. Күрделі жасалымда жаңа мағына мен жаңа мазмұн пайда болған уақытта, сол кезенде барып жаңа сөз қалыптасады. Дәуір өткен сайын атаудың қалыптасуындағы о бастағы негіз - уәж белгілер ұмытыла бастайды. Егер тілдегі атаудың түп - негізіндегі мағынасы ұмытылса немесе көмескіленсе (атаудың шыққан негізінің жоғалуы яғни неғұрлым ішкі құрылым өзінің негізгі лексикалық мағынасынан алшақтаған сайын, жасалымдағы дерексіз мағынаның қалыптасуына, мағынаның дамуына, ауыс мағынаның пайда болуына әкеледі.
алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді
аласапыран, алақырғын, алашапқын, алабалта (қару)
Уәждену үрдісінде ат беретін нысанға мән беріліп, сол туралы уәждеуші пайымды қалыптастыру және тілдік құралдарды таңдау, соның негізіңде атауды жасау, ал атаудың мазмұнында бұрынғы пайым жатады. Аталатын нысанның белгісі тандалынып, ол белгі жаңа нысанды ерекшелейтін синат алады және жаңа атауды жасауды көзге түсетін таңбаланушыға жаңа мән беріліп, жаңа мазмұнға көшеді, сонда ғана жаңа лексема қалыптасады.
Айқын уәждеме: теміржол, шашбау, аяқбау, аяқкиім, баскиім т.б. Ә. Жасырын уәждеме: алаяқ, жексұрын, итжеккен, итаршы, алағаншық, алагүлік, алаңғасар т.б.. Осы уәждеменің түріне қатысты уәжділіктің дәрежелері айқындалады, уәжділік дәрежелер уәждеменің түрін қалыптастырып, яғни сыңарлардың арақатынасы қаншалықты дәрежеде семантикалық өзгеріске түскен я түспегенін анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан күрделі атаулардың ұстаным белгісін - сыңарлардың уәжділік арақатынасынан іздеген дұрыс. Сөйтін, жалпы атаудың мазмұн жиынтығының қалыптасуына, лексема ретінде тіл жүйесіне енуіне себеп болады. Сонымен, күрделі атаулардың уәждеме заңдылығын кешенді түрде қарастырып, оның қызметіне мыналар кіретінін атап көрсетуге болады:
атау уәждемесі және шындық болмыстың заңдылығын ұғыну, түсіну (уәждеменің онтологиялық қасиеті);
уәждеме және қолданыс әрекеті (функционалды аспекті).
атау уәждемесі жәнс сөздің ішкі құрылымы (семантикалық аспект);
әждеме және оның жүйелік мәнділігі, номинативтік бірліктердің уәжділігіндегі парадигмалық және синтагмалық қатынастардың ерекшеліктері (лексика жүйесіне қатыстылығы);
Туынды сөздің (күрделі сөздің) уәждемесін зерттеу үш тұрғыда қарастырылады:
Біріншіден, шындық, болмыстың бейнесі. Таңба↔ шындық болмыс→ семиотика, бұл жайында мына тұжырым негізге алынады: аталым әрекеті - шындық болмыстағы заттар мен құбылыстарды тілдік таңба арқылы белгілеу. Сол таңба негізінде белгілі бір үғым пайда болады.
Екіншіден, мағына↔тұрпат→лексикалық уәждену қалыптасады: көртышқан, сарымай, қарамай (смола), тасбақа, айбалта, асқазан т.б.
Үшіншіден, таңба↔таңба→ сөзжасамдық уәждену, яғни оны тілдік құрылымға келтіру яғни шындық болмысты ұғым, түсінікпен сәйкестендіріп үлгілеу арқылы атау беру жүзеге асады деп түсіндіреді Б.Қасым.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.Оралбай . Н Қазақ тілінің сөзжасамы—Алматы 2002
2.Салқынбай А Қазақ тілі сөзжасамы—Алматы 2003
3.Сыздықова Г Қазіргі қазақ тілі морфологиясы Алматы 2014
4. http.www.hhilogy.ru
Назарларыңызға рахмет
Достарыңызбен бөлісу: |