Тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақытта арғы-бергі өткен тарихымыз зерттеліп жатқандығы белгілі. Қазақ халқымен мемлекеттілігінің қалыптасу процесінде ас маңызды орые алатын өзекті таихи тақырыптардың бірі Ғұн мемлекеті болып келеді. Сол себепті де, Ғұн мемлекетінің пайда болуы мен қалыптасуы және мемлекеттілігінің қандай сипатта болғандығын қарастыруымыз шарт.
Ғұндардың этникалық шығу тегі, тілі осы күнге дейін дәлелденбей отыр. Зерттеушілердің көпшілігі оларды түріктердің арғы тегі деп есептейді.
Сонымен Қытай жылнамаларымен археологиялық зерттеулерге қарағанда, б.з.б IV-III ғасырларда Қытайдың Солтүстігінде Байкалдан Ордосқа дейінгі аралықты мекендеген күшті ғұн тайпаларының бірлестігі құрылды. Олар өздерімен көрші жатқан халықтарын басып алумен қатар Қытай жерінде дүркін-дүркін шабуыл жасап тұрған. Бұл жағдай Қытай патшасының наразылығын тұғызып отырды. Сөйтіп, ғұндар мен Қытай өкіметінің арасында бір-біріне алма-кезек жасалған ұрыс–талас, соғыстар олардың ұрпақтарының арасында 300 жылдан астам уақытқа созылған.
Жылнамалар бойынша, ғүн тайпаларының бірігіп саяси күшейген кезі б.з.б. 209 жылы Мөде ханның билік жүргізген мезгілі. Оның жасаған әскери реформалары ғұндарды қуатты мемлекетке айналдырған. Олар өздерінің оңтүстігіндегі дунхуларды талқандап, быт-шытын шығарды. Олардың аман қалғандары Монголия, Маньчжурияға дейін қашып бас сауғалауға мәжбүр болады. Ғұндар мұнымен де қанағаттанып қоймай б.з.б. 203-202 жылдары Саян-Алтай таулары және жоғарғы Енисей жеріне дейін шабуыл жасап, Қытайдың хань әулетінің негізін салушы (б.з.б. 202 ж.) Лю-банды б.з.б. 200 жылы жеңіп, оларды өздеріне бағынышты етеді. Қытай императоры ғұндардың Шаньюіне (ханына) қыз беріп, алым-салық төлеп тұрған. Сөйтіп, Байкал көлінен Тибет тауына дейін Шығыс Түркістанның Хуанхэ өзінінің Орта ағысына дейінгі аралықты алып жатқан ұлан байтақ жерде «Ғұн державасы»пайдаболды.
Ғұндар бір кезде Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген ең ежелгі халықтардың бірі болды. Әртүрлі тарихи деректерде ғұндардың рулық және тайпалық бірлестіктері әрқилы аталды. Тарихта ғұндар құрған ірілі –ұсақты мемлекеттер белгілі. Осыған орай олардың ішінде ғұндардың ең үлкен, ең танымал екі империясы зор тарихи із қалдырды.