Жоспары Заңды тұлға туралы ұғым?



Дата31.12.2021
өлшемі451,02 Kb.
#22497

Заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметі

Дайындаған:Рамазанов Ардақ,ОП-11 топ студенті

Тексерген:

Батыс Қазақстан инженерлік-техникалық университеті

«Инженер-техникалық» институты

Жоспары


1.Заңды тұлға туралы ұғым?

2. Жеке кәсіпкерліктің түрлері

3.Мүліктік оқшаулық,дербес мүліктік жауапкершілік

4.Заңды тұлғаның белгілері

ЗАҢДЫ ТҰЛҒА ТУРАЛЫ ҰҒЫМ

Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтык айналымда құқықтың дербес субъектісі ретінде қатысу, біз жоғарыда айтқанымыздай, жеке тұлғаға ғана емес, заңды тұлғаларға да тән.

Азаматтық кодекстің 33-бабында оған мынадай тұжырым берілген: «Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады».

Жеке кәсіпкерлік

Заңды тұлғалардың кәсіпкерлігі 

Жеке тұлғалардың кәсіпкерлігі

Заңды тұлғалар

Коммерциялық

пайда табуды көздейтін ұйым

Коммерциялық емес

кіріс түсіру мақсаты болып табылмайтын,алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлмейтін ұйым

5) Коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметінен алынатын кірістерді коммерциялық емес ұйымдардың мүшелері (катысушылары) арасыңда бөлісуге болмайды. 

4) Коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметіне салық салу Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады;

3) Коммерциялық емес ұйым кәсіпкерлік қызметі бойынша кірістер мен шығыстардың есебін жүргізеді; 

2) Жекелеген ұйымдық құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметіне Қазақстан Республикасының заң актілерінде шектеулер қойылуы мүмкін;

1)Коммерциялык емес ұйым өзінің жарғылық мақсаттарына сәйкес келетіндей ғана кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады;

Мүліктік оқшаулық — заңды тұлғаның экономикалыкқұқықтық белгісі болып табылады және оның мүлікке заттық құқығын иеленуін білдіреді. Бұл арада әңгіме оның меншік құқығы, шаруашылықты жүргізу немесе оралымды басқару құқығы туралы болып отыр. Коммерциялық ұйымдағы дербес балансының мөлшері мен мекемедегі смета заңды тұлғаның оқшаулық мүлкін айкындайтын қүжаттар.

Дербес мүліктік жауапкершілік дегеніміз — ол заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікпен жауап беруі. Бұл жалпы ереже.

Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаны мынадай белгілері бойынша айкындайды: 

азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы.

ұйымдаскандық бірлігі;

мүліктік оқшаулығы;

дербес мүліктік жауапкершілігі;

Заңды тұлғалардың дербес мүліктік жауапкершілігі азаматтық кодексте 



2) кооператив міндеттемелері бойынша өндірістік кооператив мүшелерінің жауапкершілігі (АКтің 96бабының. 3тармағы);

1) толық және сенім серіктестіктеріне қатысушылардын тиісті серіктестіктердің міндетгемелері бойынша жауапкершілігі (АКтін 63бабының 1тармағы, 72бабының 1тармағы);

4) еншілес шаруашылық мәмілесі бойыншанегізгі ұйымның (АКтің 94бабының 2тармағының 2нгі бөлігі),

3) егер заңды тұлғаның банкрот болуын құрылтайшының әрекеті туғызған болса, заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құрылташының жауапкершілігі (АКтің 44бабының 3тармағы);

5) серіктестік міндеттемелері бойынша толықтай салым төлемеген жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушының жауапкершілігі (АКтің 77бабының 1тармағының 2бөлігі) және тағы басқа жағдайлардағы жауапкершілік.

Пайдаланылған әдебиеттер

  •  Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарльқ бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / А.Ибраева, Б.Қуандыков, Ш.Маликова, С.Есетова. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 192 бет. ISBN 9965-36-002-2
  • https://ulagat.com/2020/12/13/%D0%B7%D0%B0%D2%A3%D0%B4%D1%8B-%D1%82%D2%B1%D0%BB%D2%93%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%80%D0%B4%D1%8B%D2%A3-%D0%BA%D3%99%D1%81%D1%96%D0%BF%D0%BA%D0%B5%D1%80%D0%BB%D1%96%D0%B3%D1%96/

Назарларыңызға рахмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет