Жүргізілетін жұмыстардың мақсаты



Дата19.10.2022
өлшемі13,9 Kb.
#44118
Байланысты:
Документ Microsoft Office Word


Ақтөбе гуманитарлық колледжі психологиялық қызметінің жұмыс жоспары Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығымен бірлесе отырып ортақ қабылданған үлгі бойынша құрылған. Құрылған жоспар негізінде жұмыстар 5 бағыт бойынша жүргізіледі: психодиагностикалық бағыт, түзету, дамытушылық бағыт, психологиялық консультация, ағартушылық- профилактикалық
Жүргізілетін жұмыстардың мақсаты-білім берудегі әлеуметтік психологиялық-педагогикалық қызметтің міндеттерін ұйымдастыру, білім алушылардың «Адами құндылықтар» туралы жағымды көзқарастарын қалыптастырып, нығайту, жеке тұлғаның даму деңгейін, танымдық және шығармашылық қабілеттерін анықтау негізінде психологиялық жұмыстар жүргізу, педагогикалық ұжымның ынтымақтастығын қалыптастыра отырып, жалпы ахуалын қадағалау, білім алушылардың кәсіби мамандықтарына қажетті қасиеттермен қарулануына психологиялық тұрғыдан ықпал ету.
Міндеті:

  1. Білім алушылардың өзін тану, өзін реттеу, өзін тәрбиелеу, өзін дамыту қабілеттерін қалыптастыру.

  2. Отбасы институтын көтеру мақсатында ата-аналармен олардың балалары арасындағы қарым-қатынасын жақсарта отырып, әрдайым басты назарда ұстап, психологиялық көмек көрсету.

  3. Білім алушылардың хал-ахуалын анықтап, психодиагностикалық, психологиялық түзету-дамыту және де психологиялық кеңес беру жұмыстарын жүргізу арқылы, өмірдегі кездесетін келеңсіз оқиғалардың алдын-алу.

  4. Білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сай бейімделуін, қызығушылығын, қабілетін, сезімі мен қарым-қатынас әрекетін, өмірлік құндылығы мен бағытын дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет