Жүргізуші: Абад



Дата16.05.2023
өлшемі16,46 Kb.
#93807

Жүргізуші: Абад 
Ару көктем армысың 
Көкке біткен әнбісің
Жерге біткен сәнбісің
Алтын арай таңбысың
Жырын шашқан күнбісің
Жайнап өскен гүлмісің
Тербетілген талмысың
Қош келіпсіз армысың 
Жүргізуші: Алинұр
Күн болып күліп балаға
Ой жіберген санаға
Мың бір сәлем жолдаймын 
Ардақты абзал анаға
Көктем келіп далама
Жырын сыйлап баршаға
Алғыстарды сыйлаймын
Аяулы абзал анаға
Жүргізуші: Нұрали
Қайырлы күн қымбатты ұстаздар - аналар, арулар! Көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 - наурыз аналар меркесі келіп жетті. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.
Десек те уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін анаға бағыттайды 
Жігіттердің биі кетеді

Жүргізуші: Алинұр
Әже мерейі күн көзімен пара - пар,
Тұла бойға қуат беріп таралар.
Өмірімізге шуақ шашып әрқашан,
Көп жасаңыз, ақ ниетті апалар
Жүргізуші: Абад
Сіздерменен жадырайды өңіміз,
Сіздерменен жарасады сәніміз.
Аяулы әжем,асыл әжем, дана әжем,
Сіздерге кеп бас иеді бар әлем!
Жүргізуші: Нұрали

  • Иә, жігіттер, бүгінгі күн ардақты әжелерімізге де арналады. Әже үшін біздің орнымыз тым бөлек. «Ботам, айналайын, құлыным» деген әжелеріміз ең сүйікті де, мейірімін төккен жандар. Оларды үнемі мадақтап, сыйлап жүру біздің міндетіміз. Әженің жылы құшағы, әженің жылы сөзі, әженің мейірімі, әжемізбен дүкенге барғанымыз тіпті керемет дүние. Ендеше не тұрыс әжемізге де мерекесімен құттықтап әнімізді арнайық.

Әже туралы ән кетеді.
Жүргізуші: Абад

  • Жігіттер анамызға, әжемізге арнап әнімізді айттық.Тіпті аруларымызға да өлең жолдарын арнадық.Барлығымыз қол шапалақтап мерекені біз сезініп қояйықшы.

Жүргізуші: Нұрали
Осы анашым, анашым дейміз.Тым болмаса үйде осы біз аналарымызға көмектесеміз бе?
Ендеше,көрейікші аналарымыздың бір күндік тұрмыс -тіршілігі қалай өтеді екен.
Жүргізуші: Алинұр
Көрініс «Ананың бір күндік – тұрмыс тіршілігі»Көреміз
Көрініс кетеді
Жүргізуші: Абад
Ана деген – бастауы ұлылықтың.
Ана деген - рәмізі сұлулықтың.
Ана деген - бір жыр бар шырқалатын,
Асқақтатар биікке ұрпақ атын.
Жүргізуші: Алинұр
Жалпы біздердің осы істеп жатқан дүниелеріміздің барлығы аналарымыз үшін. Осы дүниелер мәңгілік тарих. Бұл тарихи дүниелерді біз тек 21 ғасырда ұялы телефон көмегімен ғана мәңгілік сақтай аламыз.
Жүргізуші: Нұрали 
Біздің екінші анамыз Мөлдір Бекболатқызы бізді тосыннан видеоға түсіріп, бізден сұхбат алған болатын. Біз сол видеоларды жинақтап мында дайындаған болатынбыз. Барлығымыз бірге тамашалайық.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет