ЖҮсіп баласағҰН Ұрпақ ТƏрбиесі хақында yusuf belasaguni genç nesillerin eğİTİMİyle iLGİLİ



Pdf көрінісі
Дата06.03.2017
өлшемі336,35 Kb.
#7606

KÜLTÜR EVRENİ - UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ 

 

 



20 

 

 



 

 

ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН ҰРПАҚ ТƏРБИЕСІ ХАҚЫНДА 



 

YUSUF BELASAGUNİ GENÇ NESİLLERİN EĞİTİMİYLE İLGİLİ 

 

ZHUSIP BALASAGUNI ABOUT THE UPBRINGING OF 

GENERATIONS 

 

 



Doç. Dr. Bakıtgül R. KULZHANOVA

*

 

 

 



 

Özet 

 Bu  yаzıda orta asırlarda yaşıyan alim Yusuf Belasaguni’ye ait «Kutadgu 

Bilig» destanındaki aile, gençlerin eğitimiyle ilgili fikirleri incelenmiştir. Destanda 

bilge adam çocuk terbiyesine bir bölüm ayırarak, nesillerin eğitiminin insaniyet 

için ne kadar önemli olduğunu açıklamaktadır. 

Anahtar Kelimeler: eğitim, aile, destan, orta asır, alim. 

 

Resume 

The author’s article is based on great Zhusip Balasaguni’s medieval epos 

“Kutadgu bilig”. In this article the author gives the main attention to the difficulties 

in families, upbringings and relations between different generations. Taking into 

consideration the importance of upbringing children and connection between these 

generations, the author emphasizes the significance of epos in modern society. 



Key Words: the upbringing, family, epos, Middle Ages, sage.  

 

  



 

 Тəрбие – қоғамдық,  өндірістік  жəне  мəдени  өмірдің  белсенді 

қатысушысын даярлауды мақсат етіп қойған, жеке адамды қалыптастырудың 

жүйелі  процесі. (Қазақ  Совет  Энциклопедиясы: 1977 ж.10-т.). Соның  ішінде 

отбасы тəрбиесі адам баласы өмірінің ең маңызды шағы өтетін орта. Отбасы 

                                                 

*

 Al-Farabi Kazak Milli Üniversitesi Uluslararası  İlişkiler Fakültesi Associate 



Profesor/KAZAKİSTAN 

Құлжанова  Б.Р. 

Филол. 

Ғ.К. 


Халықаралық 

Қатынастар 

Факультеті 

Дипломатиялық Аударма Кафедрасы

  


KÜLTÜR EVRENİ - UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ 

 

 



21 

–  адам  баласының  шыр  етіп  өмір  есігін  ашқан  сəтінен  бастап  ер  жеткенше 

тəрбие  алар  ортасы,  адамзаттың  қастерлі  де  қасиетті  ұясы.  Отбасының 

адамзат  баласы  үшін  алар  орны  мен  етер  ықпалы  өте  күшті.  Өйткені 

отбасында  ата-ананың  берген  толыққанды  тəрбиесінің  орнын  еш  нəрсемен 

ауыстыруға  болмайды. «Ел  болам  десең,  қазақ,  бесігіңді  түзе!», – деп 

қазақтың  ардақты  ұлдарының  бірі  М.  Əуезов  айтып  кеткендей  отбасындағы 

əке мен шешенің, отбасының əрбір мүшесінің арасындағы рухани жақындық, 

ынтымақтастық,  мақсат  бірлігі  бала  тəрбиесінде  өз  ықпалын  жасайды. 

Отбасы  жылуын,  мейірімділік,  сыйластық  көріп  өскен  бала  адал,  тиянақты 

болып ер жетеді.  

 Халқымыз  ежелден  ұрпақ  тағдырына  бей-жай  қарамаған.  Себебі,  қай 

заманда  да  салауатты  да  сапалы  ұрпақ  даярлау  мəселесі – күн  тəртібінен 

түспеген.  Ежелден-ақ  «сегіз  қырлы,  бір  сырлы»  өнегелі,  тəрбиелі  ұрпақ 

өсіруге бар күшін сарп еткен. Сан ғасырлардан бері ұрпақ тəрбиесіне біздің 

əр  замандағы  ойшылдарымыз  өз  көзқарасы  мен  байламын  білдіріп  отырған. 

Ғасыр  өтіп,  заман  озғанмен  ұрпақ  тəрбиесі  туралы  ойлар  мен  пікірлер  өз 

жалғасын тауып отырған. Түркі тектес халықтардың отбасы тəрбиесіне деген 

назары  сонау  түркілер  əдебиетіне  бастау  алады.  Түбі  бір  түркі  тілдес 

халықтардың  ортақ  рухани  мұрасы  саналып  келген  көптеген  жауһар 

туындыларымыз,  əдеби-мəдени  мұраларымыз  күні  бүгін  де  ұрпақ 

тəрбиелеуде аса зор рөл атқарып отыр. Солардың бірі – XI ғасырда жазылған

түркі  халықтары  мəдениетінің  биік  шыңы  саналған  Жүсіп  хас  Хажыб 

Баласағунидің  «Қутадғу билиг»  дастаны. «Қутадғу  билиг» – өзі  өмір  сүрген 

дəуірдің  маңызды  мəселелеріне  дерлік  толықтай  жауап  берген  шығарма. 

Жүсіп  Баласағуни  де  өзінен  ілгерінді-кейінді  өмір  сүрген  ойшылдар  секілді 

отбасы тəрбиесі, ұрпақ тəрбиесі, жалпы адамзаттық құндылықтарды айналып 

өтпеген.  Ақын  көзқарасы  өзіне  дейінгі  ойшылдар  көзқарасымен  үйлесіп 

отырады. Дастан дидактикалық сарында жазылғандықтан қоғамдағы адамдар 

арасындағы  қарым-қатынастар,  сөйлесу,  сыйласу,  тіл  əдептілігі,  этика, 

мораль,  тəлім-тəрбие  туралы  өсиет-ғибраттар  көптеп  айтылады. «Қутадғу 

билигтің» 63-тарауында  отбасында  ұл  мен  қызды  қалай  тəрбиелеу  керек, 

оларды оқыту, бала тəрбиелеудегі ата-ана ролі, т.б. мəселелер жан-жақты сөз 

болады.  

 Жүсіп  Баласағұн  дастанына  əділетті  қоғам,  ізгі  өмір,  парасат,  қанағат, 

еңбек,  білім  қайырымдылық  сияқты  өмірлік  қағидаларды  арқау  етеді.  Біз 

Баласағұн  еңбегінің  моральдық  жақтарына  ден  қоямыз.  Ж.  Баласағұн 

адамдарды  «қоғамдық  қатынастың  жемісі»  дей  келе,  адамзат  бойындағы 

күллі  жағымды  мінез-құлықты,  жақсы  адами  қасиеттерді,  биік  моральды, 

қоғамдағы ізгілік, мейірімділік, қанағат, адамгершілік, білім, қайырымдылық 

этиканы  бəрі-бəрін  отбасылық,  қоғамдық  тəрбиемен  ұштастырады. «Тəрбие 

тал  бесіктен  басталады»  десек,  адам  үшін  ең  жақын  əлеуметтік  орта  болып 

табылатын,  туылған  күннен  бастап  тəрбиенің  алғашқы  белгілері  берілетін 

орта – ол отбасы. Отбасы тəрбиесі – қай уақытта да өзекті мəселелердің бірі. 

«Отан от басыннан басталады». Адамның жеке басына қажетті адамгершілік 


KÜLTÜR EVRENİ - UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ 

 

 



22 

қасиеттер,  ақыл-ой,  имандылық,  мəдениеттіліктің  алғашқы  дəні  себілетін 

орта  отбасы  болып  табылмақ.  Отбасы  тəрбиесі – адами  биік  қасиеттерді 

қалыптастырудағы негізгі алғашқы саты. Адам өмір мəніне жету үшін дұрыс 

тəрбиеленуі  керек.  Баланың  дұрыс  тəрбиеленуі  мен  білім  алуы  ең  алдымен 

ата-ананың  парызы. Ата-ана баланы  өткенге парасатпен, құрметпен қарауға, 

салт-дəстүрлерді  ардақтауға,  киелі  нəрселерді  қастерлеуге,  шаңырақ  иесі, 

бабалар  ісін  жалғастырушы  екенін  ұғындыруы  керек.  Баланы  ата-ана  үнемі 

назарда  ұстау  керек. «Бала  қағаздың  таза  парағы»,  сондықтан  жаман  əдет, 

жағымсыз  қылықтан  сақтандырып,  əрі  қарай  ұласпауын  қадағалау  керек. 

Дүниеге келгеннен бастап жаны тек əділетті істерді ғана білуі керек. Тəні мен 

жаны жақсы жетілуі тиіс. Ол үшін бала тəрбиені өз от басынан алуға тиіс. 

 Ай маңдайлы ұл-қыз туса алдыңда 

 Үйіңде өсір, бөтен жерде қалдырма. (А. Егеубаев: 1986 ж. (4504 бəйіт). 

 Яғни,  баланың  көз  алдындағы  əрекеттер,  жағдайлар  оның  күнделікті 

өмірінде қолданылатын мінез-құлық үлгісін беруі тиіс. 

 Ұл-қызыңа əдеп үйрет, білім бер, 

 Қос жалғанда бірдей көріп күлімдер. (4506 бəйіт) 

Тəн  мен  жан  тазалығын  сабақтастыра  білу  керек.  Дұрыс  тəрбие  мен 

білім–  парасатты  ұрпақ  өсірудің  мəнін  ашады.  Өнегелі  тəрбие  жас  адамға 

өмір  жолын  табуға  мүмкіндік  береді.  Өмір  жолын  дұрыс  таңдаған  əр  адам . 

салауатты  қоғамның  саналы  мүшесі.  Осы  жолда  ата-ананың  əрекеті, 

моральдық  сапасы  ұрпақтарға  зор  əсер  қалдырады.  Егер  ата-ана  жоғары 

мораль  иесі  болса,  таным-талғамы  биік  болса,  перзентіне  жақсы  əдет-ғұрып 

үйретсе,  онда  бұл  бала  қоғамға  жарамды  болып  шығады.  Қоғам  мүшелері 

этиканы,  əдеп-ибаны  білетін,  сөзі,  əрекеті  сыпайы,  шыншыл  болса,  адамдар 

мұндай  қоғамнан  рухани  жоғары  лəззат  алады.  Ата-анамен  бірге  бала 

тəрбиесіне тəрбиешілер де қатысуы керек дейді Жүсіп.  

 Тəрбиеші ал ізгілікті көшелі, 

 Ұл-қыз  жақсы,  таза  болып  өседі.  Бала  тəрбиесі  осылай  ата-ана  мен 

тəрбиешінің ортақ қасиетті борышы болып табылады.  

 Ұл-қызыңа үйрет білген білімді 

 Қолына ұстат кеудеңдегі күніңді 

 Сонда ұл-қызың адамдықтан таймайды 

 Көңілі түзу, көзі шоқтай жайнайды. (1229 бəйіт) 

 Жүсіп  ұстанған  принцип  балаларды  кішкентайынан  тіл  алғыш,  үлкенді 

сыйлауға  үйрету,  ағайын-туыс,  ата-ананы  қастерлеуге  үйрету,  яғни  ақын 

ұрпақ тəрбиесін тал бесіктен бастауды ұсынады.  

 Бала білім жолын қусын десеңіз 

 Бесігінде-ақ білім жолын көсеңіз 

 Білім үйрет, сəбиіңе сарылма 


KÜLTÜR EVRENİ - UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ 

 

 



23 

 Уыздайын, сүттей сіңер қанына 

 Сəбиінде көкірекке түйгені 

 Өлгенінше санасында жүреді. (1495 бəйіт) 

Бұдан  халқымыздың  «баланы – жастан»  деген  қағидасын  түйсінеміз. 

Яғни ұрпақтың көп жылдарға алар тəлімі, тəрбиесінің негізі – бесікте.  

 Ұл өсіргің келсе дана, жүректі 

 Қатты ұстап, үйрет білім, ізетті (1221бəйіт) 

 Кім ұл-қызын шолжаңдатса бетімен 

 Тартар күйік, ет кескендей етінен. (1223 бəйіт) 

 Ата-анаға  бала  еркелігі  үлкен  сын.  Жастайынан  бала  қылығын  реттеу 

керек.  Ата-ананың  жарасымды  қылығы,  сыйластығы  балаларға  үлгі-өнеге. 

Ғылым, білім үйрету – жақсы тəрбие көзі. Тəлім-тəрбие – сапалы білім, əдеп-

иба  өлшемімен.  Білімнің  зор  мəніне  маңыз  бере  отырып,  білімді  адам  ғана 

ақыл-парасатын  жоғары  көтере  алады,  білімді  адам  қоғам,  адам  қамын 

ойласа,  тоғышар  жеке  басын  күйттейді, – деген  даналық  ой  айтады.  Ақын 

білім, тəрбие арқылы адам түгілі, бүкіл қоғамды жақсартуға болатынына баса 

назар  аударады.  Ата-ана  үшін  ең  асыл  мұра – балаларына  берген  жақсы 

тəрбие.  Бұл  турасында  Пайғамбарымыз  Мұхаммед  САЛЛА  АЛЛАХУ 

ƏЛƏЙҺИ  УА  САЛЛАМ  хадистерінде  де  айтылған.  Мысалы,  балаға  жақсы 

тəрбие  беру  жөніндегі  Əбу  Жəузадан  Имам  Табарони  жəне  Имам  Ахмад 

риуаят  еткен  хадисте  «Əкенің  баласы  үшін  жақсы  тəрбие  беруден  артық 

сыйы жоқ!» десе, Ибн Аббастан Имам Байһақи риуаят еткен хадисте «Əкенің 

бала  алдындағы  міндеті – жақсы  ат  қою  жəне  жақсы  тəрбие  беру»  деген. 

Яғни, шайыр бабамыздың отбасылық тəрбие туралы айтқан ойларының негізі 

Қасиетті  Пайғамбарымыздың  Хадистерінде  де  жатыр.  Бұдан  шығатын 

қорытынды  біздің  түркілік  бабаларымыз  ұрпақ  тəрбиесін  де  ислами 

қағидаларға  негіздеген. ( Сахих  Хадистер.  Араб  тілінен  қазақ  тіліне 

аударғандар Абдуссамад Махат, Сандыбаев Жалғас: 2003ж. 185-б.). 

 Жалпы  шығыстық  тəрбиеде  ерекшелік  бар.  Ол  ерекшеліктерді, 

шығыстың  тəрбие  үлгісін  біздің  бабаларымыз  салып  кеткен.  Сонымен  бірге 

автор дастанда адамгершілігі мол, қайырымды баланы тəрбиелеудегі еңбектің 

роліне  ерекше  тоқталады.  Еңбекте  адам  өмір  сүруінің  нақты  бағыттары 

белгіленеді,  өмір  мəні  пайымдалады,  адамдар  арасындағы  мінез-құлық 

ережелері  белгіленеді.  Баланы  жастан  еңбекке  баулымасаң,  берекесіз  болып 

өседі, ал берекесіздік – адам бойындағы ең нашар қасиет. 

 Үйрен, ұлым, арзан көрме өнерді, 

 Өнер көкке жеткізеді төбеңді.  

 Тəрбие  нəтижесіне  сенген  ақын  ұл-қызды  сегіз  қырлы,  бір  сырлы  етіп 

тəрбиелеуді  ұсынады. «Қутадғу  билиг» – халықтық  тəлім-тəрбие  бір  жүйеге 

түскен  оқулық.  Оның  əр  жолында  ар  мен  иман  туралы  айтылады.  Баланың 

жеке басын құрметтеу, оған талап қоя білу – дастанның басты қағидасының 



KÜLTÜR EVRENİ - UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ 

 

 



24 

бірі.  Түркі  ғұламасының  пікірлері  бүгінгі  күнмен  сабақтасып  жатыр,  бұл – 

рухани  байланыстықты  байқатады.  Қай  ғасырда  да  ұлт  өмірін  өркендетуші 

саналы  да,  салауатты,  рухы  биік,  ақыл-парасаты  мол,  мəдени-ғылыми  өрісі 

кең  ұрпақ  тəрбиелеу – қоғам  алдындағы  басты  міндет.  Дастанның  негізгі 

ұстанған  қағидасы – пендені  адамгершілікке,  адамшылыққа,  имандылыққа 

ізгілікке шақыру, қоғамға пайдалы ұрпақ тəрбиелеу. «Қутадғу билиг» бүгінгі 

ұрпақ  тəрбиелеуде  басшылыққа  алатын  тəлім-тəрбиелік  ой-толғамдарға  өте 

бай рухани мұра.  

 «Құтты  білік»  дастанын  саяси  жəне  ғибрат-өсиет,  ақыл  айту  түріндегі 

трактат,  адамгершілікке  үндейтін,  тəлім-тəрбие  берерлік  дидактикалық 

туынды деуге толық негіз бар». ( Х. Сүйіншəлиев: 1989 ж. 91-б.). 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР 

1.  А. Егеубаев. Құтты білік.Алматы, Жазушы, 1986 ж. 

2.  Қазақ Совет Энциклопедиясы. 10-т. Алматы қаласы, 1977 ж. 

3.  Сахих  Хадистер.  Араб  тілінен  қазақ  тіліне  аударғандар  Абдуссамад 

Махат, Сандыбаев Жалғас. Алматы, 2003ж 

4.  Х.  Сүйіншəлиев VIII-X VIII ғасырлардағы  қазақ  əдебиеті.  Алматы, 

Мектеп, 1989 ж 

 

 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет