Жүсіпбек Елебеков



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі147,11 Kb.
#6408

Жүсіпбек Елебеков 

 

 

 

 

Елебеков Жүсіпбек (1904-1977) - әнші (тенор). Қазақстанның халық 



артисі.  Қарағанды  облысында  туған.  Елебеков  бес  жасынан  ән  айтуды 

бастаған.  Ән  ӛнеріне  оны  ағасы  Ж.  Балғабайұлы  баулиды.  Кейін  Ғ. 

Айтбаевтан,  Қ.  Байжановтан,  Ә.  Қашаубаевтан  дәріс  алады.  Елебеков 

музыкалық  фольклордың  талантты  насихаттаушысы  болып  табылады. 

Халық  композиторларының  шығармалары  (“Ардақ”,  “Айтбай”,  “Құлагер” 

және  т.  б.)  Елебеков  репертуарының  негізін  қалайды.  Абай  әндерін  де ол 

аса шеберлікпен орындаған. Қазақ драма театрының сахнасында ол Жапал 

бейнесін (М. Әуезов “Еңлік-Кебек” ) , музыкалық театр сахнасында Әлібек 

(М.  Әуезов  пен  И.  В.Коцыканың  “Айман-Шолпаны”),  Тӛлеген  (Е.  Г. 

Брусиловскийдің “Қыз Жібегі”) бейнелерін сомдады. Елебеков ӛнері кӛңіл 

- күй иірімдері, сезім байлығымен ерекшеленеді. 

  

Дарынды  майталман  әнші  Қазақ  КСР-ң  халық  әртісі,  халқымыздың 



дәстүрлі  ән  мектебінің  кӛрнекті  ӛкілі  Жүсіпбек  Елебековтың 

шығармашылығы кӛп қырлы.  

 

Жүсіпбек  Елебеков  ӛзінің  кӛпқырлы  сан-салалы  әншілік  таланты 



арқылы  отандық  музыкалық  мәдениетіміздің  тарихына  ӛлшеусіз  үлес 

қосты.  Ол халқымыздың  ән ӛнерінің жарқын  беттерінде  сӛнбейтін жарық 

жұлдызына  айналып  оның  атақ-даңқын  биікке  кӛтерген,  бүкіл  қазақ 

даласын оның әр тасы мен жылғасы, әр ауылына дейін әнге кӛмген, халқы 

мен жерін әнге бӛлеген ӛнер тарланы.  

 


Атақты  Әміре  Қашаубаев,  Қали  Байжанов,  Ғаббас  Айтпаев, 

Манарбек  Ержановтар  мәңгі  ӛшпейтін  даңқын  шығарған  екі  ғасырлық 

тарихы  бар  халқымыздың  ән  мектебі  қазақ  еліне  түгелдей  тараған.  Бұл 

арқа  немесе  сары-арқа  дәстүрі  делінеді.  Арқа  –  Сары  Арқа  жері 

республикамыздың орталық, солтүстік және шығыс облыстары.  

 

Арқаның  әндері  мен  әншілік  дәстүрі  ең  бір  кӛп  тараған  мол 



жайылған  беделді  де  белді  дәстүр.  Бұл  ӛзі  әндерінің  саны  мен  кӛптігі, 

керемет  сұлу  әндер  шығарған  авторларының  баршылығы  жағынан  20-

ғасырдағы  Қазақстан  композиторларының  шығармашылығында  кең 

кӛрініс  тапқан  танымал  дәстүр.  Осы  арқа  дәстүрі  әншілерінің  кӛрнекті 

ӛкілі  Әміре  Қашаубаев  1925  жылы  Парижде  ӛткен  Бүкіләлемдік 

музыкалық  кӛрмеде  Қазақстан  музыка  мәдениеті  тарихында  бірінші  рет 

күллі  Европа  халқын  сүйсінте  таң  қалдырып  ӛзінің  ерекше  биік,  асқақ  та 

күшті  әдемі  сұлу  даусымен,  ерен  әншілік  шеберлігімен  тәнті  етті. 

Жүсіпбек  осы  арқа  дәстүріндегі  аты  аңызға  айналған  Әміренің  әншілік 

жолын  ұстап  жӛнін  қуған  тікелей  ӛзінен  үйреніп  дәстүрін  жалғастырған 

әнші. Қазақ музыканттарының шығармашылығын кӛп зерттеген журналшы 

Мақсұтбек  Майшекиннің  айтуы  бойынша  Әміренің  ӛзі  -  “Арқа  дәстүрін 

ұстап  менің  ӛнерімді  жалғастырған  Жүсіпбектен  асқан  әншіні  әлі  естіген 

емеспін”  -  деп  сенім  артып  батасын  беріп  домбырасын  ұстатып  кеткен 

дейді.  

 

Туғанына  100  жыл  толу  мерекесі  биыл  аталып  ӛтілмекші  әнші 



Жүсіпбек  Елебеков  Егіндібұлақ  ауданы  Қарағанды  облысында  28.08.1904 

жылы дүниеге келеді. Ағасы белгілі әнші Жақыпбектен тәлім алған  ол ӛз 

бойына  халық  арасындағы  жезтаңдай  Ғаббас  Айтпаев,  Қали  Байжанов, 

Әміре Қашаубаев, Иса Байзақовтардан үлгі- ӛнеге алып, арқаның сан-алуан 

бай ән дәстүрін бойына сіңіре білді. Осылармен қосылып жиын-тойларда, 

жәрмеңкелерде, кӛпшілік арасында кештерде ән салғанда жас әнші небәрі 

15  жастан  енді  асқан  еді.  Жүсіпбектің  әншілік  және  актерлік  талантын 

байқаған  ел  азаматтары  оны  1920-1922  жылдары  Семейдегі  “Ес-Аймақ” 

атты  драма  үйірмесіне  тартады,  онда  ол  алғаш  рет  концерттерге  шығып 

сахналық қойылымдарға қатынасады.  

 

1931-1935 жылдары Жүсіпбек Елебеков Қазақ драма театрында әртіс 



болып істейді, онда ол тек әншілік қырынан кӛрініп қана қоймай кӛптеген 

есте  қаларлық  драмалық  және  опералық  кейіпкерлер  бейнесін  жасайды. 

“Айман-Шолпан”  музыкалық  комедиясында  Әлібек,  “Еңлік-Кебекте” 

Жапал, алғашқы қазақ операсы “Қыз-Жібекте” Тӛлеген болып ойнады.  

 

Біртіндеп кӛпқырлы әнші талантының сыры ашыла бастайды. Келе-



келе  ол  ертеден  бастау  алған  халқымыздың  ұлттық  әншілік  дәстүрін  кең 

ӛрістетіп  дамытуға  -  қазақтың  классикалық  әндерін  домбырамен 

сүйемелдеп  айтуға  біржола  бет  бұрады.  Оның  1935  жылы  филармонияға 

ауысып  1960  жылға  дейін  сонда  істеуі  заңды  да  табиғи  нәрсе  болатын, 

1960  жылдан  1977  жылға  дейін  Қазақконцертте  істейді.  Бұл  кезде  ол 

әншілік  ӛнердің  нағыз  хас  шебері,  майталманы,  асқан  орындаушы 

дәрежесіне  кӛтеріледі.  Бұл  оның  атақты  әнші  ретінде  халқының 

махаббатымен зор құрметіне бӛленген тұсы еді.  

 

Жүсекең  қазақтың  классикалық  ән  ӛнерін  насихаттаушы  әрі  оны 



асқан шеберлікпен орындаудың ерен үлгісін кӛрсетіп республикадан басқа 

шет  жұрттарға  шығып  таныта  білді.  Әнші  1936  және  1958  жылдары 

Мәскеуде ӛткен қазақ ӛнері Декадаларында, 1950, 1955 жылдары Қытайда, 

1960  жылы  Монғолияда,  1967  жылы  Индияда  болып  ән  салды,  оның 

дауысын Қырғыз, Ӛзбек, Түркімен, Қарақалпақ елі де сүйсіне тыңдады. Ол 

қазақ  радиосында  әнші  болып  жұмыс  істеді,  әндері  радиодан  шырқалып 

жатты, ӛзінің қатысуымен телефильм түсірілді.  

 

Жүсіпбек  Елебековтың  ӛмірі  мен  шығармашылығындағы  ең  бір 



елеулі кезеңі – оның Эстрада-цирк студиясында ұлттық ән салу дәстүрінен 

дәріс беріп ұстаздық еткен 1967-1977 жылдары еді. Арқаның домбырамен 

ән салу дәстүрі үзілмей жалғасып қаймағы бұзылмай сақталып бізге жетіп 

отыр.  Бүгінгі  Мәдениет  Ешекеев,  Жәнібек  Кәрменов,  Қайрат  Байбосынов 

сынды ӛнер саңлақтары осы ұлы Жүсекеңнің шәкірттері.  

 

Жүсіпбек  Елебековтың  репертуарында  Сегіз  сері,  Біржан  сал,  Ақан 



сері,  Мәди,  Ыбырай,  Естай,  Майра,  Жарылғапберлі  сияқты  қазақтың 

халықтық кәсіби композиторларының ел арасына кең жайылған жарқын да 

тамаша  әндері  болды.  Әнші  бұларды  нақышына  келтіріп  әрлеп,  ӛңдеп  ӛз 

мәнерімен ширата, шарықтата классикалық дәрежеде биікке кӛтеріп мінсіз 

етіп орындай білді.  

 

Ж.Елебеков 



шығармашылығында 

Абайдың 


ән 

мұрасының 

орындалуы  айрықша  шоқтығы  биік,  орны  ӛзгеше.  Жүсіпбек  Абайдың 

лирикалық  ән  қазынасын  айтушылардың  ішіндегі  асқан  шебер,  ғажап 

орындаушысы еді. Ол “Татьянаның хаты”, “Сегіз аяқ”, “Кӛзімнің қарасы”, 

“Бойы  бұлғаң”,  “Ата-анаға  кӛз  қуаныш”  әндерін  тек  айтып  қана  қоймай, 

бұл  әндердің  музыкалық-  эстетикалық  кӛркемдігін,  айтар  ойын,  мазмұн-

мағанасын,  ән  бойындағы  жаңалығын,  саздың  сұлулығын  барынша 

кӛркемдеп, әрлеп тыңдаушыға жеткізуші еді.  

 

Үлкен  ӛнерпаз,  тарлан  талант  иесі  Жүсіпбек  ӛнері  кӛзі  тірісінде 



лайықты  дәрежеде  ӛз  бағасын  алды  да.  Ол  отанымыздың  сол  кездегі  ең 

жоғарғы  дәрежелі  Ленин  және  “Құрмет  белгісі”  ордендерімен 



марапатталды,  Қазақ  КСР-ң  халық  әртісі,  Қазақ  КСР-ы  Мемлекеттік 

силығының лауреаты құрметті атақтарын иеленді.  

 

Жүсіпбектің  асқан  әншілік  ӛнерінің  ықпалы  бүгінгі  күнде  –  қайта 



жаңғырып,  қайта  түлеп  жатқан  дәстүрлі  музыка  орындаушыларымыз 

арасында ӛркендеп, оның жолын қуған жас буын әншілеріміз ұлы әнші, хас 

шебердің  ән  мұрасын  ӛздерінің  шығармашылық  үрдісіне  нысана  етіп 

жалғастырып сақтап келеді. 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет