Журналистика факультеті



Дата08.04.2023
өлшемі191,89 Kb.
#80707

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Журналистика факультеті



Тақырыбы:«Ахмет-ұлт ұстазы»


Орындаған:Мәді Мәдина


Тексерген:Сагинаева Айнагуль
2023 жыл
Жоспар
1)Кіріспе
2)А.Байтұрсынұлының шығармашылығы
3)«Қырық мысал»шығармасына талдау
4)«Қырық мысал»шыүармасының құндылығы.
5)«Қазақ салты»шығармасына талдау 
6)Қорытынды

«Ұлт ұстазы»Ахмет Байтұрсынұлының халқына жасаған ерлігіме еңбектері көне сандықта жатқан қазына іспеттес.Біздің білім жолына нық қадам жасай білуімізге себепкер болған ұстаз,өзіндік кітаптары мен жаңа әліби қалыстастарды.Сұрапыл кеңес өкіметінің саясатында халықтың қолдаушылары аз болды,ұлт зиялылардың көбісін қуғын-сүргінге ұшыратса,енді бірін мәңгілікке бас бостандығынан айырып,ату жасаына да кесті,сол кезде қараңғы түнекте жатқан қазақ халақының жүзіне сәуле түсіремін деген Ахмет Байтұрсынұлының бүгінгі таңда еңбектерімен таныссақ.


Ахмет Байтұрсынұлы шығармалары
Тəуелсіздік кезеңдегі Қазақ тіл білімі мен əдебиеттануда Байтұрсынұлын тану мəселесі қазақ ұлттық ғылымында бағыты белгілі дербес сала. Таңдамалы жинақтарды қайта шығару бойынша Ахметтану саласында атқарылған өзекті мəселелер- дің бір саласы, ғалым туындыларын бүгінгі, келер ұрпаққа таныстыру. Ғалымның шығармашылық мұрасы 1989-2009 жылдар аралығында бірнеше дүркін қайта жарық көрді. Жалпы саны – 21. Қандай қоғамда болмасын кiтаптың сатылуы, яғни өтiмдiлiгi қашанда басты мəселе екенiн ескерсек, А.Байтұрсынұлы туындыларының бiрнеше рет басылуы оның сұранысқа ие құнды кітап екендігіне айғақ. Бұл қайраткердің зерттеу-еңбектердiң өмiршеңдiгiн көрсетеді. Əрбiр кiтаптың түрлiше тағдыры болады. Кейбiр кiтаптардың санатта бар екендігі де байқалмайды. Ал кейбiрi басылып шыққан күннен бастап, ескiнi есеңгiрете, жаңамен қоян-қолтық араласа, «бүгiнгi кiтап – ертеңгi iс» дегендей қоғамнан өз орнын алады. Зұлмат заман, есімін айтқызбаса да, ғалымның филология саласындағы ғылыми еңбектерi қазақ дүниетанымында өзiндiк сара жолын салды. Ғұламаның «Əдебиет танытқыш» оқулығының «əдебиеттану мен əдебиет теориясының бастауы» болғандығы мойында- лып, оны кеңес тұсындағы əдебиеттану ғылымындағы зерттеу еңбектерде елеусіздеу етіп жазып келді. Кеңестік дəуірдегі ұлт əдебиетін қатаң бақылауда ұстағанын ескерсек, қазақ тіл білімі мен əдебиеттану саласындағы ғалымдардың ғұлама- ның есiмiн айналып өтiп, оның туындыларын сiлтемесiз пай- далануына түсінушілікпен қарау керек те сияқты. Енді қайта жарық көрген шығармаларға тоқталсақ.
1989 жылы «Жазушы» баспасынан «А.Байтұрсынов. Шығармалары Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер» 320 бет, (Құрастырушылары: Шəрiпов Ə., Дəуiтов С), 20 000 таралыммен жинақ жарық көрдi. Кітапта алғысөз орнына берілген Ш.Сəт- баеваның «Ахмет Байтұрсынов» деген баянатында тұлғаның мемлекеттік қызметтегі ресми құжаттарының бірі – РКП (б)- ның Орынбор Комитетіне партия мүшелігіне алуды сұраған өтініші берілген. Жинаққа «Маса», «Қырық мысал», «Əдебиет танытқыш» еңбектері топтастырылған. Кітап соңындағы ғылыми түсінікті С.Дəуітов жазған. Жинақ ғалым есімі ақталғаннан кейiн басылған – бiрiншi кiтап. Жинақтың офсеттік қағазының сапасы төмен. Мұндағы ең құнды деректер: жеке суреттері жəне «Маса», «Қырық мысал» кітаптарының мұқабалары. Кітапқа редакторлық жасаған М.Неталиев. Қайта басылған кітапта төлавтор А.Байтұрсынұлының құқы қорғалмаған, тек жинақты бастырушы «Жазушы» баспасы- ның мүддесі қарастырылған.
1991 жылы «Жалын» баспасынан «А.Байтұрсынов. Ақжол, Өлеңдер мен тəржiмелер, публицистикалық мақалалар жəне əдеби зерттеу» 464 бет, (Құрастырушысы əрі алғысөзi Р.Нұр- ғалиев), 20 000 таралыммен басылым көрдi. Жинақтың 1989 жылғы жинақтан өзгешелігі, мұнда: М.Əуезовтің «Ақаңның елу жылдық тойы» құттықтауы, əр жылдары жарияланған 43 публицистикалық мақала топтастырылған. Аңдатпасында:
«Отызыншы жылдары сталиндік озбырлықтың құрбаны болған ұлы ғалым-лингвист, əдебиет зерттеуші, ақын-аудармашы, публицист Ахмет Байтұрсынұлының ардақты есімі қазіргі қайта құру заманы арқасында ақталып, артына қалдырған асыл мұрасы халыққа қайта оралды» деген ақпарат береді. Р.Нұрғалиев «Алып бəйтерек» деген тақырыпта ғалымның өмірі, қызметтері жөнінде шолу жасай отырып, əдебиеттанушы ғалымның əдеби мұрасына бүгінгі əдебиет талабы мен та- нымы тұрғысынан талдау жасаған. 1-бөлімдегі: «Қырық мысал», «Маса» туындыларын – М.Мырзахметов, «Ер Сай- ын», «23 жоқтау» ауыз əдебиетінің нұсқалары – Р.Нұрғалиев, 2-бөлімдегі: «Көсемсөз» мақалалары – А.Мектепов, Ғ.Əнесов, «Əдебиет танытқыш» əдеби зерттеу еңбегі – Р.Нұрғалиев дайындаған. Кітап редакторы – Е.Дүйсенбаев, жинақта тұңғыш рет төлавтордың құқы қарастырылып, мүддесі қорғалған. Кітаптың офсеттік қағазы сапалы, əрі көркем суреттермен безендірілген.
«Қырық мысал» дейтін себебі, Крыловтың мысалдар жазған қырық өлеңін аударғаны ғой. Бұл өлеңдерді Ахметтің аударған мезгілдері 1901 жыл мен 1904 жылдың арасында, учитель болған кезінде болу керек. «Мысалдарды» аударудан бұрын оның өлең жазған-жазбағанында дерек жоқ. Міржақып Дулатов сықылды Ахметті жақсы білетін адамдар да Ахметтің өмірін жазғанда (См. «Труды об-ва изуч. Казахстана», вып. ІІІ, 1922г. Оренбург.) ол туралы түк айтпаған.
«Қырық мысалды» тексерместен бұрын, Ахметтің неге Крыловтан аударып, өзгеден аудармағаннан бір-екі сөз айта кетейік. Үйткені көркемдік жағына келгенде, Пушкин, Лермонтов, Фет сықылды ақындар, əйтпесе Некрасовтар Крыловтан артық саналатын адамдар. Ең алдымен, Крылов туралы азын-аулақ сөз айтайық. Бұл туралы орыстың қазіргі Марксшіл сыны деп жүрген Жөкөн дейтін адамы былай дейді:
Нақ өзі (Каган «История русск. лит. От древнейших времен до наших дней» стр. 49.) «бұған сөз қосудың қажеті аз. Крылов орыстың ақсүйекерінің ақыны. Ол ақсүйек тұрмысын кекетіп жазғанда: Крылов өз тұсындағы қоғамның кемшілігін мазақ қылды. Ол парақорлық, сотты сатушылық, кеңсешілдік, мақтаншақтық, тоқ көңілдік, өтірікшілік сықылды істерді жазды. Бұлай болғанмен Крыловта жұмсақтық, салқынқандылық күшті. Оның жаны тым жайдары адам. Ол зəлімдіктің шыққан жерін жазбайды. Ол патшаны құлатуды, құлдық правоны жоюды тілемейді. Ақсүйектің (дворян) оқығандарында: Ресейдің тіршілігін құлдық правоны осы қалпында сақтап отырып-ақ оңдауға болады деген пікір болған. Крыловтың өлеңдері сол пікірдің нақ өзі», бұған сөз қосудың қажеті аз. Крылов орыстың ақсүйектерінің ақыны. Ол ақсүйек тұрмысын кекетіп жазғанда, ақсүйектердің кемшілігін көрсеткенде, сол тұрмысқа қарсы болғандығынан емес, ақсүйектің ақыны болғандықтан өз табының кемшілігіне іші ашып, сол кемдікті түзеуге шақыруға тырысқандықтан. Крылов туралы бұл пікірге орыс марксшілдері сөзін бір жерге қойған.
Әр нәрсенің құндылығын білу халқымыз үшін қашан да оның маңызы мен пайдалылығы ауадай қажет. Ал егер әңгіме құнды жәдігерлер туралы болса, ғибратты өмірге жол ашудың бірден-бір себебіне айналары сөзсіз.
Ғибраттты ғұмыр демекші, өнегелі өмірді кешуді армандамайтын пендені кезіктіру әсте қиын болар. Ал ғибратты өмір адам баласына қайдан келеді? Қандай жолды таңдағанда өмірінің ғибратты боларына көзі жетеді?..
Ғибратты өмірге жол ашар бір дүние бар болса, ол құнды дүниелерге көз жіберіп, оны қастерлей білу дер едім. Себебі, біз білетін құнды кітаптар тарихта алтын әріптермен жазылып, мәдени мекемелерде орын алғалы қашан.Құнды кітаптар шын мәнісінде несімен құнды? Көнерген қағаздардан тұратын осы бір құнды дүниелер адамзат баласы үшін тек қана мұра ретінде ғана емес, тарихи-мәдени сабақтасты байланыстырды. Адамзат баласы өз білімдерін осындай бағалы кітаптар арқылы толықтырып отырды. Бағалы саналатын бұл кітаптар ертеңгі ұрпақтың ата-бабаларының жасап кеткен жасампаз жолдарын осылайша еске салды.Өткен жылдың қараша айында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Құнды тарту» залы ашылғаны белгілі. Қазақ және шетел әдебиеттері ақын-жазушыларының алты мыңнан астам кітаптары орын алған. Әрбір оқырман қауым үшін бұл жердегі кітаптардың барлығы дерлік құнды жәдігерлер қатарында саналады. Солардың арасында ең бағалы қітаптардың бірі ретінде Ахмет Байтұрсыновтың «Қырық мысал» кітабы ерекше атауға тұрарлықтай. Бір қарағанда көзге шағын ғана кітапшадай болып көрінеді. Шын мәнінде оның ішінде қаншама құнды дүниелер келтірілген. Ағартушы ғалым Ахмет Байтұрсыновтың өз қолымен ұстаған шағын ғана кітапшада төте жазулармен жазылғаны анық байқалады. Заманауи техникалық құралдармен жабдықталған аталмыш залда Ахмет Байтұрсынұлының осы бір шағын кітапшасына оқырмандар көз аудармай кетпейді. Халқының кемел болашағына алаңдаған алаш баласының төл туындыларын оқып отырып, кісінің білуге құмарлығы бірден артқанын байқауға болады. Кезінде әйгілі Америка елінің атақты жазушысы Джордж Мартин: «Кітап оқитын адам мың өмірді көреді, кім оқымайды сол бір-ақ өмір көреді», – деген екен. Сол айтқандай кітап оқыған адамның өмірі жақсы жаққа өзгеріп қана қоймай, өмірдің сан қырларын үйренуге себін тигізеді.
«Құнды тарту» залының кітап коллекцияларының арасынан орын алған Ахмет Байтұрсынұлының «Қырық мысал» кітабы жиырмасыншы жылдардың басында жарыққа шыққан. Кітапхана залында кітаптың түпнұсқасы мен көшірмесі қойылған. Құнды кітапты емін-еркін оқуға мүмкіндік берілген. Тек дәл осы кітапты қолымен ұстап, ертеңі туралы ойланған оқырман оқыса деген тілек те бар. Ахмет Байтұрсынұлының келесі шығармасы «Қазақ салты»шығармасы жайында сөз қозғасам. «Қазақ салты» өлеңі қазақ халқының Ресейге бодан болуының негізгі себептері, нақтырақ айтсақ қазақтың өзіне тән кемшіліктері түсіндірілген. А.Байтұрсыновтың ой –толғауларының нәтижесі: Автор өлеңде өзінің сыни көзқарасын нақты айқындаған. Қазақтың қараңғылығын сөз еткен. Әйтседе, өз халқына деген жанының ашуы, өкініші, мұңы сезіледі.
Ахмет Байтұрсынов бұл өлеңінде қазақ халқының менталитетінің жағымсыз жағын, саңылаусыз салтын ашып жазды. Қазақтың ұйымшылдығының, ауызбіршілігінің жоқтығынан бңр-біріне соқтығып, алауыз боп, қырық пышақ боп жүрген кезде сырттан келген орыстың алдап-сулап қазақ жерін басып алғанын сезбей де қалды.XYIII ғасырдан бастап бытырап, өз ішінде бірлігін жоғалта бастаған қазақ халқының XX ғасырға таман жағдайының қиындай түскенің: «Кіреді тентек есі түстен кейін,мүмкінің халіміздің жаңа білдік»-деп жеткізеді.Бұл шумағында қазақ халқының саяси санасының төмендігі сезіледі.
«Қалтылдақ қайық мініп еспесі жоқ,
Теңізде жүрміз қалқып кешпесі жоқ,
Жел соқса, құйын қуса жылжи беру,
Болғандай табан тіреу еш нәрсе жоқ»
деген үзіндісінен басшысы жоқ, бір орталыққа бағынған мемлекеті жоқ қазақ халқын, шығысында айдаһардай айбарлы,солтүстігінде аюдай алпауыт мемлекет тұрсада, саясатқа басын қатырмай, ө ішінен жік-жікке бөлініп жатқан қазақ халқын көреміз.Әрине, сол кездегі қазақ қауымын үзілді –кесілді қараңғы болды деп айтуға болмас.Небір дарынды тұлғалар болғаны хақ, бірақ ауыл молдасынан білімімен шектеліп қалған, тіпті оқымаған , сауаты нашар қара халықтың басымдығы халқын артқа тартты.Міне,автордың жеткізгісі келген ойы, қазақтың кемшілігі осындай.
«Қазақ салты»өлеңінде Абайдың ой толғауларын еске салатын образдар бар, сондықтан бұл өлең сыни көзқараспен жазылған деп айтуға болады.Бұл хакім Абайдың ақындық дәстүрінің жалғасы, Ахметтің жан айқайы.Ол осы туындысымен XIX-XX қазақ халқының жағдайын толық жеткізе алды. Бүгін – ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Осыдан тура 150 жыл бұрын қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Ақкөл ауылында дүниеге келген алаш арысының бүгінгі мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойланып, түйіні өзі туған өлкеде қойылуы керек болған еді.Тарихи тұлғасы мен арқалаған жүгі, көрген азабы ешбір ханның, ешбір батырдың, ешбір бидің, ешбір ғұламаның тұлғасымен салыстыруға келмейтін екі алыптың бірі Әлихан Бөкейхан болса, екіншісі – Ахмет Байтұрсынұлы.Қазақ тарихының ең бір шешуші кезеңінде қатар өмір сүрген қос арыстың маңайына топтасқан ұлт элитасы халқын ұлтсыздандыру нөпірінен аман алып шығу үшін өткел болып төселді. Бәрінің басы бәйгеге тігіліп, бәрінің әулеті қуғынға ұшырады.Абай Құнанбайұлы туралы «Қазақтың бас ақыны» атты мақала жазып, ойшылға қазақ жазба әдебиетінің төрін ұсынған Ахмет Байтұрсынұлының өзіне «Қазақтың бас ғалымы» деген атақ берсе жарасады.
Оған қазақ тілінің дыбыстық жүйесін, грамматикалық құрылымын, қазақ әліпбиі мен емлесін ғылыми дәйекпен ретке келтіріп, қазақ тілінің лексикалық қоры мен синтаксистік құрылымын өзге тілдердің ықпалынан тазартуға күш салған ғылыми еңбектері мен алғашқы оқулықтар дәлел.
ХІХ-ХХ ғасырда қазақ халқы үшін қандай ауыр болғанын түсіну үшін Байтұрсын әулетінің арғы-бергі тарихына көз салса жетіп жатыр.Әкесі мен ағаларының нақақ қудалануы жүрегіне шоқ боп түскен алаш арысы 1937 жылы атылғанға дейін ұлт ұпайын түгендеп өтті.Бұған да оның бүгінге цензура мен плагиаттан әупіріммен аман жеткен ғылыми еңбектері мен әлі күнге дейін табылмай келе жатқан құнды дүниелерінің даңқ-дақпырты дәлел.Ол қазақ публицистикасы мен ғылыми тілін жасанды, қасаң сипаттан арылтып, халық тіліне жақындату үшін төл терминологияның негізін қалады.Ақын, лингвист, әдебиетші, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ұлттық жазудың реформаторы, араб графикасының негізінде қазақтың төл әліпбиін түзіп, төте жазудың көмегімен «Қазақ» газетін ұйымдастырды, ұлттық журналистиканы дамытты.


Кісінің ойын байытып, сауатын арттыратын құнды дүниелерді біз тек кітапханадан ғана таба аламыз. Себебі, адам баласы әдебиет арқылы рухани әлемге бой алдыра алады. Өркениетті елдер қазір кітап оқуға деген ынта-ықыласты арттырудың бірнеше тәсілдерін ойластырып отыр,оған электронды,қысқа метражжы аудио және видио кітаптар дәлел болмақ.Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері мен ерліктері ел жадында әр уақытта сақталып қалмақ,ұлы тұлғаның әрбір өлеңін келешік ұрпақ яғни жатқа айтып,мақтана білуім керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет