*JUZ40 Online Математика пәні мұғалімі: Нұрдаулет Нұрдин
№24 Үй Жұмысы
1.Есептеңіз: Моторлы қайықтық жылдамдығы 20 км/сағ, ал ағыстың жылдамдығы 2
км/сағ. Моторлы қайық ағысқа қарсы 90 км қашықтықты неше уақытта жүзетінін
анықтаңыз.
A)7 сағ
B)6 сағ
C)5 сағ
D)4 сағ
2.Есептеңіз: Меншікті жылдамдығы 15 км/сағ тең катер, ағыс бойымен 2 сағат, ағысқа
қарсы 3 сағат жүзді. Егер ағыс жылдамдығы 2 км/ сағ болса, катердің қанша км
қашықтықты жүзгенін анықтаңыз.
A)93 км
B)85 км
C)73 км
D)75 км
3.Есептеңіз: Екі пункттің арақашықтығы 24 км. Моторлы қайықтың меншікті
жылдамдығы 10км/ сағ, ал өзен ағысының жылдамдығы 2 км/сағ. Моторлы қайық бірінші
пункттен екінші пунктке барып қайтуына неше уақыт жұмсайтынын анықтаңыз.
A)15 сағ
B)5 сағ
C)8 сағ
D)7 сағ
4.Есептеңіз: Қайық ағыспен 4 сағат және ағысқа қарсы 3 сағат барлығы 44 км
қашықтықты жүзіп өтті. Ағыстың жылдамдығы 2 км/сағ болса, қайықтың меншікті
жылдамдығын табыңыз.
*JUZ40 Online Математика пәні мұғалімі: Нұрдаулет Нұрдин
A)6 км/сағ
B)8 км/сағ
C)4 км/сағ
D)7 км/сағ
5.Есептеңіз: Екі айлақ арасындағы 72 км қашықтықты катер ағыс бойымен 2 сағатта, ал
ағысқа қарсы 3 сағатта жүзіп өтеді. Осы арақашықтықты сал қанша сағатта жүзіп өтетінін
анықтаңыз.
A)5 сағ
B)12 сағ
C)7 сағ
D)8 сағ
6.Есептеңіз: Кеме өзен ағысымен 96 км және ағысқа қарсы сол қашықтықты барлығы 10
сағатта жүзіп өтті. Өзен ағысының жылдамдығы 4 км/сағ болса, кеменің тынық судағы
жылдамдығын табыңыз.
A)40 км/ сағ
B)35 км/ сағ
C)20 км/ сағ
D)25 км/ сағ
7.Есептеңіз: Моторлы қайық өзен ағысымен 26 км, ал өзен ағысына қарсы 14 км жол
жүріп, барлық жолға 4 сағат жұмсады. Егер өзен ағысының жылдамдығы 3 км/сағ болса,
онда қайықтың меншікті жылдамдығын табыңыз.
A)20 км/ сағ
B)15 км/ сағ
C)10 км/ сағ
D)25 км/ сағ
8.Есептеңіз: Қайық өзен ағысымен А пунктінен В пунктіне 5 сағатта барып, В пунктінен А
пунктіне 7 сағатта қайта оралды. Өзен ағысының жылдамдығы 2 км/сағ болса, онда
қайықтың меншікті жылдамдығын табыңыз.
A)18 км/ сағ
B)16 км/ сағ
C)12 км/ сағ
D)14 км/ сағ
9.Есептеңіз: Моторлы қайық өзен ағысымен 25 км, ал өзен ағысына қарсы 3 км жол жүріп,
барлық жолға 2 сағат жұмсады. Моторлы қайықтың меншікті жылдамдығы 12 км/сағ-қа
тең. Егер өзен ағысының жылдамдығы 5 км/сағ- ты аспайтыны белгілі болса, онда өзен
ағысының жылдамдығын табыңыз.
*JUZ40 Online Математика пәні мұғалімі: Нұрдаулет Нұрдин
A)7 км/ сағ
B)3 км/сағ
C)5 км/ сағ
D)4 км/ сағ
10.Есептеңіз: Кеме А пунктінен В пунктіне қарай өзен ағысымен жүзуге 5 сағат уақыт
жұмсаса, қайтар жолға 8 сағат 20 минут жұмсады. Егер екі пункттің арақашықтығы 100 км
болса, онда кеменің меншікті жылдамдығын табыңыз.
A)24 км/ сағ
B)22 км/ сағ
C)18 км/ сағ
D)16 км/ сағ
11. Екі айлақтың арасы 36 км. Егер қайықтың меншікті жылдамдығы 15 км/сағ, ал өзен
ағысының жылдамдығы 3 км/сағ болса, онда қайық бір айлақтан екінші айлаққа барып
қайтуға қанша уақыт жұмсайтынын табыңыз.
A)6 сағат
B)4 сағат
C)2 сағат
D)5 сағат
12. Қайық ағыспен 4 сағат және ағысқа қарсы 3 сағат барлығы 44 км қашықтықты жүзіп
өтті. Ағыстың жылдамдығы 2 км/сағ болса, қайықтың меншікті жылдамдығын табыңыз.
A)4 км/сағ
B)10 км/сағ
C)6 км/сағ
D)8 км/сағ
13. Қайық өзен ағысымен 30 км және ағысқа қарсы 8 км жолға жұмсайтын уақыт, салдың
4 км жолға жұмсайтын уақытына тең. Егер қайықтың меншікті жылдамдығы 18 км/сағ
болса, онда өзен ағысының жылдамдығын табыңыз.
A)3 км/сағ
B)2 км/сағ
C)4 км/сағ
D)6 км/сағ
14. Қайық өзен ағысымен 20 км/сағ, ал ағысқа қарсы 16 км/сағ жылдамдықпен жүзетін
болса, ағыстың жылдамдығын табыңыз.
*JUZ40 Online Математика пәні мұғалімі: Нұрдаулет Нұрдин
A)3 км/сағ
B)1 км/сағ
C)4 км/сағ
D)2 км/сағ
15. Моторлы қайық өзен ағысымен 16 км жүзіп, кері қайтты. Барлық жолға 3 сағат уақыт
жұмсады. Басқа уақытта бұл қайық 2 сағатта 8 км өзен ағысымен және 12 км өзен ағысына
қарсы жүзді. Қайықтың меншікті жылдамдығы мен өзен ағысының жылдамдығын
табыңыз.
A)12 км/сағ; 4 км/сағ
B)8 км/сағ; 5 км/сағ
C)4 км/сағ; 8 км/сағ
D)2 км/сағ; 6 км/сағ
16. Қайықтың өзен ағысымен жылдамдығы өзен ағысына қарсы жүзген жылдамдығынан 4
есе артық. Қайық өзен ағысына қарсы 4 км жүзгеннен кейін, бөгелместен кері қайтты. Ол
барлық жолға 2,5 сағат жұмсады. Өзен ағысының жылдамдығын табыңыз.
A)2 км/сағ
B)3 км/сағ
C)1 км/сағ
D)4 км/сағ
17. Қайық 7 сағатта өзен ағысымен 60 км және өзен ағысына қарсы 64 км жол жүрді. Басқа
уақытта қайық 7 сағатта өзен ағысымен 80 км және өзен ағысына қарсы 48 км жол жүрді.
Қайықтың меншікті жылдамдығы мен өзен ағысының жылдамдығын табыңыз.
A)18 км/сағ; 2 км/сағ
B)16 км/сағ; 2 км/сағ
C)12 км/сағ; 2 км/сағ
D)14 км/сағ; 4 км/сағ
18. Қайық өзен ағысымен 7 сағатта жүзетін жолды өзен ағысына қарсы 8 сағатта жүзіп
өтеді. Егер қайықтың меншікті жылдамдығы 30 км/сағ болса, өзен ағысының
жылдамдығын табыңыз.
A)4 км/сағ
B)3 км/сағ
C)2 км/сағ
D)6 км/сағ
19. Кеме өзен ағысына қарсы 4 км, ал өзен ағысы бойымен 32 км жол жүрді. Кеме барлық
жолға 5 сағат уақыт жұмсады. Егер өзен ағысының жылдамдығы 2 км/сағ болса, онда
кеменің тынық судағы жылдамдығын табыңыз.
*JUZ40 Online Математика пәні мұғалімі: Нұрдаулет Нұрдин
A)8 км/сағ
B)4 км/сағ
C)6 км/сағ
D)5 км/сағ
20. Жылдамдығы 8 км/сағ болатын қайық, өзен ағысы бойымен 15 км және дәл сондай
жолды өзен ағысына қарсы жүзеді. Ол барлық жолға 4 сағат жұмсаса, онда өзен ағысының
жылдамдығын табыңыз.
A)8 км/сағ
B)4 км/сағ
C)2 км/сағ
D)6 км/сағ
21. Арақашықтығы 36 км болатын екі ауылдан бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі жаяу
жүргінші жолға шықты. Біріншісінің жылдамдығы 4 км/сағ, ал екіншісінікі 5 км/сағ. 3
сағаттан кейін екеуінің арасы неше километр болады?
A)10 км
B)8 км
C)6 км
D)9 км
22. Ауылдан жаяу жүргінші жолға шықты. 3 сағаттан соң артынан велосипедші шықты.
Жаяу жүргіншінің жылдамдығы 4 км/сағ, ал велосипедшінікі 10 км/сағ. Неше сағаттан
кейін велосипедші жаяу жүргінші қуып жетеді?
A)1 сағат
B)4 сағат
C)2 сағат
D)3 сағат
23. Арасы 36 км болатын екі пункттен бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі
велосипедші жолға шықты. Бірінші велосипедшінің жылдамдығы 10 км/сағ, ал
екіншісінікі 8 км/сағ. Қанша сағаттан кейін екеуі кездеседі?
A) 3 сағат
B) 2 сағат
C) 4 сағат
D) 1 сағат
24. Арақашықтығы 30 км болатын екі пункттен бір уақытта және бір бағытта екі
мотоциклші жолға шықты. Бірінші мотоциклшінің жылдамдығы 40 км/сағ, ал екіншісінікі
50 км/сағ. Неше сағаттан кейін екінші мотоциклші біріншісін қуып жетеді?
*JUZ40 Online Математика пәні мұғалімі: Нұрдаулет Нұрдин
A)5 сағат
B)3 сағат
C)4 сағат
D)2 сағат
25. А қаласынан жылдамдығы 60 км/сағ болатын бірінші машина жолға шықты, ал 1
сағаттан кейін артынан жылдамдығы 50 км/сағ болатын екінші машина шықты. Бірінші
машина жолға шыққаннан кейін, 10 сағат өткен соң екі машина бір-бірінен неше километр
ұзақтықта болады?
A)150 км
B)250 км
C)350 км
D)500 км
26. А және В пункттерінен бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы бағытта мотоциклші мен
велосипедші жолға шығып, 2 сағаттан кейін кездесті. Мотоциклшінің жылдамдығы 60
км/сағ, ал велосипедшінікі 20 км/сағ. А мен В пункттерінің арақашықтығын табыңыз.
A)140 км
B)160 км
C)170 км
D)180 км
27. А мен В пункттерінің арақашықтығы 60 км. Екі пункттен бір уақытта бір-біріне
қарама-қарсы бағытта жаяу жүргінші мен велосипедші жолға шықты. Егер олардың
жылдамдықтары сәйкесінше 5 км/сағ және 10 км/сағ болса, онда олар неше сағаттан кейін
кездесетінін табыңыз.
A)2 сағат
B)3 сағат
C)4 сағат
D)6 сағат
28. Пойыз жолда 16 минутқа кідірді. Кешігуін жою үшін 80 км жолды жоспардағы
жылдамдықтан 10 км/сағ артық жылдамдықпен жүріп өтуге тура келді. Пойыздың жоспар
бойынша жылдамдығын табыңыз.
A)40 км/сағ
B)50 км/сағ
C)30 км/сағ
D)60 км/сағ
*JUZ40 Online Математика пәні мұғалімі: Нұрдаулет Нұрдин
29. Қайықтың тынық судағы жылдамдығы 20 км/сағ, ал өзен ағысының жылдамдығы 2
км/сағ. Жағадағы айлақтан шыққан қайық өзен ағысымен 3 сағат және ағысқа қарсы 4
сағат жүзді. Қайықтың айлақтан неше км қашықтықта екендігін табыңыз.
A)3 км
B)5 км
C)6 км
D)8 км
30. Автокөлік алғашқы екі сағатты 50 км/сағ жылдамдықпен, содан кейінгі бір сағатты 100
км/сағ жылдамдықпен, ал соңғы екі сағатты 75 км/сағ жылдамдығымен жүріп өтті. Барлық
жолдағы автокөліктің орташа жылдамдығын табыңыз.
A)80 км/сағ
B)70 км/сағ
C)60 км/сағ
D)65 км/сағ
Достарыңызбен бөлісу: |