Швед қабырғасындағы жаттығулар денсаулықты нығайтуға, сондай-ақ әртүрлі аурулардан арылуға мүмкіндік береді. Мысалы, жасөспірімдердегі сколиозбен күресте дәл осы тренажер максималды әсер етеді.
Қандай жаттығу орындалса да, сол жаттығудың денеге тигізетін әсер ықпалын естен шығармау керек.
Қауіпсіздік ережелері:
Жаттығулар әрқашан мұғалім қатысуымен жасалуы керек.
Сабақ алдында баспалдақтың барлық бекітпелері мен элементтері тұтастық пен сенімділікке тексеріледі. Сынған баспалдақта сабақ өткізуге жол берілмейді.
Оқушы немесе студент гимнастикалық(шведтік)қабырғада ойнау үшін емес, спортпен шұғылдану үшін қолданылатынын есте ұстауы керек.
Жаттығулар орындамас бұрын бұлшықеттерді аздап қыздыру маңызды.
Егер денсаулығы нашарлаған кезде (шаршау, шамадан тыс жұмыс, ауру) жаттығу жасау ұсынылмайды.
Гимнастикалық қабырғада жасалатын жаттығулар
1.Арқаны қабырғаға қаратып асылып тұрып: екі аяқты тік бұрыш жасағанға дейін (90 градус )кезекпен алға көтеру және бір мезгілде көтеру.
3.Аяқты бөксе тұсына жететіндей етіп бір аяқты қабырғаға ілеміз.Ең алдымен жерде тұрған аяққа иіліп қолды тигізіп,қабырғада тұрған аяқ ұшына қолды тигізіп жаттығу жасау;
4.Арқаны қабырғаға қаратып, екі қолды жоғарыдан арасын кеңірек етіп бүгіп ұстап тұрып: қолды жаза төмен сырғып, белді қайқайту.
5.Арқаны қабырғаға қаратып,қолды жоғарыға көтеріп қабырғаның шабағынан ұстап тұрып аяқты бос ұстап, табанды жоғары төмен көтеру