Кафедра мәжілісінде қаралды хаттама №1 «27» тамыз 2021 ж


Политеизм – көп құдайға табынушылық. Рационализм



бет20/24
Дата14.03.2022
өлшемі79,21 Kb.
#27922
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
filosofiya oak

Политеизм – көп құдайға табынушылық.

Рационализм – танымның көзі ақыл-ой деп мойындайтын көзқарас.

Релятивизм – «бәрі салыстырмалы» деп санайтын, ештеңенің абсолюттілігін мойындамайтын философиялық ілім.

Реализм – «жалпы» шын өмір сүреді деп мойындайтын көзқарас,орта ғасырлық философиядағы бағыт.

Субъективтік идеализм – болмыстың түпнегізі жеке адамның сана, сезімі деп мойындайтын көзқарас.

Сансара – үнді мифологиясындағы күйзелген жанның жай таппай жиhан кезуі, денеден денеге ұдайы көшуі.

Скептицизм – эллинизм кезеңіндегі этикалық мектеп; дүниені танып-білуге күмән келтіру, білімнің субъективті екенін мойындау; ешқандай соңғы тұжырым жасамауға, ақылды үнсіздік сақтауға шақыру; көрнекті өкілдері: Пиррон, Секст Эмпирик, т.б.

Софистика – Ежелгі Грек жерінде қалыптасқан гуманистік бағыт, шешендік өнерге ақылы баулитын мектеп; көзқарасындағы негізгі сипаты – релятивизм; оң жағы – философияға этика, саясат, логика, риторика мәселелерін енгізуі; көрнекті өкілдері: Протагор, Горгий, Гиппий, Критий, Продик, Алкидам.

Стоицизм – эллинизм кезеңіндегі этикалық мектеп; негізін қалаған Китиондық Зенон. Негізгі идеялары: адамның микрокосм ретінде әлемдік заңға бағынатыны, тағдырға мойынсұну керектігі.

Суфизм – исламның діни-мистикалық бұтағы, 8-9 ғ. пайда болған; Ақиқатты мистикалық интуиция арқылы тану туралы көзқарас; көрнекті өкілдері: әл-Ғазали, Омар Хайам, Ахмет Яссауи т.б.

Славянофилдік – ХIХ ғ. ортасында қалыптасқан орыс философиясындағы бағыт; негізгі сипаты: көзқарастарында православие мен орыс патриотизмінің бірігуі; Батысқа көзсіз еліктеуді сынады; көрнекті өкілдері: А.С.Хомяков, И.В.Киреевский, Ю.Ф.Самарин, ағайынды Аксаковтар т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет