Кафедрасы «Қаржы және есеп» Мамандығы:Қаржы 1-курс



бет3/7
Дата08.04.2023
өлшемі112,49 Kb.
#80475
1   2   3   4   5   6   7
Полимотивация феномені. Бұл ұғым негізінде адам жүріс-тұрысындағы бірнеше қажеттіліктерді анықтау тенденциясы жатыр. Л.И Божович пікірінше, түрлі обьектіні бір ғана қажеттілік емес, сол обьектіге әртүрлі өзара әрекеттесуші, шиеленісуші, көп жағдайда бір-біріне қарама-қарсы қажеттіліктерді өзіндік бағалауының жоғарылауы, жолдастарының назарына ілігуі, болашақ жұмысында шығармашылық жоғары жетістікке жету нақтылы іске асыра алады.
А.Н. Леонтьев концепциясы бойынша: мотивтердің қалыптасу процесі бірқатар қажеттіліктердің затталыну анықтамасын береді. А.Н. Леонтьевтің "қажеттіліктердің дамуы олардың обьектілерінің дамуы арқылы өтеді" деген пікірі қажеттіліктердің бөлек түрі ғана емес, бүкіл жүйесін сипаттайды. Бірқатар қажеттіліктер өз шығу тегі жағынан экзогенді болып табылады.
Сонымен, мотивация бұл іс-әрекеттің бірнеше түрлерінде жүзеге асатын, адамның қажеттіліктерін анықтайтын мотивтердің жиынтығы ретінде қарастырылатын күрделі психологиялық құбылыс. Адамның іс-әрекетінің әрбір түрі көп мағыналы мотивтерден тұрады. Мотивтердің пайда болуы, өзара қатынасқа түсуі, құрылымдық деңгейі нақты адамның тұлғалық ерекшеліктеріне және іс-әрекеттің өзіндік ерекшелігіне байланысты болады. Жеке адамның мотивациялық сферасын оның дамушылық табиғаты тұрғысынан, бірқатар өлшемдермен бағалауға болады.
• Жеке адам мотивациялық сферасының кеңдігі. Бүл мотивациялық факторлардың (қажеттілік, мақсат, мотив) әр түрлі сапалылығы, яғни адамда әр түрлі қажеттілік, мақсат, мотивтер неғұрлым көп болса, оның мотивациялық сферасы соғұрлым кең болады.
• Жеке адам мотивациялық сферасының икемділігі. Бұл қандай да бір қажеттілікті қанағаттандыру барысында түрлі мотивациялык талпыныстарды пайдалана алумен сипатталады.
• Жеке адам мотивациялық сферасының иерархиялылығы. Бұл жеке адам бойында болатын қажеттілік, мақсат, мотивтердің әрқайсысы өз алдына мотивациялық диспозиция ретінде өмір сүрмейтінін, керісінше олардың бір-біріне бағыныштылығы немесе басымдылық белсенділігімен сипатталынады.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет