Как оформить реферат в 2016 году: образец оформления по госту



бет1/3
Дата11.12.2023
өлшемі30,98 Kb.
#137777
түріРеферат
  1   2   3

С.Ж.Асфендиярұлы атындағы «Қазақ Ұлттық Медицина Университеті»

Кафедра «Казақстан тарих»


Факультет «Жалпы Медицина»

РЕФЕРАТ
Тақырыбы «Қазақ хандығының құрылуы»


Орындаған:
Е.А.Олжасұлы
Тексерген:
М.Ж.Сәбитқызы

Алматы
2023


Мазмұны





Кіріспе………………………………………………………………………

2

1.

Қазақ хандығынын құрылуы………………………..

3

2.

Керей мен Жәнібек

4

2.1

Керей ……………………………........

4



2.2

Жәнібек…………………………….

5

3.

Керей мен Жәнібек ұлдары ……………………...

5

3.1

Бұрындық………………………………………………………………

5

3.2

Ұлы дала падишахы-Қасым хан……………………………

6

4.

Қорытынды

8

КІРІСПЕ
Бұл реферата Қазақ хандығынын құрылуы, нығайыуы, көркеуі туралы сипатталады. «Қазақ» деген сөздін мағынасы «тәуелсіз,еркін» деген мағынаны білдіреді. Сол себепті ата-бабамыз еркін мемлекет құруға ұмтылған болатын.
Қазақ хандығынын құрылуы біздің тарихымыздағы аса ірі және де маңызды кезеңі болып саналады. Бұл кезең Қазақ деген халықтың ,ұлттың, «Тәуелсіз Қазақстан» ның іргетасынын калыптасу кезеңі десем артық болмас.
1. Қазақ хандығынын құрылуы
1.Шыңғысхан басып алған жерлерін бәйбішесінен туылған үш ұлына бөліп береді. Бөліп берінген жерлер Ұлыстар деп аталған. Қазіргі Қазақстан жерлерінін көп бөлігі Жошы ұлысын қамтыды. Қазақ хандығынын құрылуы осы Жошы ұлысынан бастау алды.
2.Алтын орда және Ақ орда ыдырағаннан кейін Дешті-Қыпшық жеріне билік етуге Шайбанның әулеті Әбілқайыр таққа келеді. Батыс-Сібір хандығынын тайпалырынын көмегімен Хан болып тағайындалады. Ең бірінші астанасы Тура болған.
1446 жылы Сыр бойындағы қалаларды жаулап алып, өз хандығынын астанасын Сығанаққа көшіреді.
Өз-Темір тайшы бастаған ойрат әскерлері Әбілайқайыр хандығына 1457 жылы басып кіреді. Өз-Темір тайшы мен Әбілайқайыр әскері Сығанақ маңында өтті. Жекпе жек бірнеше сағатқа созылып Әбілқайырдын жеңілісімен аяқталды. Әбілқайыр шегунеге және Сығанақ қаласына тығулуға мәжбүр болды.Ойраттар Ташкент,Түркістан қалаларын талқандап,тоңады. Нәтижесінде Әбілқайыр өзіне тиімсыз масқара бейбіт келісімшартқа қол коюына тура келді.Бұл жеңіліс Әбілқайырдын ел алдындағы едәуір түсіріп жіберді.
Ойраттардан жеңілісінен кейін өз елітерінен салықты арттырып,қатаң тәртіп орнатады. Осы шешімнен кейін көп деген ру тайпалардын сұлтандарының сенімі азайып, наразылықтары көбейді.
3.1458 жылы Әбілқайырдың саясатына,әділдігіне және көшпенділердің ата-дәстүрінен безуіне наразы болған Алтын Орда тағының мұрагерлері Керей мен Жәнібек Арғын тайпаларын және де басқада тайпаларды соңынан ертіп, Моғолстан аумағына қоныс аударады. Ол кезде Жетісу жерлерін билік еткен Есенбұға оларды Әбілқайырға қарсы қолдану үшін құшақ жайа қарсалады.
Керей мен Жәнібекке Моғолстанның батысындағы Шу мен Қозыбасы жерлерінен қоныс береді
Осы оқиға бойынша тарихшы М.Х.Дулати «Тарихи Рашиди» еңбегінде былай деген. «ОЛ КЕЗДЕ ДЕШТІ ҚЫПШАКТЫ ӘБІЛКАЙЫР ХАН БИЛЕДІ.ОЛ ЖОШЫ ӘУЛЕТІНЕН ШЫҚҚАН СҰЛТАНДАРҒА КҮН КӨРСЕТПЕДІ. НӘТИЖЕСІНДЕ ЖӘНІБЕК ПЕН КЕРЕЙ МОҒОЛСТАН КӨШІП БАРДЫ ЕСЕНБУҒА ОЛАРДЫ ҚҰШАҚ ЖАЯ ҚАРСЫ АЛЫП, МОҒОЛСТАННЫН БАТЫС ШЕГІНДЕГІ ШУ МЕН КОЗЫБАС АЙМАҚТАРЫН БЕРДІ. ОЛАР БАРЫП ОРНАЛАСКАН СОН ӘБІЛҚАЙЫР ХАН ДҮНИЕ САЛДЫ ДА, ӨЗБЕК ҰЛЫСЫНЫН ШАҢЫРАҒЫ ШАЙКАЛДЫ. ІРІ ШИЕЛЕНСІЕР БАСТАЛДЫ. ОНЫҢ КӨП БӨЛІГІ КЕРЕЙ МЕН ЖӘНІБЕККЕ КӨШТІ. СӨЙТІП ОЛАРДЫ ҚАЗАҚТАР ДЕП АТАДЫ»
2. Керей мен Жәнібек
2.1 1458 жылы ақ киізге отырғызып алғаш хан Керей жарияланды
1462 жылы Есенбұға дүниеден озғаннан кейін Моғолстан әлсіреп,Керей мен Жәнібектің ықпалы нығайа түсті. Осы жағдайды пайдаланған Керей мен Жәнібек сұлтандар Дешті Қыпшақ билігіне жету үшін өздерін жеке хандық ретінде жариялайды.
Керей мен Жәнібектің Алтын Орда тағына таласудың негізгі екі себебі бар еді
Біріншіден,екі сұлтан да кезінде Алтын Орданы билеген Ұрыс ханның тікелей ұрпағы еді. Екіншіден, Жәнібек сұлтан Алтын Орданын соңғы ханы Барақтын туған баласы еді
Екі сұлтаннын алдына қойған мақсаттары:
1. Дешті Қыпшақ даласындағы көшпенділердің қалыптасқан дәстүр тәртібін қалпына келтіру 2.Хандық идеологияны реттеу 3.Мал жайылымдардын қолданудың байырғы тәртібін қайта қалыптастыру 4. Шығыс сауда керуен жолдарын Қазақ хандығына қосу
1468 жылы Әбілқайыр хан Қазақ хандығын қирату мақсатымен жасаған жорығында сапары сәтсіз болып қайтыс болады. Әбілқайыр хан кайтыс болғаннан кейін Өзбек ұлысынын шаңырағы шайқалып ішкі шиеленістер күшейді. Әбілқайырдың қаза болуы, Қазақ хандығының нығайыуна және оның көлемінін кеңейуіне қолайлы жағдай болды. Әбілқайыр өлгеннен кейін Керей мен Жәнібек Сырдария бойындағы қалаларына бірнеше жорық жасап, Түркістан аймағындағы бірнеше қалаларды жаулады.
2.2 1466 жылы Керей хан қайтыс болғаннан кейін таққа Жәнібек хан келді.
Жәнібек хан Өзбек хандығына бірнеше жорықтар ұйымдастырып Қазақ жерін одан сайын кеңейітті. Жәнібек хан тұсында Қазақ хандығында бірнеше маңызды оқиға болды. Біріншіден,1468 жылы жасаған Әбілқайырдын жорығы сәтсіз болып қаза табуы. Екіншіден, Дешті Қыпшақта Шайбан әулетінің билігі жойылды.Не себепті жойылды десек, Әбілқайырдан кейін таққа отырған оның ұлы Хайдар өзінің кабілетсіздігі мен жігерсіздігінің кесіренен ру тайпаларды біріктіре алмай билікті уысынан шығарып алды. Хайдар туралы «Тарихи Кыпшақи» еңбегінде былай делінген: «ОЛ ЖҰМСАҚ МІНЕЗДІ ЖӘНЕ ЖІГЕРСІЗ АДАМ БОЛАТЫН, БАСҚАРУ ІСІНДЕ ӨЗ БЕТІНШЕ ҚАДАМДАР ЖАСАУҒА ҚАБІЛЕТСІЗІ» делінген. Осыны пайдаланып Әбілқайрдың кешегі жаулары жан жақтан жорықтар жасай бастады. Әбілқайыр ұлысын қулатуға Жәнібек хан бастаган Қазақ ұлысы өз үлестерін қосты. Шейх Хайдардың әлсіздігін қолданған Жәнібек Түркістан аймағына бірнеше жорықтар ұйымдастырып, Сыр бойындағы стратегиялық маңызды қалаларды өзіне қаратты. Түркістанға жасалған жорықтарында Керейдің ұлы Бұрындық, Жәнібектің ұлы Жиренше, Махмуд және Әдік атты ұлдары жауынгерлік,қолбасшылық қабілетін көрсетіп жеңіске жету жолында үлкен еңбек сіңірді. Жәнібектің екінші ұлы Махмұд «батыр» атанып Созақ қаласын басқарды. Ал Керейдің ұлы Бұрындық әскерді басқарып ұлыстағы екінші адам болды. Жәнібектің үлкен ұлы Жиренше өзінін шешендігімен ел арасына танылды. Үшінші ұлы Әдік Қазақ хандығы Ташкентті жаулап алған кезде,Ташкент қаласын басқарды.
3.Керей мен Жәнібек ұлдары
3.1. Бұрындық Шайбанилерді Дешті Қыпшақ жерінен қууға негізделген жорықтарда Бұрындық бастап барды. Бұрындық туылғанын бастап батыр мінезді әрі дарынды қолбасшы болған. Сондықтан дала батырлары арасында үлкен абырой мен беделге ие болды. Осы кездерді Шейх Хайдар хан билігін күшейту үшін өте ықпалды Ноғай мырзаларымен билік құрып, Қазақтарға қарсы шығуды жоспарлайды. Осыны естіген Бұрындық бұл одақты болдырмау үшін басқа Ноғай мырзаларымен байланысып одақ құруды ұсынады. Осылайша Ноғай билеушілерінің арасында келіспеушілік тудырады. Ақырында Ноғай мырзаларынын арасында алауыздылық туып,ауызы бірікпейді. Осылайша Ноғай мырзалары Шейх Хайдарға дұрыс қолдау көрсетпиді.Осы кезде Бұрындық әскер жинап Шейх Хайдардын әскерін талқандап оны өлтіреді. Осылайша Бұрындықтың ел алдында ықпалы нығайа түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет