Камбар Эльмира Әлеуметтік педагогика және өзін өзі тану



Дата03.03.2022
өлшемі14,39 Kb.
#26974

Камбар Эльмира

Әлеуметтік педагогика және өзін өзі тану

124-топ
Мамандық… «Мамандық» сөзінің өзі латын тілінен аударғанда: «жұрт алдында сөйлеу, жариялау» дегенді білдіреді екен. Бірақ болашағымызбен тікелей байланысты бұл сөздің бұлай аударылатынын қазіргі жастардың көбісі біле бермейді, тіпті менде енді ұға бастағандаймын. Бұрындары, яғни есте жоқ, ескі заманда мамандықтың қазіргідей түр-түрі болмаған, әр адамның өз қолынан қандай жұмыс келеді сол жұмысты істеп, өмір сүрген. Ал қазір ше?

Мамандық таңдау деген — өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Ат ық таңдағанда" деп бекер айтпаса керек. Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге — әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң



Күн ұзағына пенделік қым-қуат тірлікпен арпалысқан адам бір сәт жабырқау тартқан жанына рухани қуат іздейді. Сол сәтте оның жағдайын түсініп, көмек қолын созатын адам  психолог қана. Психологпен әңгімелесу сананы сілкіндіріп, тұнық ойлардың тұма көздерін ашары бүгінгі күні дәлелденген шындық. Тағы бір еске ұстайтын жайт  бала тәрбиесіндегі психолог маманының орыны. 

Осындай адам тағдыры ұстара жүзінде тұрған уақытта әр жүрекке мейірімділік шуағын ұялатып, адамдар арасындағы махаббат пен достықты, адалдық пен шыншылдықты, ақпейілділік пен дархандықты нығайта түсетін жан өте қажет. Сондықтан психолог мамандығы өзінің өміршеңдігін жоймақ емес. 

Әрине, заман ағымына қарай адамның психологияға, жалпы психологтарға деген көзқарасы, қатынасы өзгермес үшін біз осы мамандықты ұстанушылар оның беделін түсірмей, керісінше асқақтата білуіміз қажет. Негізгі кез-келген жұмыстың нәтижелі болуы, ол біздің жұмысқа деген қатынасымызға байланысты деп ойлаймын. 

Әсіресе психолог мамандығын таңдаған адамға жұмысқа ақша табу үшін, не басқа жұмыстың реті болмағасын амал жоқ-психолог болып, қалай болса солай қарым-қатынас жасауға мүлдем болмайды. Себебі балалық шақ бұл маңызды кезең, бұл үлкен өмірге дайындық немесе мектепке дайындық емес бұл баланың қазіргі өмірі, ертеңгі болашағы.

Сөзімді қорытындылай келе, мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез-келгеніне икемділік қажет, ол үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін еңбек. Кімде -кім өзінің мамандығын сүйіп, жүрек қалауымен қызмет етсе, өз басына да, қоғамға да үлкен пайда келтірмек. Мамандығымыз- мақсатымыз, мақтанышымыз және болашағымыз болсын дегім келеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет