Карл Линней



Дата03.05.2023
өлшемі1,09 Mb.
#89328
түріӨмірбаяны
Байланысты:
Презентация (10)

Карл Линней

(1707-1778 )

Карл Линней –организмдерді алғаш рет топтастырып жүйеге келтірген швед ғалымы, жаратылыстанушы.

Қысқаша өмірбаяны:

  • Туған күні, туған жері: 1707 жылы 23 мамырда Швецияның Росхульт қаласында дүниеге келген.
  • Қайтыс болған күні, жері: 1778 жылы 10 қаңтарда 70 жасқа келгенде Швецияның Упсале қаласында дүниеден өтті
  • Тұратын жері: Швеция
  • Ұлты: швед
  • Зерттеу салалары: ботаника, биология, зоология
  • Швед жаратылыс зерттеушісі Карл Линнейді (1707-1778)эволюционистердің маңызды әуелгері деуге болады. Оның«Табиғат жүйесі» еңбегі 1735 жылы жарыққа шығып,К. Линнейді дүниежүзілік даңққа бөледі. Онда өсімдіктер мен жануарлар ағзаларын жіктеудің негізгі қағидалары сипатталды, сондай-ақ оларды жарыса бағынған жүйелік санаттарға: класс, отряд, туыс және түрлерге бөлді. Осы проблемаға арналған тағы бір еңбегі:«Ботаника философиясы» кейінірек жарық көрді.
  • Өсімдіктер мен жануарларды класқа,отрядқа, туысқа, түрге бөлуді бірінші болып ұсынған. Биологияға 1000 – ға жуық терминдерді енгізген. Жүйелеуде өсімдіктер мен жануарларды латын тілінде түрімен туысын білдіретін қос атпен атауды ұсынды. «Табиғат жүйесі"атты еңбегі өте құнды болғандықтан 12 рет басылып шыққан.Ботаника ғылымының президенті.
  • «Жүйелеу атасы» атанған Линней барлық өсімдіктерді гүліндегі аталықтары мен аналығының саны, пішіні, көлемі және құрылысына қарай 24 класқа, ал жануарларды тыныс алу және қанайналым мүшелерінің құрылысына қарай 6 класқа топтастырды. Жануарлар кластарына: сүтқоректілер,құстар, балықтар, бунақденелілер және құрттарды жатқызды.
  • Өсімдіктер мен жануарлар адам үшін пайдалы және зиянды топтарға бөлінді. Өсімдіктер .адамнын пайдалану ерекшелігіне сәйкес бақша және дәрілік өсімдіктер деп топтастырылды. Тірі организмдерді мұндай жүйелеу ғалымдарды қанағаттандырмады.Ғалымдар өсімдіктер мен жануарларды құрылысына, тіршілік әрекетіне байланысты белгілі топтарға бөлуге әрекет жасады. Бұл кезде өсімдіктерді және жануарларды жеке сипаттап жазылған еңбектер көп жарық көрді. Енді осындай өсімдіктер мен жануарларды ғылыми тұрғыда жүйелеу кажет болды. Алғашқы кезде ғалымдар өсімдіктер мен жануарлардың бір немесе бірнеше белгілеріне қарап топтастыра бастады
  • К.Линней 8000-нан астам өсімдікке және 4000-нан астам жануарға сипаттама жазды. Ол тірі организмдерді ұқсас белгілеріне қарап:
  • түрлерді-туысқа,

    туыстарды-отрядқа,

    отрядтарды – класқа топтастырды.

    Ол, осылайша белгілі ретпен жүйелік топтарды сатылы деңгейде белгілеп, әрбір түрді латынның қос сөзімен атауды ұсынды. Мұндағы бірінші сез туыстың, екінші сөз - түрдің атын білдіреді. Мұны ғылымда түрді қос сөзбен атау (бинарлық номенклатура) деп атайды. К.Линней ұсынған түрді қос сөзбен атау казіргі кезде де колданылады. Оның жүйелеуіндегі ең жоғары жүйелік топ-класс, ең кішісі түр тармағы деп аталды. Кейінгі кездегі ғылымның дамуына сәйкес жануарларды жүйелеуде — отряд, тип; өсімдіктерде — қатар, бөлім деген жүйелік топтар косылды. К.Линней өз дәуірінде органикалық дүниені жүйелеудің жетілдірілген жүйесін жасады. Ол сол кездегі ғылымға белгілі өсімдіктер мен жануарларды толық жүйелік топтарға жіктеп шықты.

  • Құстарды отрядка жіктегенде тұмсықтарының пішініне,сүтқоректілерді тістерінің құрылысына қарап топтастырды. Мұндай кездейсоқ белгілеріне қарап жүйелеудің нәтижесінде, К.Линней көптеген кемшіліктерге жол берді.Сондықтан оның жүйесі "жасанды жүйе" болды, осыған сәйкес бір- біріне туыстық қатысы жоқ организмдер бір туысқа жатқызылды.Мысалы, сәбіз бен зығырдың гүлдеріндегі аталықтарының саны бесеу болғандықтан бір туысқа біріктірген. Шын мәнінде бұл екі өсімдік екі түрлі туысқа жатады. Ол тауық пен түйеқұсты бір отрядка топтастырды. Негізінде, тауықтар-қырлы төссүйекті құстар, ал түйеқұстар —қырсыз төс сүйектілер болып, жеке отрядтан да жоғары жүйелік топтарға жатады. К.Линней өз жүйелеуінде осындай кемшіліктеріне қарамастан,биологиядағы ғылыми жүйелеуге көп үлесқосты. Ол адамды сүтқоректілер класына, оның приматтар(маймылдар) отрядына жатқызып, түрін—саналы адам (Homo (Homo sapiens) деп ғылыми дұрыс жүйеледі.
  • Жіберген кемшіліктеріне қарамастан К.Линней органикалық дүниенің дамуына жаңалықтар қосып, еналғашқы жүйеніқұрды. К. Линней өзіне дейінгі ғалымдардың өсімдіктерді қалай жүйелегендеріне талдау жасады.Олардың өсімдік атауларының бас әрпінің ретіне, гүл күлтесінің пішініне, тұқым санына, пайда -зиянына қарай жүйелегенін байқады. Сондықтан ол ғалымдардың бұрынғы жүйесіне ұқсамайтын ерекше жүйе жасады. Туыс пен түрдің қос атауы бүгінгі күнге дейін ғылымда кеңінен қолданылуда.Сондықтан К. Линней өсімдіктер мен жануарларды жүйелеудің алғаш негізін салған ғалым болып саналады.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет