КЕҢес одағының батыры, ҰШҚЫШ, Ғарышкер, жерлесіміз тоқтар



Pdf көрінісі
Дата30.12.2016
өлшемі0,86 Mb.
#791

КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЫ,  ҰШҚЫШ, 

ҒАРЫШКЕР, ЖЕРЛЕСІМІЗ ТОҚТАР 

ӘУБӘКІРОВ ТУРАЛЫ БІР  Ү З І К СЫР 

Әлі есімде, 1989 жылдың наурыз айы болатын. Бір күні облыстық ком-

сомол комитетіне әлде бір редакциялық тапсырма бойынша бара  қалдым. 

— Міне, дұрыс келдің, — деді обком хатшысы Нұрлан Нығматулин, — 

Батыр жерлесіміз осында жүр. Әлгінде ғана бізбен кездесіп, енді бір мек-

теп оқушыларына кетті. Өзі  қазақ, өзі батыр, өзі жерлесіміз. Осындай 

азамат туралы жазбағанда кімді жазасыңдар? Батырмен жолығып  қал 

да, газетке ол туралы жазып жібер. 

Бұл  ұсынысқа бірден келісе кеттім. Осыдан бірер ай бұрын батыр жер-

лесіміз туралы «Қазақ әдебиеті» газетінен суретімен басылған очерк оқы-

ған едім. Енді міне, әскери самолеттерді  ұршықтай үйірген батыр жігіт-

пен жолығудың орайы келіп отыр. Осыдан соң батырдың баратын жерле-

рін анықтап алдым да, өзімен жолығуға тартып кеттім. 

Сол күні түс ауа Тоқтар Нұркен Әбдіров атындағы облыстық аэроклуб-

қ

а келді. Бір кезде өзін  қанаттандырған  ұясы ғой бұл. Сондықтан, батыр 



оған соқпай кетуді жөн көрмепті. 

...Есік алдына сүйріктей  қара «Волга» екпіндетіп келіп тұра  қалды. 

Машинаны танып тұрмын, комсомол хатшысының  қызмет көлігі. Батыр-

ды бұрын-соңды көрмесем де жазбай таныдым. Сұңғақ бойлы, жауырын-

ды,  қапсағай келген көркем жігіт екен. Көзінде нұр  ұялап, есік алдында 

өзін күтіп тұрғандармен жағалай амандасып шықты. Содан кейін өзінің 

ұ

шқан  ұясы болған аэроклубты аралап, бір кезде  ұстазы болған адамдар-



мен жолықты. 

Батыр бұдан кейін де  қаланың бірсыпыра жерінде болып, оқушылар-

мен, студент жастармен, еңбек адамдарымен кездесті.  Қай жерге барса 

да  қыздай биязы  қалпын жоғалтпады. Жайраң  қағып, жайдары жүрді. 

Сол күні кешкісін батырдың мейманханадағы бөлмесінде өзімен бие 

сауым уақыт сұхбат  құрудың сәті түсті. Осындай жайсаң жігіт, абзал аза-

матпен танысқаныма  қуандым. Арада бірер ай өткен соң «Лениншіл жас» 

газетінде ол туралы «Батыр» деп аталатын очеркім жарияланды. Өзім 

ол кезде осы газеттің Орталық  Қазақстандағы меншікті тілшісі болып іс-

тейтінмін. Тоқтар батырмен сол бір кездесу көңілімде  ұмытылмас әдемі 

әсер  қалдырған-ды. 

* * * 


Отыз жыл бойы өз жеріміздегі космодромнан

  Ө З І М І З Д І Ң

 сырт  қалып 

келуіміз бойында  ұлттық  ұяты бар  қазақтың намысына тиетіндей-ақ жағ-

дай емес пе? Осындай бір өзекжарды өкініш менің де кеудемде жүре-

тін. Сондай сәттерде: 

— Апыр-ай, арамыздан бір ғарышкер азаматтың шықпағаны ма? — 

деп талай мәрте күрсіндік, талай мәрте жыларман болдық. Сөйтсек мұ-

ның гәбі бар болып шықты. Жұлдызды  қалашықтағы ғарышкерлер отря-

дына азиялық азаматтарды ала  қоймайды екен. Осыны  қолдан жасап 

отырған әскери-өнеркәсіптік кешеннің  қызыл жолақ шалбарлы генерал-

дары мұны өзімізден жасырып келді ғой. Бір  қазақтың ғарышқа неге  ұш-

пайтынын сұрай  қалсақ  қабақтарынан  қар жауып тұрып: 



— Біз ғарышқа  ұлтына  қарап емес, кәсіби дайындығына, біліміне, ден-

саулығына  қарап аламыз. Осыны неге түсінбейсіздер? — деп осқырына-

тын. Мұның анық сырын кейін білдік  қой. 

Ашығын айту керек,  қазақ азаматының ғарышқа  ұшуы тікелей респуб-

ликамыздың Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасы. Байқоңыр кос-

модромын  құпиялықтың  қара  құлыбымен жауып тастаған әскери-өнер-

кәсіптік кешеннің генералдарына ашық  қарсы шыққан біздің Президент 

республикамыздың егемендігін күн өткен сайын нығайтып келе жатқаны 

көңілге зор  қуаныш  ұялатады. Сондай күндердің бірінде Нұрағаның аузы-

нан: 


— Енді  қазақ азаматы ғарышқа  ұшар күн де  қашық емес.  Қазір ғарыш-

керлер отрядында екі  қазақ жігіті дайындыққа кірісті. Амандық болса, 

жақын күндерде біреуі ғарышқа  қанат  қағады, — деген хабарды естіп, 

қ

уаныштан бөркімізді аспанға аттық. Сол екі азаматтың бірі біздің Тоқ-



тар батыр екен. 

Батыр жерлесіміз Тоқтар Әубәкіров Жұлдызды  қалашықтағы ғарыш-

керлерді дайындау орталығында биылғы жылдың мамыр айынан бастап 

дайындықта болды. 

— Мен бұл дайындықты негізінен ғарыш техникасын үйренуге, зерт-

теуші-ғарышкерлік міндетімді айқындауға арнадым. Ал басты шыр айнал-

дыратын жаттығулар бұрыннан етене таныс  қой, — дейді бүгінде батыр 

жерлесіміз. Солай екені шындық. Сынақшы-ұшқыш болып  қызмет атқар-

ған 14 жылда Тоқтар Әубәкіров көк жүзінде темір тұйғынымен талай мәр-

те өрнек салған, талай мәрте жұлдыздай аққан. 

Әлі есінде,  Қарқаралының  құндыздай  құлпырған көгілдір көктемі 

еді.  Қаңтардың  қарлы  қысы мен ақпанның ақырған аязынан мезі болған 

Жер-ана сәуірдің шуақты күніне бөгіп, бусанып жатыр. Тоқтар онда ауыл 

мектебінің жетінші класында оқитын. Сабақтан шыққан бір топ бала тағы 

да доптың  қызығына түсті. Арасында Тоқтар да жүрген.  Қақпада тұр еді. 

Кенет, заңғар көқте самғап бара жатқан самолетке көзі түсті. Көзі түсті 

де төңірегіндегінің бәрін  ұмытты. Самолеттің соңынан жанары талғанша 

қ

арап,  қашан көгілдір кеңістікте нүктедей болып кеткенше көз айырмады. 



Самолет көре  қалса сөйтетін. Бұл жолы да сол әдетіне басқан, Сөйтіп, 

аузы аңңиып тұрғанда  қақпасына еніп кеткен допты көрмей де  қалыпты. 

— Өй, саған не болған? Аузың аңқиып тұрғаның не? 

—  Қап, әттеген-ай! Тым болмаса  ұстауға да  ұмтылмадың-ау! — деп 

достары күйгелектеп жатыр. 

Ол үшін бала кезінде  қағаздан самолет жасап  ұшыру мен батпырауық 

істеуден асқан  қызықты ойын жоқ болды.  Қаршадай кезінен самолетке 

құ

мартып есті.  Ұшқыш болуды армандады. Бала кезінде  ұшқыш болуды 



екінің бірі армандайтын шығар. Бірақ, есейе келе оны  ұмытады да, әрқай-

сысы әртүрлі жолға түсіп кетеді. Тоқтар өйте алмады. Әпкесімен бірге 

Теміртауға көшіп келген соң  Қарағандыдағы аэроклубқа барып жүріп, 

әуелі парашютпен секіруді үйренді.  Ұзамай оқу-жаттығу самолетін  ұшы-

руды да үйреніп алды. Ақыры, Армавир  қаласындағы әскери  ұшқыштар 

училищесіне тартып отырды. Бұл 1965-ш« жылдың жазы еді, 

Арманына жетті,  ұшңыш мамандығын алып шықты. Содан кейін аттай 

алты жыл Амурскідегі әскери бөлімдердің бірінде  ұшқыш-истребитель 

болып  қызмет атқарды. Осы кезде тағы бір арман пайда болған. Жас жі-

гіттің көңілі сынақшы-ұшқыш мамандығын меңгеруге ауды да тұрды. Баз 

біреулер: 

— Еріккен екен.  Қандай  ұшқыш болса да бәрібір емес пе? Әйтеуір, 

самолет  ұшьзратыны анық  қой! — деп ойлауы мүмкін. Тіпті де олай емес! 

Сынақшы-ұшқыш болуға кез-келген  ұшқыш бас тіге бермейді.  Қатері мол, 

күдіп көп. Бұл дегеніңіз өлімге бас тіккенмен бірдей. Дегенмен,  қызы-

ғы да жоқ емес.  Ұшқыштықты жан-тәнімен  қалаған жандар үшін мұның 

жөні бөлек, Басқа  ұшқыштарға  қарағанда мұнда көп артықшылық бар. 

Біріншіден, сынақшы-ұшқыштар өте батыл, әрі асқан шебер. Мамандық-

тың өзі осылай болуды талап етеді. Екіншіден, сынақшы-ұшқыштар көпте-

ген самолет түрін еркін меңгергендер. Бұған Тоқтардың  қызығатыны да 

осыдан. Әуелде бөлім командованиесі оны босатқысы келмеді. Шебер 

ұ

шқыш, білікті офицер өздеріне де керек еді. Бірақ, Тоқтар алған беті-



нен  қайтпады. Ақыры, командир рапортқа  қолын  қойған. Осылайша жер-

лесіміз сынақшы-ұшқыштар мектебінен бір-ақ шықты. 

Бұл мектепті ойдағыдай тәмамдап шыққан соң Тоқтарды Микоян атын-

дағы тәжірибе-конструкторлық бюроға  қызметке шақырған. Мұндай  құр-

мет екіннің біріне көрсетіле бермейді. Осы аты әлемге әйгілі фирмада 

Қ

арқаралы  қыраны Тоқтар Әубәкіров табаны күректей 14 жыл бойы сы-



нақшы-ұшқыш болды. Осы уақыт ішінде 50-ден астам әскери самолет 

түрін меңгерді. Көк жүзінде талай мәрте аранын ашқан ажалмен бетпе-

бет келді. Адал еңбегімен, батылдығымен жүрген ортасында абыройға 

бөленді. «Бірінші класты сынақшы-ұшқыш» атағы берілді. Ал 1988 жыл-

дың  қараша айында Тоқтар Әубәкіров Кеңес Одағының Батыры деген ең 

жоғары мәртебелі атаққа ие болды. Бейбіт күнде мұндай атақты алу де-

геніңіз аспандағы айды алумен пара-пар болар-ау! Туған жерден жырақ-

та жүріп, өзінің осы атаққа лайық азамат екенін мойындатқан, батырлы-

ғымен талайды тәнті  қылған  Қарқаралы  қыранына  қалай сүйсінбейсің! 

Халқыңның абыройын аспандатар азамат болсаң осындай бол! 

* * * 

1991-ші жыл.  Қазан айының бірінші жұлдызы. Сол күні біз, тұңғыш  қа-



зақ ғарышкерінің стартына келген  қазақстандық журналистер, Ленинск 

қ

аласына ат басын тіредік. Келген бетте ғарышкерлер экипажымен бол-



ған баспасөз-конференциясына  қатысудың сәті түсті. Анталаған журна-

листердің алдында жайраң  қағып, жайдары отырған Тоқтар бауырымыз 

жиналған жұртшылықтың бәрін парасатымен риза  қылды. 

— Апыр-ай, мынау өзі ғарышкерлікке баяғыдан бері дайын тұрған 

жігіт  қой. Неғып күні бүгінге дейін  ұшырмай келген? 

— Өзіне сенімді отыр. Демек, дайындығы тамаша болғаны ғой. 



"Союз ТМ-13" ғарыш кораблінің эки-

паж мүшелері: борт-инженер Тоқтар 

Әубәкіров, корабль командирі, пол-

ковник Александр Волков пен ғарыш-

кер-зерттеуші Франц Фибек (Австрия) 

өздерінің  қосшыларымен бірге (сол жақ 

шетте түрегеп тұрған Тоқтардың  қос-

шысы Талғат Мұсабаев) ғарышқа сапар 

басталар  қарсаңда. 

Суретті түсірген В. Петухов (Қараған-

ды). 

—  Қыз мінезді, ер жүректі жігіт екен де! Сыпайылығы  қандай! Сөзді 



қ

алай тауып сөйлейді. Жарайсың, жігітім! — деген сөздерді естігенде 

осындай азаматқа деген мақтаныштан төбеміз көкке екі елі ғана жетпей 

қ

алған. 



С о л күні түс ауа Ленинск  қаласында тағы бір баспасөз-конференция-

сы болды. Оның соңында  Ж ұ л д ы з д ы  қалашықтағы ғарышкерлерді дайын-

дау орталығының бастығы, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, генерал-

майор П. И. Климук: 

— Араларыңызда  Қарағандыдан келген журналист бар ма? — деп сұ-

рады.  М ұ н ы естіген соң дереу жанына бардым. 

— Блокнотыңызды бере тұрыңызшы, — деді генерал. Сөзге келмес-

тен  қолына  ұстаттым.  С о л  ж е р д е генерал-майор Климук  қойын дәптерім-

нің бір парағына: «Қарқаралылықтарға Тоқтар үшін рахмет!» деп жазып, 

астына  қолын шиырып жіберді.  Д е м е к , батыр бауырымыздың дайынды-

ғына генералдың өте риза болғаны ғой. Жарайсың, Тоқтар! 

Батыр бауырымыздың сәтті старты жайында, оның ғарыш төрінде ат-

қ

арып  қайтқан  ж ұ м ы с ы туралы баспасөз бетінде аз жазылған жоқ.  С о л се-



бепті  м ұ н ы  қайталап жатуды жөн көрмедік. 

Қ

азанның 10-шы жұлдызы. Сол күні жергілікті уақыт бойынша таңер-



теңгі 9 сағат 12 минутта  қазақ халқынан шыққан тұңғыш ғарышкер Тоқтар 

Әубәкіров космос сапарынан  қайтып оралды.  А л д ы н д а  б ұ л туралы радио 

хабарын естігенде  қуаныштан жүрегіміз тайдай тулап: 

— Сүйінші,  қазағым! Сұңқарың туған  ж е р төсіне жайраң  қағып, 



аман-сау  қалпында  қайтып оралды. Бәрі сәтімен аяқталды. Бәрекелді, ба-

тыр! — деп газет бетінде жар салған едік. Сөйтсек,  қону кезінде үлкен 

қ

иындық болыпты. Мұны сол күні кешкісін облыстық телестудия журна-



листері дайындаған репортаждан көрдік. Корабльдің түсу аппараты ме-

желі жерге келгенде парашют ашылмаған. Абырой болғанда сәл кешік-

се де ашылыпты, әйтеуір. Сол күні Арқалық жерінде есер жел екпіндете 

соғып тұрған. Соның әсері ме, әлде түсер кезде есептен жаңылысты ма, 

қ

алай болғанымен түсу аппараты  қонған бетте үш аунап кеткені анық. 



Сөйткен де бүйірімен жантайып, жатып  қалған. Тап осы кезде ғарыштан 

ала  қайтқан жүктің бірі бекітілген орнынан босап кетіп, ғарышкерлердің 

үстіне түсіпті. Ал ғарышкерлер болса,айналуға келмейтін аядай аппарат-

тың ішінде онсыз да үйме-жүйме болып жатыр еді. Тоқтар астына түсіп 

қ

алған. Сегіз күнге созылған салмақсыздықтан соң, 400 шақырым биіктікте 



өткен алыс сапардан соң мынандай жағдайға тап болу айтар ауызға ғана 

оңай. Аппарат люгінен екінші болып шыққан Тоқтарды дәрігерлер екі 

қ

олтығынан сүйемелдеп келе жатқанын көргенде шыбын жанымыз шығып 



кете жаздады. 

— Апыр-ай, батыр мертігіп  қалмады ма? — деп  қамықтық. Әйтеуір, 

аман екен. Артынша Арқалық  қаласының әуе бекетінде өзін  қаумалай 

қ

оршаған  қандастарының ортасында күлімдеп, жайраң  қағып отырған ақ-



жарқын  қалпын көрген соң ғана күпті көңіл орнына түскен. Аман бол, аза-

матым! 


Ғарыштан оралғалы Тоқтарды көрген жоқпын. Сол себепті өз аузы-

нан естудің сәті түскен жоқ, ал білетіндердің айтуына  қарағанда батыр 

бауырымыз ғарыш төрінде Мәди атасының «Қарқаралысын» шырқағанға 

ұқ

сайды. Көз алдыңызға бір сәтке болса да елестетіп көріңізші:  ұшы-



қ

иыры жоқ ғарыш әлемі, төңіректе жыпырлаған жұлдыздар, төменде 

теңбіл доп секілді жұмыр жер, ал ғарыш төсінде жұлдыздай ағып бара 

жатқан «Союз ТМ-13» кораблінің ішінде  қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкі-

ров ән шырқап келеді!  Қазақ әні! Мәдидің «Қарқаралысы!» 

— Атыңнан айналайын,  Қарқаралы! 

Ғажап көрініс емес пе! Мұны таспаға басып алды ма екен? Олай болса 

керемет болар еді-ау!  Қарқаралы жұртшылығы бұл бейне-таспаны ат ба-

сындай алтынға болса да сатып алатын шығар. Ғарышта «Қарқаралы» әні 

енді шырқала ма, шырқалмай ма, кім білсін... 

Тоқтар батыр өзінің алдына  қойылған тапсырманы бұл жолы да мүл-

тіксіз орындап  қайтты. Республикамыздың Ғылым Академиясы соның 

нәтижесінде баға жетпес ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жемісін 

көріп отыр.  Қазақ ғарышкерінің ғарыш сапары үшін арнаулы ғылыми бағ-

дарлама дайындап берген республика ғалымдарының үкілі үміті ақталды. 

Бұл — жеңіс! 

Осылайша  Қарқаралы  қыраны  қазақ халқы үшін де ғарышқа жол ашып 

берді. Біз де ғарышіың өгей баласы емес екенбіз. Солай екенін бір-ақ 

күнде дәлелдеп берген Тоқтар батырға бәріміз өлшеусіз  қарыздармыз 

деп білемін. 

Иә, Тоқтар батыр жолды ашып берді. Ендігі кезек — екінші  қазақ ға-

рышкері Талғат Мұсабаевтікі. Одан кейін Тоқтар мен Талғаттың жолын  қу-

ған  қара домалақтар да шығатыны сөзсіз. Президент Назарбаев  қазақ ба-

лаларына арнап Ленинск  қаласында ғарыш мектебін ашып берді. Жол 

ашылды деген осы! 

Қ

уан,  қазағым! Бір батыр перзентің абыройыңды аспандатып  қайтты. 



Ол батырдың аты — Тоқтар. 

Қ

уан,  Қарқаралым! Өзіңнен  қанаттанған  қыран ғарыш төсіне  қанат  қақ-



ты. Ол  қыранның аты — Тоқтар. 

Сол күннен бері  қазақтың сайын даласында дүниеге келген жүздеген 

ұ

лдарға Тоқтар деген ат берілді. Батырдың аты арудың аузында, батыр-



дың аты жастардың аузында.  Қазақ даласы: 

— Жасасын Тоқтар! — деп  ұрандап тұрғандай. 



Журналдың бұл саны оқырман  қауымның  қолына тигенше 

Тоқтар батыр  Қарқаралыға келіп  қайтар.  Қуаныштан ақ түйе-

нің  қарны жарылған күні жерлестері батырды  құшақ жая  қар-

сы алар. Астына ақбоз ат мінгізер, иығына оқалы шапан жабар. 

Солай болуы заңды ғой. «Сүйер  ұлың болса сен сүй, сүйінуге 

жарар ол!» деген ғой Абай атамыз. 

Төлеубай ЕРМЕКБАЕВ, 

журналист. 

«Қарқаралы» журналы редакциясының 

тапсырмасымен арнайы жазылды. 

Қ

арқаралы. - 1991. - № 4. - 2-7 б. 



Ң А З А Ң  Ғ А Р Ы Ш К Е Р І  Ң А Р Ң А Р А Л Ы Д А 

ТОҢТАР ТУҒАН ЖЕРІНДЕ БОЛЫП, ЖЕРЛЕСТЕРІМЕН ЖҮЗДЕСТІ 

Қ

арағандының әуе бекетіне бүл күні ха-



лық әдеттегіден көп жиналды. Өйткені олар 

қ

азақ халқының түңғыш ғарышкері, Алашт-



тың азаматы,  қасиеіті  Қарқаралының тумасы 

Тоқтар сынды асыл үлын асқақтаған әнмен, 

күмбірлеген күймен  қарсьі алғалы жиналған 

болатын. Дәл сол күні Кеңес Одағының Ба-

тыры,  қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров 

ғарыштан оралған сапарынан кейін өзінің 

туған жеріне, жерлестеріне, кіндік  қаны там-

ған  Қарқаралысына келген-ді. Самолет трапы-

нан  қолын бүлғап түсіп келе жаткән Тоқтар-

дың бейнесін кере сала жинәлған жүртшы-

лық  қол шапаләқтап  қарсы алып жатыр... 

Сол күні батыр Тоқтар бастаған  қүрметті 

меймандар сонау  қасиетті  Қарқаралы жері-

не сапар шекті. Өйткені  қазақ ғарышкері-

нің кіндік  қаны тамған, балалық бал дәурен 

шағы өткен жер — осы аймақтың Мартбек 

Мамыраев атындағы совхозы. Кеш  қарая жет-

кен меймандарды селоның Мәдениет үйі-

нің алдына жиналған халық  қүрт-майын алып, 

шашуын шашып, ән-күймен  қарсы алды. Жо-

лай Ульянов ауданының орталығына жете 

бере осы ауданның турғындары да дәл осы-

лайша  қарсы алып, Тоқтар сынды батырына 

сәйгүлігін мінгізген болатын. 

Мамыраеа совхозының Мәдениет үйінде 

әткен кездес/де ауыл кітапханашысы Р.  Қы-

ныбаеваның сөзі көп көңілінен шықты десек 

те болады. Ол «Ауылың — алъбом» дей 

отырып, осынау іргелі шаруашылықтың өт-

кені мен бүгінін, келешегін Тоқтардың көз 

алдына келтіре отырып,  қызықты етіп 6аян-

дап бергені  қандай әсем,  қандай жүрек те-

бірентерліктей болып шықты. Ол өз сөзінде 

Тоқтардың әкесінің осы өңірде белгілі үста 

болғандығын, оның үстаханасының орны  қай 

жерде екенін тәптіштеп айтып берді. Ауыл-

дық Кеңестің төрағасы  Қайрат Жантөрин 

Қ

асиетті  Қарқаралының, ауылының даңқын 



жер жүзіне шығарған Тоқтар сынды батыр 

жерлесіне  қүрмет ретінде бүрынғы Совет 

көшес/ будан былай Тоқтар атындәғы көше 

болып аталатындығын жария етті. Осы бір 

сәтгі күтіп отырғандай жиналған жүртшылық 

«Тоқтар! «Тоқтар!» деп  қол шапалақтап, орын-

дарынан түрып, осы б/р дүрыс та әділ іске 

өздерінің толықтай  қосылатындықтарын біл-

діріп жатты. Сахна теріне шығарылған екі 

ақ боз атқа  қос ғарышкер Тоқтар мен Тал-

ғатты отырғызып, жүзге жеткен  қарт ана Мэ-

рия әже аналық ақ батасын берді. Тоқтардың 

жүбайы Татьяна Михайловна мен Талғаттың 

жүбайы Виктория Волдемаровна да, олардың 

балалары да сый-сияпатқа кенелді.  Қазақтың 

қ

әсчетті домбырасын мүра түтып, осыны  қа-



дірлеңдер дегендей, домбыра сыйлаудың 

өзі жас өскіндердің келешегіне деген ізгілік 

пен үміттің  қаншалықты дәрежеде көрсеті-

ліп отырғанын аңғартқандай. 

Ауылдың сый-сй япаты көрсетіліп болы-

сымен, Монғолиядан келген 

қ

андастары-



мыздың атынан сөйлеген Төлеуханның сөзі 

де көпшілікті разы етті. «Тоқгар тек жал-

ғыз  қазак халқыньщ ғана мақтаны емес, бүл 

дүниенің төрт бүрышында жүрген бүкіл мү-

сылмандардың мақтанышы мен абыройы», 

деген сәзі мен жоралғы ретінде өздері  қол-

Қ

азақтың түңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров туған топырағына өзінің жанүясы: 



жүбайы және  қос үлымен б/рге келді. 

дан жасаған шапан мен сырмақты сыйғә тэрт-

қ

аны бүкіл ауылдастарының мерейін гағы 



бір есіріп тастады. 

Сол күні батыр Тоқтар кіндіи  қаны тамған 

Мамыраев совхозының орталығына түнеп 

шықты. 


Келесі күнгі сапар Тоқтардың балалық бал 

доурен и^ағы өткен «Восток» совхозына бел-

гіленген болвтын- Совхоз орталығына же-

тер-жетпес жолдэ түрған Жарлы бөлімше-

сі да  қазақ ғарышкеріне сондай ыстық. Өйт-

кені ол осы жерде әліппе ашып, орта бі-

лім алған. Осындағы жерлестерінің арасын-

да Тоқтармен бірге оқыған кешегі парталас 

достары да бар ёолып шықты. Олар көпші-

лік пен бірге Тоқтар досын  қарсы алып, ке-

зінде өздері оқыған мектепті, класты көр-

сетті. 


— Мектепке кірген бойда-ақ: «Мына бү-

рышта темір пеш түратын. Мен мына пар-

тада отырғанмын. Мына жерде Өміртай до-

сым отырушы ед»>, — деп бәрін  қолмен  қой-

ғандай айтып жатыр. Мүның езі дене біті-

мі де, бет-әлпеті мен мінез-қүлқыда тек 

батырға лайық Тоқтардың кезінде білім ал-

ған алтын үясын күні бүгінге дейін үмытпа-

ғанын білдірмей ме?  Қаншама жылдар бойы 

сыртта жүрседағы, парталас достарын, тіпті-

ау өзі отырған партасын дәл керсетіп, бала-

лардың аты-жендерін күнде көріп жүрген-

дей тәптіштеп айтып бергенінің өзі де ер-

лік е^мес пе? 

Совхоздың мәдениет үйіне иық т/ресе жи-

налған  қалың кәпшіліктің  қошаметтеуімен 

совхоз директоры X. 3. Зәкішев «Восток» 

совхозы бүдан былай Тоқтар атындағы сов-

хоз болып аталады деді. Осы бір сәтті көп-

тен күткен жерлестерінің «Дүрыс-ақі Жарай-

сың, Батырым!» дег&н дауыстары зал ішін 

кернеп кетті. Сондай-ақ осындағы орта мек-

теп те Тоқтар есімімен аталатын болды, 

Вүл жерде де  қос ғарышкерге — Тоқтар мен 

Талғатқа, олардың жанцяларына сый-сияпат 

көрсетіліп, тарту-таралғы жасалды. 

...Сол күні түстен кейін  қазақ ғарышкері 

Тоқтарды  Қарқаралы  қаласының түрғында-

ры шашуын шашып, батасын беріп, ән-күй-

мен  қарсы алды.  Қаланың Мәдениет үйінде 

болган кездесуде Тоқтардың 

Қ

арқаралы-



ның  қүрметті азаматы болғаны жария етіл-

ді. Осындағы Энгельс көшесі де бүдан бы-

лай Тоқтар есімімен аталатын болды.  Қос 

ғарышкерге тағы да сый-сияпат жасалынды. 

Қ

азақ ғарышкерінің туған жергё келген са-



парынан хабардер болған кершілес жатқан 

Егіндібүлақ ауданының өкілдері де  қазақ-

тың салт-дәстүрі бойынша шапан жауып, 

ақ баталарын білдірді, 

Кездесу соңынан  қос ғарышкердің олар-

мен бірге еріп жүрген меймандардың  қүр-

метіне «Салтанат» ән-би ансамблі концерт 

қ

ойды. Мүндай концерттер Мамыраев атын-



дағы, Тоқтар атындағы совхоздарда да бол-

ды. 


Ертеңінде Тоқтар бір кездері еңбек жолын 

бастаған Теміртаудағы  қүю-механикалық за-

водында болып, онда еңбек коллективтері-

мен кездесті.  Қарағанды металлургия ком-

бинатының цехтарын тамашалады. Сол са-

парында Тоқтар Теміртау  қаласының  қүрмет-

ті азаматы атанды. 

Кешкісін  Қарағандыдағы кеншілердің Мә-

дениет сәрайында,  Қарағанды  қаласының  қүр-

метті азаматы атанған Тоқтарға алқызыг, лен-

Та тағылып, шапан кигізілді. 

Иә,  қай жерде жүрсе де казакть/ң кең пей-

ілі мен дархандығының рәсімін сезіген Тоқ-

тар мен Талғаттың бүл сапары  қанша деген-

мен 

қ

арағандылықтардың мер&йін өсіріп, 



көңілін марқайтты. Өйткені отыз жыл бойы 

сонау ғарышқа  қазақ азаматының кезегі ти-

мей, кейін ысырыла берген орталықтың әле-

рбақан өктемдігінің күні өтіп, ғарышқа  Қа-

рағандыдан шыққан, 

қ

асиетті 



Қ

арқаралы-

ның тумасы Тоқтардың үшуы — әр кез мақ-

танып, марапаттап айтып жүрерліктей та-

рихи оқиға. Ендеше  қазақ ғарышкері — Тоқ-

тардың алғашқы сапары әрдайым осьілай 

оң болғай. 

Дәулет Таңатұлы. 

Қ

азақтың түңғыш ғарышкері Тоқтар батыр (сол жақтан бірінші) өзіне ерген және 



өзін  қарсы алған адамдармен бірге Тоқтар Әубәкіров атындағы совхоздың орталық кө-

шесін аралап жүр. Ортадағы — осы совхоздың директоры Хакім ЗӘКІШЕВ жолдас. 






Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет