Кеңістіктің материяға қатысты



Дата15.02.2023
өлшемі16,59 Kb.
#68131

4.Материяның негізгі өмір сүру формалары ‑ уақыт және кеңістік. Философияның көңіл аударатын мәселесі, ең алдымен уақыт пен кеңістіктің материяға қатысты, яғни уақытпен кеңістік шындық па, әлде санада ғана өмір сүретін таза абстракты ма деген мәселе. Кеңістікпен уақытматерия қозғалысының сандық айқындығы. Кеңістік деген ұғым материялық объектілердің қатар өмір сүруін және олардың өзара орналасуын білдіреді. Оның өлшемдері: ұзындығы, ені, биіктігі. Бұл өлшем тек заттық формаға ғана тән емес, процестерге де тән.
Уақыт — қозғалыстың формалары мен құрамды бөліктерінің (не элементтердің) бір — бірінен туындап ұласу формасы. Уақыт деген ұғым материялық процестердің бірінен соң бірінің кезектесіп келуін, заттар мен құбылыстардың өмір сүруінің ұзақтығын білдіреді. Уақыт заттың емес, тек процестің сипаты. Уақыттың айнымайтын белгілі бір бағыты болады. Ол өткеннен болашаққа қарай жылжиды және оның қайтып оралмаушылық қасиеті бар. Өткенді өзгертуге болмайды, өткенге қайта оралуға болмайды. Уақыт бір өлшемді. Уақыт пен кеңістіктің материядан ажырағысыз екендігі олардың жалпылығы мен әмбебаптығынан көрінеді, кеңістік бір мезгілде қатар өмір сүретін объектілердің орналасу ретін көрсетеді. Ал уақыт бірінен соң бірі болатын құбылыстардың өмір сүру ретін белгілейді. Материя үнемі қозғалыста болады. Болмыстың ішкі табиғаты- қозғалыс. Сондықтан да бұрынғы материалистер де мұны белгілі бір дәрежеде болжаған. Философияда көп ойшылдар қозғалыссыз материя жоқ деген пікірге ойыстаған. Бірақ қозғалысты әртүрлі түсінген. Қозғалыс табиғаттағы, қоғамдағы барлық өзгерістерді түгел қамтиды. Қозғалыстың ішкі өзіне қарама-қарсы бір сәті — тыныштық. Тыныштық қозғалыстан бөлек, оған бөгде нәрсе емес. Тыныштық — қозғалыстың белгілі өткінші алпы. Дәлірек айтсақ, тыныштық — қозғалыстың біршама, бір сәткі тұрақтылығы
3 Яғни, кез ‑ келген материалдық процесс бір бағытта‑өткеннен болашаққа қарай дамиды. Материяның қозғалыс формалары материя объектілерінің нақтылы заңдылықпен өзгеру ерекшеліктері. Материяның қозғалыс формалары материяның ішкі құрылымы мен оның даму дәрежесіне сәйкес қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғары сатыға, негізделген туындыға айналуы қозғалыс тұрақтылығымен айқындалады. Оның басты принциптері: 1.Материяның қозғалыс формаларының әрқайсысына тән материялдық негіз болады. 2.Материяның қозғалыс формалары сапа жағынан әрқилы, демек, өзара барабар емес. 3.Материяның қозғалыс формаларының бір ‑ біріне айналуынан өзіне тән заңдылықтары бар. 4.Материяның қозғалыс формаларының классификациясы ғылым салаларын анықтауға болады.
Материяның қозғалыс формаларының ішіндегі ең қарапайымы механикалық қозғалыс болғандықтан, ол қозғалыс формаларының барлығына ортақ қасиет дейді. Материяның қозғалыс формаларының өзгеше түрі‑оның әлеуметтік формасы. Материяның құрылымын терең зерттеулердің нәтижесінде бүгінде, бізді қоршаған объективті әлемнің жаңа түрлері зерттеліп, материяның қозғалыс формаларының ерекше қырлары ашылып отыр. Материяның сарқымастығы жөніндегі қағида материяның қозғалыс формаларының да алуан түрлілігіне негіз болады.
Cонымен, материяның қозғалыс формаларының зерттеудегі ғылымның алдыңдағы тұрған мәселе ‑ материалдық объектілер арасындағы байланыстарды айқындау және оларға тән ерекшеліктерді анықтау болып табылады.
2 Материя дегеніміз — адамға оның өзінің түйсігі арқылы көшірмесі, суреті, сәулесі түсетін объективтік реалдылықты белгілеу үшін қолданылатын философиялық категория. Әр дәуірдің материяны қалай түсінетіндігі ғылымның , танымның ғана нәтижесі емес. Материя туралы адамдардың ойлары өз заманындағы өздерінің дүниеге қатынасының, жалпы мәдениеттің көрінісі. Адамдардың материалдық дүниені қаншалықты дәрежеде игерді, сол игерген мазмұнда, күштерден қаншалықты дәрежеде өзінің әлеуметтік дүниесін жасады — міне, материя туралы ең алдымен қоғамдық санада туатын көзқарастар осы жағдайларға байланысты. Адамзат бүгінгі күнге дейінгі тарихында іс жүзінде материяны зат түрінде біледі. Ол заттың әртүрлі қасиеттерін меңгерді, заттан көптеген құралдар жасады, яғни ол заттар дүниесінде тіршілік етеді. Өзі де сол заттар дүниесінің, жанды тіршіліктің бірі. Адамдар табиғатта бар заттардан басқа, онда тіпті болмаған және адамсыз болуы мүмкін емес заттар жасайды. Адамдар өздерін белгілейтін заттармен өзін қоршаған.
Материя ‑ адамның санасынан тыс, тәуелсіз өмір сүретін және санада бейнеленетін объективтік шындық. Материя әлемде нақты өмір сүретін шексіз көп объектілер мен системаларды қамтиды, қозғалыстың алуан түрлі қасиеттері мен формаларының субстанциялық негізі болып табылыды. Материя сансыз көп формаларда, түрліше объектілер мен системаларда өмір сүреді. Материя жаралмайды, уақыт жағынан мәңгі, кеңістікте. Өзінің құрылымы мен көрінісі де шексіз, мәңгі қозғалыста болатын, өз бетінше дамуға қабылетті. Материя белгілі бір кезенде, қолайлы жағдайлар туған кезде тіршіліктің және ойлайтың жанның пайда болуына әкелді. Сана бейнеленудің ең жоғарғы формасы. Әлемнің материалдық бірлігі субстанциялығымен, жалпылығымен және абсолюттілігімен сипатталады. Материяның белгілі бір түрі немесе күйі, оның қасиеті немесе қозғалыс формасы, тарихи дамуының жемісі болмайтын әлемде ештеңе жоқ. Әлемнің материалдық бірлігін мойындай философияның негізгі принципі болып табылады. Материяның объективтік шындық ретіндегі философиялық ұғымы материяның құрылысы мен қозғалыс заңдары туралы жаратылыстану ғылымдары теорияларымен нақтылана түседі; олар обективтік шындықты аша түседі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет