Кейкі батырдың 100 жылдығына орай «Ұлы Даланың – Ұлы батыры» атты қалалық ақындар (арнау өлең) мүшайрасы байқауы Ережесі



Дата15.02.2023
өлшемі18,97 Kb.
#68278

Кейкі батырдың 100 жылдығына орай
«Ұлы Даланың – Ұлы батыры»
атты қалалық ақындар (арнау өлең) мүшайрасы байқауы


Ережесі



  1. Жалпы ережелер

1. Қала және ауыл мектептерінің оқушылары арасында Кейкі батырдың 100 жылдығына орай «Ұлы Даланың – Ұлы батыры» атты арнау өлең қалалық ақындар мүшайрасы байқауының (бұдан әрі – Байқау) ережелері оның мақсатын, міндеттерін және тәртібін анықтайды.


2. Мақсаты:
Елі мен жері үшін жанын пида еткен батырды кейінгі ұрпақтың санасына сіңіріп, талантты жандардың ақындық қабілетін шыңдап, өз шығармашылығын көрсетуге мүмкіндік беру.


3. Міндеттері:
a) Кейкі батырдың өмірін білім алушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу ;
в) оқушылардың ақындық қабілетін шыңдау;
c) әдебиетті білуге тәрбиелеу;


4. Бұл байқауды Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласының білім бөлімі» ММ және «Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы КМҚК өткізеді.


  1. Байқауды өткізу мерзімі мен тәртібі

Байқауға қатысу туралы өтініш пен жұмыстар электронды түрде 2023 жылдың 16 ақпанға дейін «Жас қалам» үйірмесінің жетекшісінің kaiserova@mail.ru электронды поштасына қабылданады.
(қосымша)
Байқау 2 кезеңнен тұрады:

  • 1-кезеңде оқушылардың жұмысы онлайн қабылданып, 16 ақпан күні арнайы комиссия алдына ұсынылады. Комиссия мүшелері өлеңдерді плагиатқа тексереді. Үздік жұмыстар 2 кезеңге жолдама алады.

  • 2-кезең. Бұл кезеңде оқушылар оффлайн форматта өз шығармашылығын комиссия мүшелері алдында қорғайды. Жас ерекшелігі бойынша орындар қорытындыланып, жетекші мен оқушылар марапатталады.

Байқауға әр мектептен берілген жас аралығында оқушы қатыса алады:



  • 9-13 жас (2 шумақтан кем болмауы тиіс)

  • 14-17 жас (4 шумақтан кем болмауы тиіс)

2 кезеңнің өтетін орны: «Жас Ұлан» БЖО, 20 ақпан, сағат 15.00

  1. Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар

- Байқауға қала және ауыл мектептерінің білім алушылары қатысады.
- Өлеңдер көлемі жас ерекшелігіне сай болуы тиіс;
- Өлең жолдары 14-өлшемді (Microsoft Word – Times New Roman) әріптерімен терілуі қажет;
- Жұмыс көшірме болмауы тиіс (өз шығармашылығы).


Ескерту!!! Тақырыптан тыс жұмыс қабылданбайды.

Ақындар мүшайрасы бойынша анықтама телефоны : +7 707 220 20 42



Жауапты:
«Жас-Ұлан» БЖО
«Жас қалам» үйірме жетекшісі: Қайсерова Гауһар Гайдарқызы

Қосымша-1.



Қатысушының аты-жөні

Мектебі

Сыныбы

Жетекшісінің аты-жөні

Шығарма атауы

1
















2

















Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет